Қазақстанда 29 сәуір күні ауа райы құбылмалы болады. Солтүстікте және батыста түнде күн күрт салқындап, жер бетінде үсік жүруі ықтимал, ал оңтүстік өңірлерде керісінше аптап ыстық күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Қазгидромет» мәліметінше, елдің оңтүстігі мен батысында күн күркіреп, қатты жел соғады.
Астанада ауа райы бұлтты болғанымен, жауын-шашынсыз. Түнде ауа температурасы +2… +4°C шамасында, ал жер бетінде үсік жүреді. Күндіз +21… +23°C жылы болады.
Алматыда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Түнде +10… +12°C, күндіз +24… +26°C жылы.
Шымкентте күн ыстық әрі құрғақ, түнде +12… +14°C, күндіз ауа температурасы +30°C дейін көтеріледі.
Ақтауда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде +7… +9°C, күндіз +14… +16°C жылы.
Ақтөбеде күн райы жауын-шашынсыз, түнде +1… +3°C, күндіз +16… +18°C шамасында.
Атырауда ауа райы ашық, түнде +5… +7°C, күндіз +18… +20°C аралығында.
Күн бұлтты
Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашын болмайды. Түнде +9… +11°C, күндіз +24… +26°C жылы.
Қарағандыда жауын-шашынсыз, түнде +4… +6°C, күндіз +21… +23°C жылы.
Көкшетауда түнде ауа температурасы +6… +8°C, күндіз +21… +23°C шамасында жылы болады.
Қонаев қаласында жауын-шашын күтілмейді, түнде +10… +12°C, күндіз +25… +27°C жылы.
Қостанайда жауын-шашын болмайды, түнде +6… +8°C, күндіз +17… +19°C аралығында жылы болады.
Қызылордада күн ыстық, жауын-шашынсыз. Түнде +14… +16°C, күндіз ауа температурасы +30… +32°C дейін көтеріледі.
Павлодарда күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде +3… +5°C, күндіз +22… +24°C жылы.
Петропавлда ауа райы жауын-шашынсыз, түнде +6… +8°C, күндіз +20… +22°C аралығында.
Семейде күн ашық, жауын-шашынсыз. Түнде +3… +5°C, күндіз +24… +26°C аралығында.
Талдықорғанда жауын-шашын күтілмейді, түнде +5… +7°C, күндіз +26… +28°C жылы болады.
Таразда ауа райы ашық, түнде +10… +12°C, күндіз +26… +28°C жылы.
Түркістанда күн ыстық әрі құрғақ, түнде +13… +15°C, күндіз +30… +32°C дейін ыстық болады.
Орал қаласында күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде 0… +2°C, күндіз +13… +15°C аралығында.
Өскеменде ауа райы ашық, жауын-шашынсыз, түнде 0… +2°C, күндіз +24… +26°C жылы болады.
Қазақстанда депозит қарапайым жинақ құралы ғана емес, инфляциямен арпалысатын қорғаныс қалқаны. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде қалдырған шақта банктер салымшы үшін күресті күшейтуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







