Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Мегаполисте Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Солардың бірі Медеу ауданында орналасқан, жобалық қуаты 2 мың оқушы орны болатын №220 жалпы білім беретін мектеп. – Бұл жалпы білім беретін мектеп өз шағынаймақтағы орын тапшылығын толық жабады. Жалпы, 1 қыркүйектен бері қалада 12 жаңа мектеп ашылды. Республика күніне орай осы аптада тағы төрт білім беру мекемесі пайдалануға беріледі. Бесінші мектеп – қараша айында, ал тағы сегізі – жыл соңына дейін «сатып алу» тетігі арқылы іске қосылады, – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков. Оның айтуынша, мегаполисте биылғы оқу жылында барлығы 24 мектеп ашылады,…

Толық оқу

Биыл ауылдағы шаруалардың жұмысын жандандыруға ерекше көңіл бөлдінді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен елімізде алғаш рет көктемгі және күзгі дала жұмыстарына бір жылда 1 трлн теңге бөлінді. Осының арқасында қаражат нақты егістікке, техникағажұмсалып, салада ілгерілеушілік орын алғанын атап айтуға болады.  Осылайша биыл елемізде шаруалар жылды алаңсыз өткіздің десек артық айтқандық болмас еді. Осы тақырыпты халыққа кеңінен түсіндіру үшін Ertenmedia.kz тілшілері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі жанындағы Егін шаруашылығы департаментінің директоры Назгүл Хатеповамен әңгімелескен еді. Білікті маман мемлекет тарапынан бөлінген қаржат қалай жұмсалғанын ашық айтып берді. – Назгүл ханым, биылғы 1 трлн теңге көлеміндегі қолдау ауылға бұрын-соңды болмаған сома ретінде айтылып жүр.…

Толық оқу
Тоқаев Ақорда

Президент Тоқаев Республика күніне арналған сөзінде алдағы уақытта Конституцияға бірқатар өзгерістер енгізілетінін хабарлап, Қазақстан үшін мықты президенттік билікті сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, деп жазады Ertenmedia. Мемлекет басшысы сөзін Қазақстанның өткен тарихынан сабақ алу қажеттігінен бастады. «Осыдан 35 жыл бұрын еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Ел тарихының әр кезеңінде өз қолтаңбасын қалдырған барша мемлекеттік қайраткерлер мен азаматтарға алғыс білдіреміз. Әрине, ешбір жұмыс кемшіліксіз болмайды. Біздің міндет өткеннен сабақ алып, өзгенің жетегіне ермей, өз жолымызбен жүру», – деді президент. Ол соңғы жылдағы жаһандық дағдарыстар Қазақстанды да айналып өтпегенін атап өтті. Қаңтар оқиғасынан кейін ел ішінде басталған реформа әлемдегі күрделі кезеңмен тұспа-тұс…

Толық оқу
Алтай Асқар

Соңғы күндері жарияланған деректерде Назарбаевтың немересі, Тимур мен Динара Құлыбаевтардың ұлы Алтай Асқар 2019 жылы Кипр азаматтығын алғаны айтылды. Еуропада кеңінен талқыға түскен «алтын паспорт» бағдарламасына қатысқан ол құжатты бағдарлама жабылардан бірнеше ай бұрын рәсімдеген, деп жазды «Выход к морю». Кипрдің инвесторларға азаматтық беру бағдарламасы 2013-2020 жылдар аралығында жүзеге асқан. Шетелдік ауқатты тұлғалар ел экономикасына инвестиция құю арқылы азаматтық алуға мүмкіндік алған. Ақпарат көздері сол кезеңде басты өтініш беруші үшін құжат құны шамамен 2,5 млн еуро болғанын айтады. Ол кезде теңгемен есептегенде сома 1 млрд теңгеден асқан. Бағдарлама кейін дау-дамаймен жабылған болатын. Al Jazeera секілді халықаралық медиалардың жүргізген зерттеулері нәтижесінде…

Толық оқу

Қазақстанда емін-еркін таралатын Pravda.ru еліміздегі орыс тілінің ертеңіне алаңдап отыр. Кремль пропагандасына сұхбат берген қазақстандық саясаттанушы Максим Қазначеев қоғамдағы орыс тіліне қатысты көзқарастың өзгеріп жатқанына қынжылыпты деп жазады Ertenmedia. Сарапшының пікірінше, егемендік ала сала, біздің элита британдық және әмірикалық жобалардың жетегінде кеткен. Негізгі кен орындары да солардың қолында, саяси элита толығымен Батысқа бет бұрған. Айтуынша, Ақорда үшін Ресеймен арадағы шекараны ың-шыңсыз, тыныш ұстаса болғаны. Мәскеудің өзге ешқандай саяси-экономикалық маңызы қалған жоқ. «Орысша орта барған сайын тарылып, қазақтілді ортаның өрісі кеңейіп келеді. Орыстілді қауымның көбі елден кеткісі келеді. Олардың ішінде тіпті қазақтар да аз емес. Азаматтардың шамамен 75-80 пайызы болашағын басқа…

Толық оқу
Мәслихаттар Тоқаев

Республика күніне арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы елдің саяси бағытына қатысты маңызды ұстанымын айтты. Президент сөзінде мемлекеттің ұзақ мерзімді мүддесін қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен даму жолын нық ұстау әр шешімнің негізінде тұратынын атап өтті. Қоғам соңғы жылдары саяси реформаларды жіті бақылап келеді. Сол себепті Президенттің әр пікірі елдің алдағы саяси жүйесіне әсер ететіні анық, деп жазады Ertenmedia.kz. Президент бұған дейінгі Жолдауында Мәжіліс сайлауын пропорционал жүйеге толық көшіру қажет екенін айтқан еді. Яғни, бір палаталы Парламентті тек партиялық тізім арқылы қалыптастыру көзделіп отыр. Мұндай өзгеріс партиялардың ортақ мақсатқа жұмыс істеуіне, сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатуына жол ашады. Партия институтын күшейту арқылы саяси…

Толық оқу
мұнай

Әлемдік мұнай нарығында жаңа кезең басталып отыр. АҚШ-тың ресейлік энергетикалық компанияларға енгізген санкциялары Азиядағы жеткізілім бағыттарын қайта қарауға мәжбүр етті, деп жазады Ertenmedia.kz. Соңғы деректерге сәйкес, Қытайдың ірі мемлекеттік компаниялары PetroChina, Sinopec, CNOOC және Zhenhua Oil теңіз арқылы жеткізілетін ресейлік мұнайды сатып алуды уақытша тоқтатқан. Бұл шешім нарықтағы тәуекелдерді қайта бағалауға бағытталған. Қытайдың тәуліктік теңіз импортының шамамен 1,4 млн баррелі ресейлік мұнайға тиесілі. Оның негізгі бөлігі тәуелсіз зауыттарға бағытталғанымен, мемлекеттік компаниялардың үлесі де айтарлықтай. Сарапшылар бұл көлем 250 мыңнан 500 мың баррель аралығында екенін айтады. Мәселе тек жеткізілімде емес. Санкциялар төлем жүйесіне, сақтандыру тізбегіне және логистикаға әсер етіп отыр. Әсіресе…

Толық оқу

Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің алаңында 2025 жылғы 10-20 қазан аралығында өткен республикалық «FinIQ» қаржылық диктантының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Өткізілген диктанттың басты мақсаты халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, ақпараттандыру және қаржылық қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Іс-шараға облысымыздың 84 мыңнан астам тұрғыны қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушылары, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қаржылық мониторинг субъектілері болды. Салтанатты шара Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшылық құрамы, «Аманат» партиясы және Халық банкінің өкілдерінің қатысуымен өтті. Қаржылық диктанттың 10 жеңімпазы дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Республикалық диктанттың өткізілуі азаматтардың өз қаржылық ресурстарына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру және…

Толық оқу
Жаңаөзен

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Республика күні қарсаңында Жаңаөзен қаласында «Каскор-Машзавод» ЖШС-нің жаңа зауытының ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Шараға мұнай-газ саласының ардагерлері, ұлттық компаниялар мен кәсіпорын басшылары, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өнеркәсіптік негізді нығайту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, өңдеу саласын дамыту – өңір экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар бағыт екенін атап өтті. – Бұл зауыттың іске қосылуы Жаңаөзен қаласының экономикалық әлеуетін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және жергілікті тұрғындарды тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Зауыт еліміздің мұнай-газ…

Толық оқу
Республика

Жетісу облысында Республика күні мерекесі қарсаңында сегіз медициналық нысан пайдалануға берілді. Осылайша өңірдегі ауыл медицинасына қатысты нақты қадамдар жасалып, Мемлекет басшысының ауылды жерде медициналық қызметтің қолжетімділігін күшейту туралы тапсырмасы сәтті орындалуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Алыстағы ауылдағы халық көп жағдайда дәрігердің көмегіне жедел жете алмай қиналатын. Соңғы жылдары ауыл мен қала арасындағы әлеуметтік теңгерімді жақсарту туралы жиі айтылады, ал ең әуелі адамның денсаулығына қатысты жағдай өзгерсе, өзге салалардың да өрісі кеңейеді. Жетісу облысында ашылған сегіз медициналық нысан жергілікті тұрғындар үшін жаңа мүмкіндіктің бастауы болып отыр. Елге қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік бекеттер мен дәрігерлік амбулаториялар ауыл өміріндегі маңызды өзгерістің…

Толық оқу