Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әуе рейсінде шу шығарып, бес тәулікке қамалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астана қалалық әкімшілік сотының мәліметіне сүйенсек, оқиға ұшақ бортында болған. Қабатов алкогольдік ішімдік ішіп, экипаж мүшелеріне дөрекі сөздер айтқан.
Сотта белгілі әзілкеш болған жайтты толық есіне түсіре алмағанын, бірақ қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін өкінетінін жеткізіп, кешірім сұраған.
Істі қарау барысында аға стюардесса Қабатовтың мас күйінде әдепсіз сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алғанын растап берді. Оның кінәсі медициналық сараптамамен, куәгерлердің сөзімен және бейнежазбамен дәлелденген.
Сот шешімімен Қабатов ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Қаулы әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Осыған дейін орыстілді ақпарат құралдарында Қайрат Нұртастың қамауға алынуы қызу талқыға түскен болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

