Автор: editor

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында ЛГБТ насихатына заңмен шектеу енгізу мәселесі қарастырылып жатқанын айтты деп жазады Ertenmedia. Үкіметтік емес ұйымдардың жасаған зерттеуіне күмән келтіруге болмайды деп ойлаймын. Себебі сарапшылар зерттеулерін арнайы комиссияға келіп айтты. Шынында бізде ЛГБТ өкілдерінің насихаты бар екені рас. Оны өзіміз де көріп отырмыз. Әсіресе әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істейді. Өздерінің сол қауымдастықтың өкілі екенін ашық түрде жариялап, үгіт жұмыстарын жүргізіп отыр, — деді депутат. Оның айтуынша, ЛГБТ өкілдері акциялар да ұйымдастырып жүр. – Егер жеке басыңыздың мәселесі болса, түсінемін. Оны қоғамға жария етпей, өз бағытыңызда жүруіңіз керек деп ойлаймын. Ал енді сол…

Толық оқу

Жаңа оқу жылының қарсаңында «AMANAT» партиясы «Бақытты отбасы» жобасы аясында 16 жыл қатарынан «Баланы мектепке дайындайық!» республикалық қайырымдылық акциясын өткізуде. Бұл игі дәстүр жыл сайын балаларын мектепке дайындауда қаржылай көмекке зәру отбасыларды қолдау мақсатында ұйымдастырылады. Биыл 26 мыңнан астам көпбалалы және аз қамтылған отбасындағы 49 500 бала көмек алды. Оларға оқу құралдары салынған сөмкелер, мектеп формасы және басқа да қажетті заттар табысталды. Соңғы үш жылдың ішінде аталған акция аясында 130 мыңнан астам оқушыға қолдау көрсетілді. «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек өзінің Instargam парақшасында атап өткендей, балаға деген қамқорлық болашаққа салынған инвестиция. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Адал азамат дәл…

Толық оқу

Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысы аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды. Осы сапарға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен ілесіп барған «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың бірқатар ірі компанияларының өкілдерімен маңызды келіссөздер өткізді деп жазады Ertenmedia. Оның ішінде China Railway Group Limited, PowerChina, TBEA, CRRC, CNPC, CCCC, Huawei Technologies, China Southern Grid және SANY Group секілді алпауыт корпорациялар бар. Тараптар энергетика, көлік, логистика, инфрақұрылым және цифрлық технологиялар саласындағы серіктестік мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстанның энергетикалық жүйесін жаңғырту, теміржол мен порт инфрақұрылымын салу, баламалы энергия көздерін дамыту және заманауи цифрлық шешімдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.…

Толық оқу

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел дамуының жаңа кезеңіне арналған стратегиялық бастаманы жариялады. Конституция күніне орай жасаған жолдауында ол мемлекетті «Жаңа Қырғызстанға» айналдыру туралы бастама көтерді деп жазады Ertenmedia. «Біздің мақсатымыз тек сыртқы жетістікпен ғана емес, әр азаматтың ішкі байлығымен, рухани тазалығы, адамгершілігі, қонақжайлығы, терең білім-білігімен ерекшеленетін Жаңа Қырғызстан құру», – деді Жапаров. Президент 2030 жылға дейінгі ұлттық даму бағдарламасының басымдықтарын да атап өтті. Олар тұрақты экономикалық өсім, өмір сапасын арттыру, адам капиталын дамыту және рухани құндылықтарды нығайту. Жапаров елде басталған реформалар жалғасатынын айтты. «Конституциялық реформа билік құрылымын өзгертті, экономикада тұрақты өсім белгілері байқалды, қоғамда тұрақтылық орнығып келеді. Сыртқы саясатымыз да…

Толық оқу

Abdi дүкеніндегі глобустардан Қазақстанның ұстанымына қайшы келетін өрескел қате анықталды деп хабарлайды Ertenmedia. Журналист Халима Тәжіқұлдың айтуынша, дүкенде сатылып жатқан глобустарда Ресей басып алған Донецкі, Луганскі және Қырым (Севастополь) аумақтары Украина емес, Кремль территориясы ретінде көрсетілген. Бұл Қазақстанның ресми позициясына мүлдем сәйкес келмейді. «Дүкенге оқу құралдарын алуға барған едік, бірақ глобус алар кезде жоспарымыздан бас тарттық. Себебі мына глобустарда Қырым мен Украинаның шығысындағы басып алынған аумақтар Ресей құрамында тұр. Қазақстан аталған өңірлерді Украина мемлекетінің аумағы деп таниды. Сонда мұндай тауардың біздің дүкендерде емін-еркін сатылуы қаншалықты заңды?», – дейді журналист. Әріптесіміз осындай олқылық еліміздегі басқа дүкендерде де болуы мүмкін екенін айтып,…

Толық оқу

Бәйтерек ауданы Байқоныс ауылында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысты. Жаңа білім ордасының есігін айқара ашуы – ауыл тұрғындары үшін зор қуаныш әрі ерекше мағыналы оқиға. Облыс әкімі құттықтау сөзінде Қазақстан Республикасының Конституциясының ел бірлігін, тұрақтылығын және азаматтардың тең құқықтарын қамтамасыз етудегі рөліне тоқталды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың орта білім сапасын арттыруға қатысты тапсырмаларының өңірде дәйекті жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Бүгінгі Байқоныстағы еңселі мектеп – осы міндеттің нақты орындалуының көрінісі», –…

Толық оқу

Асхат Ораловтың Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалуын кейбіреулер тосын шешім деп қабылдады. Десе де, саясаттанушы Ғазиз Әбішевтің пікірінше, өңірдің қазіргі күрделі жағдайында дәл осындай басқарушы кадр қажет деп жазады Ertenmedia. Әбішевтің айтуынша, Павлодар өңірінен шыққан, кезінде Мәдениет және спорт министрлігін басқарып, Президент Әкімшілігінде де қызмет еткен Асхат Оралов «кабинет шенеунігі» емес, керісінше, халықпен тікелей диалог құра білетін, тәжірибелі менеджер. «Оралов қазақ тілінде шешен әрі халықтық стильде еркін сөйлей алатын тұлға. Қажет жерде елмен етене тіл табысып, кейде жұрттың көңілін аулап, ал кейде батыл түрде ашық пікірталасқа түсе алады. Ашулы халықтың ортасына кіріп, мәселені бетпе-бет талқылауға екінің бірі тәуекел…

Толық оқу

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Қапшағай жағасындағы заңсыз жер иелерінің аты-жөнін ашық жариялайтынын мәлімдеді деп хабарлайды Ertenmedia. Оның бастамасымен ерекше қорғалатын аймаққа кіретін 82 жер телімі тексерілген болатын. Бұған дейін төрт телімнің иесі ретінде Тимур Құлыбаевтың «Кипрос» ЖШС тіркелгенін хабарлаған едік. Алайда бұл заңсыз жер иеленушілердің толық тізімі емес екен. «Жер телімдерінің артында жергілікті әкімдіктердің, Алматы облысы әкімдігінің және құқық қорғау органдарының жоғары лауазымды тұлғалары тұр. Бізде олардың аты-жөндері бар, дәл қазір шын мәніндегі бенефициарларды анықтап жатырмыз. Кейбір жер телімі заңды тұлғалардың атына рәсімделген. Бұл жерлердің жалғыз иесі Құлыбаев немесе Қайрат Боранбаев емес. Әлгі 82 жер телімінің артында ондаған ықпалды тұлға…

Толық оқу

Алматының экс-әкімі әрі бұрынғы «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек саясаттан кеткеннен кейін шетелде белсенді жұмыс істеп жүр. Саясат пен мемлекеттік қызметтен қол үзген соң, екі жылдан астам уақыт Біріккен Араб Әмірліктерінде тұрып, Қазақстанға инвестиция тартумен айналысқан. Соңғы бір жарым жылдан бері Байбек Жапонияда еңбек етіп жатыр. Оның қазіргі міндеті жапондық инвестиция мен озық технологияны елімізге тарту арқылы инновациялық жобаларды іске асыру. Сонымен қатар, 2022 жылдың наурызынан бері Байбек онлайн форматта Ақмола облысында жұмыс істейтін «Qazaq Kaolin» компаниясының кеңесшісі қызметін атқарады. Аталған компания Германияның заманауи технологиясымен каолин өңдеу өндірісін жолға қоймақ. Бұл мәліметтерді Nege.Aqsha порталына Бауыржан Байбектің әпкесі…

Толық оқу

Таяуда Германиядағы атышулы Нюрбургринг трассасы тағы да дүбірге бөленді. Lamborghini Super Trofeo Europe жарысының төртінші кезеңінде Artline Kazakhstan командасы сенімді өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты. Бұл кезең олардың тек жылдамдық пен шеберлігін емес, ең бастысы – бірлігі мен үйлесімді жұмысын айқындап берді. Жарыстың алғашқы күнінде Шота Абхазава квалификацияда өз санатында үшінші орын алып, трассада сенімділік пен жоғары қарқынды көрсетті. Ол жарысты батыл бастап, команданың реңін айқындап берді. Егор Оруджев те мықтылығын дәлелдеп, қарсыластарымен иық тірестіре жарысты. Уақытында жасалған пит-стоп пен үйлесімді тактиканың арқасында команда өз класында екінші орынға көтеріліп, лайықты күміс жүлдені иеленді. Бұл жүлде – команданың табандылығы мен бірлігінің айқын…

Толық оқу