Антикор іздеуде жүрген адамды ұстауға көмектесетін ақпарат бергені үшін сыйақы берілетінін мәлімдеді, – деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ҚР ҚК-нің 366-бабы 4-бөлігімен көзделген қылмыс жасағаны үшін, халықаралық іздеуде жүрген ҚР азаматы Дауренбек Аманкулович Кожабаевты іздестіруде.
«Іздеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде агенттікке мына телефондар арқылы: 1424 – Call-орталыққа, 8 (7172) 90-92-60 (Кезекші бөлім), 8-701-972-06-05, 8-775-934-63-33, хабарлау қажет. Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі», — деп жазылған хабарламада.