Шетелге саяхат алдын ала ойластырсаң ғана алаңсыз өтетін шаруа. Әсіресе виза, сақтандыру, жүк дайындау сияқты ұсақ-түйекті үйден шықпай шешкен абзал. ForteTravel мамандары сапарыңызға сән кіргізіп, көңіліңізді орнықты ететін бірнеше кеңес дайындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Иә, әр елдің визасы әрқилы. АҚШ, Ұлыбритания, Шенгенге бармақ болсаңыз, «ертең ала саламын» деп арқаны кеңге салуға болмайды. Мәселен, жаздың қызған кезінде кезегіңіз бірнеше айға созылып кетуі мүмкін. Сол себепті ресми ақпаратты елшіліктен ғана алып, құжаттарды кемінде бір ай бұрын әзірлеп қойыңыз. Анкета, билет, қонақүй броні, банк анықтамасы мен сақтандыру – негізгі тізім осы.
Айтпақшы, билет іздеп бас қатырмайсыз: ForteTravel сервисінде ұшақ немесе пойыз билетін екі-үш шертіп алуға болады. Карта нөмірін қайта-қайта жазып жатпайсыз, әр билетке қосымша 5% бонус та түседі.
Сақтандыру формализм емес
Сақтандыру дегенді бір қағаздың көлемімен өлшей салатындар көп. Бірақ АҚШ-та немесе Еуропада абайсызда ауруханаға түсіп қалсаңыз, қалтаңызға әжептәуір салмақ түседі.
Бір тәулік емделу АҚШ-та 3 мың доллардан, тауда қиындыққа тап болып, тікұшақпен эвакуациялансаңыз кемі 10 мың доллардан басталады.
Апталық сақтандыру бағасы бұлардың қасында тиын-тебен ғана. ForteTravel арқылы кеңейтілген сақтандыру полисін алып, уайымсыз жүргенге не жетсін?
Валютаны Forte FX арқылы ыңғайлы айырбастау
Сапарда ақша мәселесін әуежайға немесе қаладағы айырбастау пунктіне қалдырмаған дұрыс. Forte FX арқылы доллар, еуро, юань және басқа валюталарды ForteApp ішінде онлайн айырбастайсыз: теңгеңізді қажетті валютаға немесе валютаны қайтадан теңгеге бірнеше қадаммен конвертациялауға болады.
Курс қосымшада бірден көрінеді, сондықтан айырбастау сомасын алдын ала есептеп, шешімді асықпай қабылдайсыз. Бөлімшеге барудың, кезекте тұрудың немесе жұмыс күнін күтудің қажеті жоқ — қызмет күн сайын, демалыс және мереке күндері де қолжетімді.
Валюта картаңызда дайын тұрса, қонақүй, такси, билет, дүкендегі төлем сияқты шығындарды бірден картамен жауып, қолма-қол ақшаға тәуелді болмайсыз.
Роумингтің жаңа заманы
Forte eSIM Roaming қалтаңызда жүрген цифрлық сим-карта. Телефоныңыз ұшақтан түсе сала, барған жеріңіздің интернетіне автоматты қосылады. 200 елдің интернетін қолжетімді бағамен пайдаланып, өз операторыңыздың қымбат роумингімен әуре болмайсыз.
Жүк жинаудың өз тәртібі бар
Әуе компанияларының талабы әрқалай. Кейбір лоукостерлер артық сантиметр мен килограмм үшін әжептәуір ақша сұрауы мүмкін.
Сондықтан чемоданды үйде мұқият өлшеп алған абзал. Қажет болса, ForteTravel арқылы қосымша жүк орнын алдын ала брондаңыз.
Құжат, дәрі-дәрмек, құнды заттарыңызды міндетті түрде қол жүгіне салыңыз. Сұйықтықты да шағын құтыға құйып алыңыз.
Сапар алдындағы соңғы тізім
Ұшуға екі күн қалғанда төлқұжатыңыз бен визаны бір тексеріп алыңыз. Сақтандыру мен қонақүйдің броні, билетіңіз де телефонда тұрсын. ForteApp-та eSIM қосулы ма, валютаңыз дайын ба көз жеткізіңіз. Құжаттарыңыздың көшірмесін бұлтқа сақтап қойсаңыз тіптен жақсы.
Демалыс деген өзіңізге бөлінген уақыт. ForteTravel сол уақыттың қадірін білетіндерге арналған.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «ForteBank» АҚ-ға 03.02.2020 ж. берген №1.2.29/197/36 лицензия.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






