Екібастұз қаласында Халықаралық студенттер күніне орай қалалық колледждер мен инженерлік-техникалық институттың 2 мыңға жуық жасын біріктірген «STUDENT FEST» жастар фестивалі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
«Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеуге бағытталған шара жергілікті студенттердің басын қосып, жастардың қоғамдық белсенділігін арттыруға негіз болды.
Ауқымды басқосу барысында талантты жастарды қолдау мен студенттік бірлікті нығайту мәселелеріне баса назар аударылды.
Спорттық сайыстар мен үздіктерді марапаттау
Мерекелік іс-шара аясында қаладағы жастар саясатының дамуына үлес қосып, қоғамдық бастамалардың басы-қасында жүрген белсенді студенттер марапатталды.
Сондай-ақ қатысушылар үшін бірнеше бағытта арнайы сайыстар ұйымдастырылды. Жастар мобилография, би өнері және армрестлинг бойынша өзара бақ сынап, шеберліктерін ортаға салды. Әр сайыстың қорытындысы бойынша озық шыққан жеңімпаздар мен жүлдегерлерге естелік сыйлықтар табысталды.

Фестиваль бағдарламасы жастарға арналған мерекелік би кешімен түйінделіп, студенттерге өзара еркін пікір алмасып, тәжірибе бөлісуге мүмкіндік берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







