Жазғы демалыс маусымы қарсаңында қазақстандықтар жиі саяхаттай бастайды. Бірі демалыс орындарына асықса, енді бірі туған-туысына барады. Осыған байланысты «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаз мезгілінде қосымша пойыздарды іске қоспақ.
Бұл туралы ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Ertenmedia.kz хабарлайды.
Компанияның мәліметінше, биыл жазғы маусымда 13 бағыт бойынша қосымша пойыз жүре бастайды.
Аталған пойыздардың 9-ы Қазақстанның әртүрлі қалаларынан Алакөлге қатынайды:
- №254/253 Астана – Достық;
- №207/208 Алматы-2 – Достық;
- №221/222 Алматы-2 – Достық;
- №211/212 Алматы-2 – Достық;
- №457/458 Семей – Достық;
- №459/460 Өскемен – Достық;
- Алматы – Достық (№21/6942/6941/22 пойыздар құрамында);
- Қызылорда – Достық (№21/6942/6941/22 пойыздар құрамында);
- Павлодар – Достық (№31/6942/6941/32 пойыздар құрамында).
Сондай-ақ ел ішіндегі сұранысы жоғары бағыттарға тағы 4 пойыз қосылады:
- №201/202 Астана – Алматы;
- №203/204 Астана – Шымкент;
- №219/220 Қарағанды – Балқаш;
- №205/206 Астана – Ақтөбе.
Ұлттық тасымалдаушы жаз айларында теміржол билеттерінің бағасы өзгеріссіз қалатынын еске салды. Жолаушылар бұрынғы бекітілген тарифтер бойынша жол жүреді.
Тариф демекші, сәуірден кейін коммуналдық қызмет бағасы қалай өзгереді? Осы мәселеге бұған дейін егжей-тегжейлі тоқталған болатынбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

