Шымкентте өзін экономикалық тергеп-тексеру қызметінің қызметкері ретінде таныстырған алаяқ ұсталды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз әрекетке тосқауыл қойды. Тергеу мәліметінше, 2025 жылғы қыркүйекте күдікті өзін Департамент қызметкерімін деп таныстырып, жергілікті компания басшысынан 25 млн теңге алған.
Ақша медициналық мекемені тексерілуі тиіс субъектілер тізімінен алып тастауға көмектесемін деген желеумен алынған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға шақырды. Ведомство күмәнді ұсыныстарға сенбей, ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеру қажет екенін ескертеді.
Осындай дерекке тап болған азаматтар 1458 нөмірі арқылы АФМ колл-орталығына немесе Telegram желісіндегі «АФМ Insider» ботына хабарласа алады.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа жылдан бастап салық төлеу айтарлықтай жеңілдеді. Бұдан былай бизнес өкілдері салық қарызын кепілсіз-ақ кейінге қалдырып немесе бөліп төлей алатынын білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







