Маңғыстау облысындағы Бейнеу станциясының теміржолшылары еңбек жағдайына шағымданғаны үшін басшылық қысымына ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Жұмысшылардың айтуынша, олар еңбек жағдайын жақсарту және арнайы жұмыс киімінің сапасыздығын айтып, мәселе көтергеннен кейін қоқан-лоққыға тап болған. Бейнеу жол дистанциясының қызметкерлері бұл туралы видеоүндеу жариялап, кәсіподақ төрағасы мен дистанция басшысы жиынға «қылмыс әлемімен байланысы бар» адамды алып келгенін жеткізді. «Басшылық шақырған белгісіз адамдар бізге ашықтан-ашық қысым жасады. Олар «тынышталмасаңдар, жағдайларың қиын болады» деп қорқытты», – дейді жұмысшылар. Теміржолшылар осы жағдайға тікелей қатысы бар деп санайтын «Қазақстан темір жолы» Маңғыстау магистральдық бөлімшесінің басшысы Ерназар Ізтұрғановты және басқа да жетекшілерді дереу қызметінен босатуды талап етуде.…
Автор: Асылхан Бөрібай
Республика күні қарсаңында Алматы қаласында әлеуметтік саланы дамытуға, қалалық инфрақұрылымды жаңғыртуға, өмір сүру сапасын арттыруға және экономикалық әлеуетті кеңейтуге бағытталған 60-тан астам жоба жүзеге асырудың соңғы кезеңіне жетті. Ауқымды жұмыстар мегаполистің сегіз ауданын да қамтиды және еліміздің 35 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматының ел дамуының жетекші орталығы ретіндегі рөлін айқындайды. Әлеуметтік сала Республика күніне дайындық аясында қалада білім беру және әлеуметтік қолдау нысандарын пайдалануға беру аяқталуда. 20 жоба жүзеге асырылып жатыр, олардың қатарында жаңа жалпы білім беретін мектептер, балабақшалар, мамандандырылған мекемелер мен белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары бар. Бұл бастамалар балаларға қосымша орындар ашуға, инклюзивті орта қалыптастыруға және әлеуметтік қызметтерге қолжетімділікті…
Қарағандыда Республика күніне орай өткен «Saryarqalab: Aqyl.Damu.Qadam» жастар форумы облыстағы белсенді жастарды, аймақ басшыларын, партия өкілдерін және сарапшыларды бір алаңға жинады. Негізгі әңгіме жасанды интеллект, цифрландыру, экология және Әділетті Қазақстанның цифрлық дәуірін қалыптастыру төңірегінде өрбіді. Осы форумның мазмұны мен нәтижесі туралы Ertenmedia.kz сайты тілшілері «AMANAT» партиясы облыстық филиалының төрағасы Бекзат Алтынбековке форумнан кейін туындаған сұрақтарын қойды. – Бекзат мырза, «Saryarqalab: Aqyl.Damu.Qadam» жастар форумының негізгі мақсаты қандай болды? – Форумның басты мақсаты жастарды бір жерге жинап, жасанды интеллект, цифрландыру, экология және патриоттық тәрбие туралы ашық сөйлесуді жөн көрдік. Қарағанды облысы бойынша 600-ден астам жас келді, олардың арасында студенттер, колледж жастары, шағын…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінде ел дамуының негізгі белестерін, жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және алдағы стратегиялық міндеттерді кеңінен тарқатты, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы ең әуелі Республика күнінің тарихи салмағына тоқталды. Оның айтуынша, осыдан 35 жыл бұрын қабылданған Мемлекеттік егемендік туралы декларация Қазақстанның дербес мемлекетке айналу жолын ашқан шешуші құжат болды. Сол күннен бастап сан ғасырлық мемлекеттілік дәстүр қайта жаңғырып, аз уақыттан кейін ел Тәуелсіздік туын көтерді. Президент егемендікті ұлттың ең қымбат құндылығы деп атап, оны нығайту баршаға ортақ қасиетті парыз екенін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдарда Қазақстан шекарасын бекітіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықаралық аренада…
Республика күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде 1000-нан астам мемлекеттік ту желбіреді. «AMANAT» партиясының «Менің Елім – Менің Туым» акциясы Отанға деген сүйіспеншілік пен ел бірлігінің жалпыұлттық нышанына айналды деп жазады Ertenmedia. Мәселен, елордада «AMANAT» партиясының орталық аппараты ғимаратына көлемі 24×12 метр болатын Мемлекеттік ту ілінді. Төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келе жатқан бастамаға «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, еріктілер мен қарапайым азаматтар қатысуда. Биыл акцияға екі мыңнан астам жас қосылып, мереке қарсаңында ел бойынша он мыңға жуық туды қалалар мен ауылдарда, мектептерде, аулаларда және өндіріс орындарында ілу жоспарланып отыр. Үйдің, көліктің немесе дүкеннің алдында желбіреген ту – елге деген мақтаныштың және болашаққа…
Журналист Михаил Козачков өзінің Телеграм арнасында шетелдік NewsBreak басылымында Теңіз кен орнына қатысты пайда болған, кейін белгісіз себеппен өшірілген материал жұрттың қызығушылығын оятқанын жазады. Материалда Теңізшевройлдағы тендер үдерісіне қатысты шыққан күдік жайында өрбіген, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауқымды жоба төңірегінде сыбайластыққа қатысты сөз шығуы көпшілікті алаңдататыны белгілі. Себебі энергия секторы ел экономикасына айтарлықтай ықпал етеді. Сондықтан ондағы әр шешім мен әр келісім мемлекет мүддесіне әсер етеді. Козачковтың Telegram арнасында жазғанына қарағанда, шетелдік NewsBreak басылымы ТШО-дағы тендерлерге ықпал ететін тұлғалар жөнінде материал жариялап, онда белгілі қызметкерлердің аты аталған. Кейін мақала толықтай қолжетімсіз болып, сайттан алынған. Журналист өз жазбасында кейбір компанияларға жұмыс беру…
Еуроодақ Ресейге қарсы санкциялардың 19-шы пакетін бекітіп, тізімге ВТБ (Қазақстан) банкін енгізді. Сарапшылар мұны Қазақстанның банк секторына жасалған қатаң ескерту ретінде қабылдап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Forbes-қа пікір білдірген экономист Арман Бейсембаевтың айтуынша, су жаңа санкцияның сипаты бұрынғыдан бөлек әрі қауіп-қатері көп. «Әзірге бізді Құдай сақтап тұр, дүлей дауылдан аман қалдық. Дегенмен мұны Қазақстанның банк секторына бағытталған сигнал деп қабылдау керек. Бұған дейінгі санкцияның көпшілігі көзалдау, тиіп-қашып жасалған шара секілді еді. Кремль көбіне-көп мұндай шымшыма шектеуді мизей бермейтін. Бұл жолы Батыстың мәселені тереңірек зерттеп, барынша қатаң шараға көшкені байқалады», – дейді сарапшы. Бейсембаевтың айтуынша, ВТБ банкінің жазаға тартылуы Қазақстанның қаржы…
Алдағы жылға арналған республикалық бюджетті оңтайландыруға қатысты ҚР Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы әр тиынына есеп беретін кезең келгенін айтты. Ол форумдар мен шетелдік іс-сапарларға кететін шығын қысқаратынын атап өтті. Бүгінде халық қазынадан қомақты қаржы жұмсалатын имидждік шаралар елдің дамуына айтарлықтай пайда әкелмейтінін ұдайы айтып жүр. Осы тұста жауапты ведомство артық шығындарды ықшамдап, маңызы басым салаларға бағыттауға ниетті білдіргендей көрінді, деп жазады Ertenmedia.kz. Абзал Бейсенбекұлы мәліметіне сүйенсек, 2026 жылы мемлекет шамамен 68 миллиард теңгені үнемдеуді көздеп отыр. Оның дені имиджге, жиындар мен форумдарға кететін шығындарды оңтайландыру арқылы жүзеге аспақ. Мұндай оңтайландыру арқылы әлеуметтік қолдау, өңірлердегі инфрақұрылым, білім беру мен денсаулық саласына…
Атырауда Республика күні қарсаңында өткен салтанатты шарада облыстың тыныс-тіршілігіне үлес қосып жүрген азаматтардың еңбегі ерекше атап өтілді. Махамбет атындағы Қазақ академиялық драма театрына жиналған жұртшылық үшін бұл күн жай ғана концерт емес, ел тәуелсіздігі мен жауапкершілік туралы ойланатын сәт болды. Театр фойесінде облыстың әлеуметтік, экономикалық, мәдени өмірінен сыр шертетін фотокөрме қойылып, келген қонақтар соңғы жылдары өңірде атқарылған нақты жұмыстарды көріп танысты, деп жазады Ertenmedia.kz. Сахнаға шыққан Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов алдымен залға жиналғандарды Республика күнімен құттықтап, бұл мерекенің мәніне қысқа да нақты тоқталды. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Республика күні – халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн»…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚР Мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы» Жарлыққа қол қойып, ел дамуына елеулі үлес қосқан екі азаматты жоғары атақпен марапаттады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысының шешімімен өндірістік саладағы үздік еңбегі, агроөнеркәсіп кешені мен тау-кен өндірісін дамытушыларға марапаттар тапсырылды. Жоғары дәрежелі «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Сонымен қатар марапат иелеріне Алтын жұлдыз және «Отан» ордені табысталды. Жоғары марапатқа Солтүстік Қазақстан облысындағы «Мәмбетов және К» командиттік серіктестігінің механизаторы Мұрат Қаражұманов ие болды. Ол ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында еңбек етіп, өндірістік тәжірибесімен және нәтижелі жұмысымен ерекшеленген. Сондай-ақ Қарағанды облысындағы «Qarmet» АҚ Көмір департаментінің «Шахтинская» шахтасы учаскесінің бастығы Сергей Чернобай да…










