Бүгін Республика күні қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Каспий теңізінің жағалауында орналасқан жаңа «Aqqu Resort & Camp» демалыс және қонақ үй кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Aqqu Resort & Camp» өңірдің туристік инфрақұрылымын дамытудағы маңызды бастама. Кешен көпфункционалды форматта жұмыс істейді: жаз мезгілінде 300-350 балаға арналған «Aqqu Camp» балалар лагері ретінде, ал қалған уақытта курорттық және корпоративтік демалыс орталығы ретінде қызмет көрсетеді. Жоба инвестордың жеке қаражаты есебінен салынуда. Кешен аумағында заманауи тұрғын корпустар, ересектер мен балаларға арналған екі ашық бассейн, 50 орындық кинозал, футбол алаңы мен спорттық аймақтар,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Ақтаудағы әскери гарнизонда өткен «Әскер аналар көзімен» акциясы әскер мен қоғам арасындағы сенімнің қалай қалыптасатынын нақты көрсетті. Осы кездесуге «Батыс» өңірлік қолбасшылығының басшысы, генерал-майор Бауыржан Артықов арнайы қатысып әскердегі тәрбие, тәртіп, психологиялық қолдау және ата-анамен кері байланыс туралы кеңінен әңгімеледі. Ақтаудағы Ertenmedia.kz сайтының тілшісі Астандан аналармен кездесуге ат терлетіп келген вице-адмирал сұхбаттасып, жұрттың көкейінде біраз сауалға жауап алды. – Бауыржан Шубайұлы, Ақтауда өткен «Әскер аналар көзімен» акциясына өзіңізде қатыстыңыз. Әдетте көпшілік үшін казарма мен оқу корпусы жабық аумақ болып келгені жасырын емес. Бұл жолы аналарға асханадан бастап жатын орынға дейін түгел көрсетіңіздер. Осы форматтағы кездесулерді алдағы уақытта жүйелі өтіп тұра…
Қарағандыда Республика күніне орай «SARYARQALAB: AQYL.DAMU.QADAM» атты ауқымды жастар форумы өтті. Іс-шара жас буынның цифрландыру мен жасанды интеллектке қызығушылығын арттыруға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және Әділетті Қазақстан идеясын қолдайтын жаңа буынды тәрбиелеуге бағытталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Форумды «AMANAT» партиясының Қарағанды облыстық филиалы ұйымдастырды. Жиынға 600-ден астам белсенді жастар қатысты. Олардың қатарында жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, сондай-ақ өңірдің түрлі қалалары мен аудандарынан келген жас көшбасшылар бар. Бағдарламада экскурсиялар, шеберлік сабақтары, тренингтер және жасанды интеллект пен цифрлық технологияларға арналған сессиялар өтті. Қатысушылар жаңа идеялармен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. Форум жұмысына облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, жастардың өңір дамуындағы рөлін атап…
Астанада Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық диалог жаңа мазмұнмен жалғасып жатыр. Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевтің ресми сапары аясында екі елдің цифрлық даму бағыты ерекше назарға алынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі қонақты әуежайдан өзі қарсы алып, бұл сапарға берілген саяси мәнді айқындады. Күндіз Жоғары мемлекетаралық кеңестің отырысы өтіп, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады. Сапардың маңызды бөлігі – цифрлық және технологиялық нысандарды аралау болды. Тоқаев пен Әлиев Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығына барып, Қазақстандағы цифрландыру мен AI саласындағы жобалармен танысты. Меймандарға мемлекеттік басқаруда қолданылатын AI-Driven Government ахуалдық орталығының тұжырымдамасы ұсынылды. Бұл жүйе мемлекеттік шешім қабылдауды талдауға және…
Астана қаласында «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен агрохакатон байқауы өтті. Оған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Enactus Zhetysu» командасы қатысып, ІІ орын және 300 000 теңге көлеміндегі сыйақыға ие болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Республикалық додаға 200-ге жуық команда қатысып, оқу ордасының жастары үздік деп танылып, ақтық сында өнер көрсеткен 16 үздік ұжымның қатарынан көрінді. Аталған шараның мақсаты ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық идеяларды қолдау, жас кәсіпкерлер мен агротехнология бағыты бойынша мамандарды біріктіру маңызды. Сондай-ақ ауылдық өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосу. Бұл жеңіс Жетісу университеті студенттерінің ғылыми-инновациялық әлеуетінің, белсенділігі мен ауыл шаруашылығы саласына деген қызығушылығының айқын дәлелі. Осындай байқаулар жастардың жаңа идеяларын дамытуға, агроинновациялық…
Биылғы «Үздік педагог – 2025» республикалық байқауы өз мәресіне жетті. Жыл сайын өткізілетін бұл беделді конкурс еліміздің ең үздік ұстаздарын анықтап, олардың кәсіби шеберлігін бағалауға бағытталған, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Байқаудың облыстық кезеңінде 18 педагог іріктеуден өтіп, олардың ішінен 10 мұғалім республикалық кезеңге жолдама алды. Қазан айының 8-і күні Астана қаласында өткен республикалық додада қатысушылар елорданың түрлі мектептерінде ашық сабақ өткізіп, өздерінің үздік тәжірибелерімен бөлісті. Олар 24 қазан күні Астана қаласында өтетін марапаттау рәсіміне қатысып, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1000 айлық есептік көрсеткішпен (МРП) көлемінде ақшалай сыйақымен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша Алматы облысының…
Түркістанда Республика күні қарсаңында өткен облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті пленумы елдік мәселелер талқыланған маңызды алаңға айналды. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауындағы міндеттер, өңірдің дамуы, жастар тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік кеңінен сөз болды, деп жазады Ertenmedia.kz. Пленумда Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру барысы қаралып, ұйымдық мәселелер мен алдағы жұмыс жоспары пысықталды. Бұл жиынның ерекшелігі – онда тек ресми есеп беріліп қана қоймай, өңірдің келешегіне қатысты нақты ойлар айтылды. Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық мәслихаттың депутаты Жанар Темірбекова, облыстық қоғамдық даму басқармасы…
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті халықаралық деңгейдегі маңызды жетістікке жетті, деп жазады Ertenmedia.kz. Университет CAREC институтының халықаралық гранттық байқауында жеңімпаз атанды. Бұл нәтиже оқу орнының ғылыми әлеуетін көрсетті. Сонымен бірге аймақтағы білім беру кеңістігін жаңартуға жаңа мүмкіндік ашты. Осыған орай университетте CAREC институтымен бірлескен халықаралық жиын өтті. Іс-шараның тақырыбы – «Инклюзивті білім беру үшін жасанды интеллектіні пайдалану: ОАӨЭЫ өңірі үшін масштабталатын модель». Жиын барысында шетелдік және отандық сарапшылар университеттің цифрлық және инклюзивті даму бағытындағы жұмысына жоғары баға берді. Кездесуде жасанды интеллектінің білім беру саласындағы рөлі кеңінен талқыланды. Сарапшылар ЖИ-дің бағдарламалау ісіне ғана емес, педагогикалық әдістемені жетілдіруге де ықпалын…
АҚШ-та БТА Банкі мен Алматы әкімдігіне қатысты атышулы сот процесінің қорытындысы жарияланды, деп хабарлайды Ertenmedia. Нью-Йорктің Оңтүстік округінің федералды соты қазақстандық тарапқа 100 миллион доллардан астам өтемақы өндіріп беруге шешім шығарды. Оның 52 миллионы тікелей шығын ретінде есептелсе, қалған 50 миллион доллар іс ұзаққа созылғандықтан өндірілген пайыздық үстеме. Іс Қазақстаннан 10 жылдан астам уақыт бұрын ұрланып, АҚШ аумағындағы жылжымайтын мүлік нарығына заңсыз бағытталған қаражатқа қатысты өрбіген. Алматы әкімдігі мен БТА банкінің мүддесін АҚШ-тың әйгілі Boies Schiller Flexner адвокаттық кеңсесі қорғаған екен. Қылмыстық схеманың артында Алматы қаласының бұрынғы әкімі мен БТА банктің экс-төрағасы тұр. Бір-бірімен құда-жекжат болып келетін Әблязов-Храпунов тандемі Алматы…
Таяуда Алматы қаласында Қазақстанның Еуропалық Бизнес Қауымдастығы ұйымдастырған EUROBAK CSR Awards 2025 марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік, экология, цифрландыру және маркетинг салаларында елеулі бастамаларды жүзеге асырған компанияларды тануға арналды. Биылғы жылы байқауға Қауымдастыққа мүше компаниялардан 37 өтінім түсті. Конкурс бірнеше бағыт бойынша өтті: CSR (корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік), экология, адами әлеуетті дамыту, IT және жаңғырту, маркетинг және PR. Жеңімпаздарды тәуелсіз қазылар алқасы анықтап, салтанатты рәсімде жарияланды. «Экология» номинациясында GPI Lab және Coca-Cola компаниялары жүзеге асырып жатқан Smart Plastic Zone жобасы жеңімпаз болып танылды. Бастама бизнестің пластикалық ізін азайтуға бағытталған: қазіргі тәжірибелерді диагностикалау, балама материалдар енгізу, қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу,…










