Қазақстан ана мен бала денсаулығы бойынша соңғы жылдары айқын нәтиже көрсетіп келеді. Ана мен баланың өмірін қорғуда алғашқы медициналық көмек пен күрделі операция бағытында жаңа жүйе өз нәтижесін берді десек болады. Осылайша елімізде бала денсаулығы мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазақстан бала денсаулығы саласын дамытуда ауыз толытыр пайтатын жетісіктер жетерлік. Тәуелсіздік жылдарымен салыстырғанда ана өлімі 6 есеге, нәресте өлімі 7, 5 есеге төмендеген. Ал аналардың өмір сүру ұзақтығы 75, 97 жасқа жетті. Мұндай жоғары нәтижеге бірден жеткен жоқпыз. Мұның астарында қажырлы еңбек жатыр.
Ел көлеміндегі перзентханаларға көсретілген көмек, жүкті әйелді бақылау, нәрестеге жасалатын күтім, дәрігердің білімі, ауылдағы фельдшердің уақытында әрекет етуі бәрі-бәрі осындай жоғары нәтижегі жетуімізге септескені анық. Денсаулық сақтау саласында бір көрсеткіш жақсарса, оған ондаған буынның еңбегі әсер етеді.
Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, кейінгі бес жылда ана өлімі 35 пайызға азайған. Бұл жерде басты мәселе әйелді босанатын күні ғана емес, жүктілік басталған сәттен бастап жүйелі бақылаудың нәтижесі деп білеміз. Скрининг уақытында жасалынып, қауіп тобы ерте анықталуы маңызды. Шалғай ауылдағы жүкті әйел де маманға дер кезінде көрініп, бақылауы айнымас қағыидаға айналды.
2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қазір бұл бағыттағы жұмыстарға ерекше серпін беріп отырғанын айта кетуіміз керек. Тұжырымдаманың басты құндылығы бала мәселесін бір ғана министрлікке байлап қойып оытрған жоқ. Осы құжат аясында қауіпсіздік, білім, денсаулық, отбасы және әлеуметтік қорғау саласын бір жүйеге жиналып әрекет етуде.
Құжат 158 іс-шараны қамтып, төрт негізгі бағыт бойында жүйелі жұмыстардыжүзеге асыруда. Бала ауырса, мәселе тек дәрігерде емес. Оның тамағы, отбасының жағдайы, мектептегі орта, интернеттегі қауіп, психологиялық ахуал, әлеуметтік қолдау бәрі денсаулыққа әсер етеді. Сондықтан осы тұжырымдаманың арқасында балаға бір терезеден қарауға мүмкіндік береді.
Елде соңғы жылдары 366 педиатриялық бөлімше ашылғаны белгілі. Олардың міндеті баланың денсаулығын туғаннан бастап жүйелі қадағалау, дамуында кідіріс бар-жоғын ерте бастан анықтап, ата-анаға бағыт беру. Бұрын кей отбасы баласы сөйлемей, жүрісі кешігіп жатқан сәтте маман іздейтін-ді. Қазіргі жүйе баланы бойындағы ақауды ерте бастан анықтап, оның алдын алуды көздейді.
Ерте араласу орталықтары
Осы ретте еліміздегі ерте араласу орталықтарының жұмысы маңызды болып тұр. – бала денсаулығындағы ең адамға жақын бағыттың бірі. Мұндай ортаықтарда тек педиатр емес, логопед, психолог, реабилитолог, патронаж медбике, басқа да мамандар бірлесіп, баланың дамуын бақылайды. Балада сөйлеу, қозғалыс, мінез-құлық, әлеуметтік бейімделу жағынан белгі байқалса, отбасы жалғыз қалмауы керек. Сондықтан ерте араласу орталықтарының жұмысын күшетудің маңызы зор.
Қазіргі таңда үй жағдайындағы балалар өлімі 22 пайызға төмендеген. Пренаталдық скринингпен қамту 8 пайызға артып отыр. Ұрықтағы ақауларды анықтау 13 пайызға көбейген. Туа біткен ақаулардан болатын нәресте өлімі 15 пайызға төмендеп, алғашқы мүгедектік 7, 5 пайызға азайған. Осындай көрсеткіштер қарапайым тілмен айтқанда, балаға қауіп ертерек байқалып, дәрігерге кеш жету азая бастады дегенді білдіреді.
Сол сияқты балаларға арналған стационарлық көмекте де үлкен өзгеріс орын алып жатыр. Балалар стационарларындағы төсек қоры 38 пайызға көбейгені, неонаталдық хирургияда 20 пайызға артқаны айтылуда.
Туа біткен ақауы бар балалардың өмір сүру көрсеткіші 86 пайызға жетті. Жыл сайын ашық жүрекке шамамен 2000 операция жасалынуда. Бұрын көптеген күрделі жағдай шетелге жіберілетін. Қазір 19 инновациялық технология енгізіліп, балаларды шетелге емге жіберу екі есе қысқарғанын айрықша мақтанышпен айтуға болады. Бұдан отандық медицинаның қолы ұзара түскенін байқаймыз.
Бала денсаулығындағы теңсіздікті жою
Бүгінде Қазақстан үшін ең күрделі сұрақтың бірі қала мен ауыл арасындағы айырма. Қалада маман жақын, аппарат көп, жол қысқа. Ауылда бір дәрігер бірнеше елді мекенге қызмет көрсетеді.
Сондықтан алғашқы медициналық көмекті күшейту, патронаж қызметін дұрыс жолға қою, телемедицинаны пайдалану, мобильді бригадаларды көбейту маңызды. Ерте араласу орталығы тек облыс орталығында қалып қоймай, алдағы уақытта шалғайдағы балаларға да жетуі керек. Сол кезде ғана теңсіздік азаяды.
Бала денсаулығын қорғаудағы басты қағида қандай болуы керек? Біздіңше, басты қағида баланы ауырған кезде ғана іздемеуіміз керек. Баланың денсаулығы ана құрсағынан басталады, үйдегі күтіммен жалғасады, балабақшада, мектепте, интернетте, аулада қалыптасады.
Дәрігердің міндеті емдеу ғана емес, ерте байқау. Мемлекет балаға қажетті сапалы медициналық қызмет құруға күш салуда. Қазақстан соңғы жылдары осы түсінікті қоғамға сіңіруге күш салып жатқаны қуантады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







