Жетісу облысының Кербұлақ ауданында ұзындығы 105 шақырымды болатын ирригациялық арналарды қайта жаңғырту жоспарланып отыр. Бұл өз кезегінде жаңадан 7 мың гектар суармалы жерді ауыл шаруашылығы айналымына енгізуге және картоп өсіру ісін қайта жандандыруға мүмкіндік береді. Бұл туралы аудан халқымен кездесу барысында белгілі болды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. – Ұзақ уақыттан бері қараусыз қалған суару жүйелерін жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аталған жобаны 2026-2028 жылдар аралығында үш кезеңмен іске асыру жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде 105 шақырым болатын суару арнасы қайта жаңғыртылып, Қоғалы, Алтынемел, Шұбар, Жайнақ батыр, Шанханай және Басши ауылдық округтерінде 7 мың гектар жаңа суармалы жер айналымға…
Автор: editor
Орталық Азия 4 млн шаршы шақырымға жайылған, тарихы мен мәдениеті біте қайнасқан, бірақ саясаты мен экономикасы дербес бес мемлекет жиынтығы. Солтүстікте – Қазақстан, оңтүстікте – Өзбекстан, Каспийдің төменгі бөлігінде – Түркіменстан, шығыста – Қырғызстан мен Тәжікстан. Бесеуі де мұхиттан шалғай, яғни, транзитке тәуелді. Ұлы Жібек жолы әлдеқашан үзіліп, тәуелсіздік дәуірінде аймақ тиімді интеграция жолын іздеді. Бүгін негізгі күн тәртібі – экономиканы әртараптандыру, Ауғанстандағы тұрақсыздық, су бөлісі және климат тәуекелдері. Осы тақырыптарды Назарбаев университетінің профессоры, Орталық Азия геосаясатын зерттеуші Жәнібек Арынов «Жаһан жайы» бағдарламасының жүргізушісі Индира Тұрсынбайға түсіндіріп берген еді. Енді сол сұхбаттың жазба нұсқасын Ertenmedia.kz ақпараттық сайты назарларыңызға ұсынады. Сұхбатта…
Президент телерадиокешенінің басшысы Orda.kz порталының үстінен сотқа шағым түсірмек, деп хабарлайды Ertenmedia. Президенттің телерадиокешенін басқаратын Раушан Қажыбаева Orda.kz басылымын сотқа беруге дайындалып жатқанын мәлімдеді. Оған порталдың таратып жіберген жалған ақпараты себеп болған. «Orda.kz басылымының үстінен сотқа арыз дайындап жатырмыз. Олар жалған әрі негізсіз ақпарат таратты», – деді Раушан Кажыбаева КазТАГ агенттігіне берген сұхбатында. Еске салсақ, бұған дейін Orda.kz порталы ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің, кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің және ҰҚК-нің бірнеше жоғары лауазымды қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат жариялаған болатын. Кейін бұл мәліметті Сыртқы істер министрлігі ресми түрде жоққа шығарды. Сондай-ақ, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да министр Мұрат Нұртілеудің…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы қарсаңында Премьер-Министрдің және Үкімет мүшелерінің қатысуымен «AMANAT» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысы өтті деп хабарлайды Ertenmedia. Депутаттар Президенттің Жолдаулары мен «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы ақпаратты тыңдады. Іс-шараны ашқан Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов әр Жолдау – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтынын және азаматтардың ең өзекті сұрақтарына жүйелі жауап беретінін атап өтті. «Мемлекет басшысының Жолдаулары, Президенттің Сайлауалды бағдарламасы – маңызды құжаттар. Ал олардың сапалы орындалуы – қоғамның билікке деген сенімінің кепілі. Адамдар нақты өзгерістерді дәл қазір көргісі келеді. Сол себепті біздің, яғни…
Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығы: Қытай аудиториясына қандай жаңалықтар ұсынылады Бейжіңде Қазақстан Республикасының алғашқы мәдени орталығы ашылды. Бұл – әзірге шетелдегі жалғыз қазақстандық орталық. Салтанатты рәсімге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Или, екі елдің дипломаттары мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Орталықтың ашылуы – ұзақмерзімді дипломатиялық келіссөздің және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтың нәтижесі. 2022 жылы ҚХР Төрағасының Астанаға мемлекеттік сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин Қытай мен Қазақстанда тең негізде мәдени орталықтар құру жөнінде келісімге келген болатын. Жобаның жүзеге асуы екі ел арасындағы мәдени алмасудың маңызды кезеңіне…
Жаңа оқу жылында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Семей қаласындағы Водный кентінде 600 орындық мектеп ашылды. Электр қуатының тапшылығына байланысты құрылысы ұзаққа созылып кеткен нысанның құрылысы облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасынан кейін қарқынды жүргізіліп, қысқа мерзімде халық игілігіне берілді. Жаңа білім ордасы электр және байланыс желілері, су құбыры, кәріз жүйесі, жылумен жабдықтауға арналған жеке қазандықпен қамтамасыз етілген. Электр қуатының тапшылығы мәселесін жою үшін облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. 10000 кВ қуаттылығы бар үш фазалы 2 жаңа трансформатор қойылып, қосымша 10 кВ кернеулі 5 шақырым кабель төселді. Нәтижесінде Водный кентіндегі мектеппен бірге Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектеп те электр қуатымен…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының негізгі векторын айқындап берді. Ол – қуатты өнеркәсіп әлеуетіне негізделген мықты да әртараптандырылған экономика құру. Мемлекет басшысы шикізат моделінен қосылған құны жоғары тауарларды өндіруге көшу міндетін қойды, бұл жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға және жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға жүйелі түрде инвестиция тартуды талап етеді. Осыған байланысты Үкімет индустриялық егемендікті нығайтуға және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруда. Мемлекет басшысының Жолдауында және өзге де тапсырмаларында қойылған міндеттерді жүзеге асыру барысы туралы толығырақ Primeminister.kz сайтындағы шолудан оқыңыз. Өнеркәсіптің тұрақты…
Сенатор Геннадий Шиповских әлеуметтік желіде онлайн-казино, жалған ұтыс ойындары мен күмәнді қаржы схемаларын жарнамалап жүрген блогерлерге жазаны қатаңдатуды ұсынды деп жазады Ertenmedia. «Қазіргі қолданып жүрген айыппұлдардан нәтиже жоқ. Биылдың өзінде 34 блогер онлайн-казино жарнамалаған. Оның тек 11-і ғана әкімшілік жазаға тартылды, қалған 23-інің материалы Мәдениет министрлігіне жіберілген. Бірақ бұл да оларға тосқауыл болмай отыр. Өйткені, олар заңсыз жарнамадан миллиондап ақша тауып, салынған айыппұлды қиналмай өтеп кетуде», – деді Шиповских. Оның айтуынша, соңғы екі жарым жылда қаржы мониторингі агенттігі жасырын жұмыс істеген 205 казиноны жапқан. 224 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Дегенмен, басты қауіп шетелдік онлайн-казинолар. «Биыл ғана осындай 17 мыңнан астам…
Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды Ertenmedia. Бүгін әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат құралдарында Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің, сондай-ақ ҰҚК-нің бірқатар жоғары лауазымды қызметкерлерінің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда бұл ақпарат расталмады. «Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны туралы ақпарат – шындыққа жанаспайды, бұл жалған хабар», – деп мәлімдеді жағдаймен жақсы таныс дереккөз Ertenmedia редакциясына. Осыған дейін аталған азаматтардың ұсталғанын алғаш болып «Орда» порталы хабарлаған еді. Басылымның дерегінше, министр Мұрат Нұртілеу Қытайдан ШЫҰ саммитінен оралғаннан кейін үйінде ұсталған-мыс. Сонымен қатар кәсіпкер Гаджи Гаджиевтің де үйінде тінту жүргізілгені…
Қазақстан «ақылды қалаларды» дамыту жолында сенімді қадамдар жасап келеді. Жаңа технологиялар тек автоматтандыру құралы емес, жайлы әрі қауіпсіз өмір сүрудің негізіне айналуда. Осы сипатта ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің рейтингісінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша Астана, Алматы және Қарағанды көш бастап тұр. Қызығы, бес жыл бұрын тізім басында Алматы орналасты, ал бүгінгі таңда да осы үштік елімізде цифрлық инфрақұрылымның тұрақты дамуын көрсетіп отыр. Қазақстандағы «ақылды қалалардың» басым бағыттары 2019 жылы бекітілген Эталондық стандарттан айнымады. Қауіпсіздік, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТҮКШ), білім беру, денсаулық сақтау және қаланы басқару — бұл салаларда жоғары технологиялар белсенді түрде енгізілуде. Жергілікті атқарушы органдар…
