Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы екі есе ұлғайып, серіктестіктің жаңа деңгейіне шықты. Екі елдің ынтымақтастығы сауда, өнеркәсіп, логистика және цифрландыру салаларында дамуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жайлы Астанада өткен Қазақстан-Әзербайжан бизнес-форумында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков хабарлады. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында өзара тауар айналымы $343,3 млн-ға жеткен. Оның ішінде Қазақстан экспорты $290,8 млн болса, Әзербайжаннан импорт 58%-дан астам өскен. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Әзербайжанға экспортталатын тауар түрлерін кеңейтуді ұсынып отыр. Бұл бағытта еліміз жалпы көлемі 14,5 млн тонна болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын. Олардың қатарында дәнді және майлы дақылдар, ұн, май және картоп бар. – Бүгінде бізге…

Толық оқу
Құлыбаев

Қазақстанда банктер мен жекеменшік компанияларға «халық» сөзін қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Orda-ның мәліметінше бастаманы қолдаған 50-ден астам депутат тиісті ұсынысты «Банктер туралы» заңның 7-бабына өзгеріс ретінде енгізді. Түзетудің негізгі авторы депутат Марат Бәшімов. Оның айтуынша, «халық» сөзі Ата заңда биліктің қайнар көзімен тікелей байланысты ұғым. Мұны жеке меншік банктер мен олигархиялық құрылымдар коммерциялық мақсатта пайдаланған кезде, қоғамда «жалған қоғамдық миссия» туралы қате түсінік қалыптасып, елдің қаржы жүйесіне деген сенімге селкеу түседі. «Конституциядағы «халық» сөзі қасиетті ұғым, ол биліктің қайнар көзі. Осындай салмақты ұғымды коммерциялық құрылымдар жарнама ретінде пайдаланып отыр. Бұл тұтынушыларды шатастырады және әділ бәсеке ережесін бұзады»,…

Толық оқу
дархан сатыбалды

Алматы қаласында әкімдік мердігер компаниялардың жауапкершілігін қатаң бақылауға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның алғашқы нәтижесі ретінде «AsiaMax» құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Компания Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі кәріз желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуді мойнына алған еді. Алайда, тексеріс барысында жобалық талаптар мен құрылыс нормаларының өрескел бұзылғаны анықталып, нысандағы жұмыс уақытылы аяқталмаған. Тұрғындар тарапынан да шағым көбейіп, қала әкімдігі мәселені жүйелі түрде шешу қажет деген шешімге келген. Қалалық құрылыс бақылау басқармасы мұндай шешімнің кездейсоқ қабылданбағанын мәлімдеді. Сарапшылар жобада қолданылған материалдардың сапасын, инженерлік жүйелердің стандарттарға сәйкестігін және қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеріп шыққан. Нәтижесінде, бірқатар ауытқулар мен немқұрайлықтар анықталған. Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасына…

Толық оқу

Соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі пікірлер мен реакциялар шынайы қоғамдық көзқарастың көрінісінен гөрі, арнайы ұйымдастырылған ақпараттық ағынның бір бөлігіне айналып бара жатқандай… Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүргізген зерттеу кезінде жүздеген жазбаның астында бір үлгіде пікір қалдырып, өздерін қарапайым қолданушы ретінде көрсететін адамдардың тұтас желісі анықталған. Олар нақты бір оқиғаға қоғамның көзқарасын өзгертуге, талқылау бағытын бұрмалауға және адамдар арасында сенімсіздік тудыруға бағытталған әрекеттер көздеген. Тролльдер көбінесе бір сценариймен жұмыс істейді. Алдымен қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа назар аударады, содан кейін пікірталасты басқа арнаға бұрып, эмоция тудырып, адамдарды дауластыруға итермелейді. Олар кейде мемлекеттік саясатқа, кейде жергілікті мәселелерге қатысты жазбалардың астында көрінеді. Бір…

Толық оқу
Касым-Жомарт Токаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашып, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін KIA Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті. – Жалпы, бүгінгі айтулы оқиға Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік пен табысты қарым-қатынастың жарқын көрінісі екені анық. Корея Республикасы –…

Толық оқу
Ақорда

«Ақорда» резиденциясында Әзербайжан Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің әнұрандары орындалған соң президенттер келіссөз залына барды. – Сізді мемлекеттік сапарыңыз аясында Қазақстанда қарсы алу – мен үшін үлкен мәртебе. Бұл – елдеріміздің арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі дамыту тұрғысынан өте маңызды оқиға. Қазақстан мен Әзербайжан тек достас елдер емес, сондай-ақ бауырлас халықтар. Сондықтан Сіздің еліңізбен сан қырлы ынтымақтастықты өркендетуге баса мән береміз. Қазіргі кезде Әзербайжан Сіздің қуатты көшбасшылығыңызбен халықаралық аренадағы абырой-беделін елеулі түрде арттырды, өз өңірінде ықпалды…

Толық оқу
Тараз

Тараз қаласында коммуналдық сала қызметкерлері наразылық акциясына шықты. Қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген «Жасыл ел – Тараз» кәсіпорнының жұмысшылары мен Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша еңбекке тартылған тұрғындар жалақының төмендігін және зейнетақы мен әлеуметтік аударымдардың жүйесіз төленіп отырғанын айтып шағымданды, деп жазады Ertenmedia.kz. Күн сайын қаланың қоқысын шығарып, жол жиегін тазалайтын адамдардың еңбегі еленбейтіне олар қатты наразы. Қолына сыпырғыш пен күрек ұстаған қарапайым еңбеккерлердің арқасында шаһардың көшесі таза, бірақ олардың өз қалтасы жұқа. Жұмысшылардың сөзінше, айына 80-85 мың теңге алып, соның өзін тиісті мекемелер сағазша созып береді екен. Кейбірі зейнетақы жарнасы не міндетті медициналық сақтандыру аударымы уақытында аудармайтыны еңбеккерлердің…

Толық оқу
Әблязов

Танымал журналист Марк Холлингсворт Британияның құқық қорғау жүйесінен сытылып кеткен Мұхтар Әблязов туралы бірқатар қызықты инсайдпен бөлісті, деп хабарлайды Ertenmedia. Айтуынша, қазақ олигархы 2012 жылдың 15 ақпаны таң қылаң бере Лондонның қақ ортасындағы қымбат қонақүйдің бірінші қабатындағы терезеден қарғып өтіп, Британиядан оп-оңай қашып кеткен. «Әблязов жылтырақ дүниеге құмар емес. Қымбат Armani емес, ортаңқол Marks & Spencer костюмін киіп жүретін шағын денелі олигарх Виктория вокзалына асығыс жетіп, әрі қарай Дувр портына жол тартады. Сол арада Орталық Африка Республикасының «дипломатиялық» паспортын көрсетіп, Францияға өткен», — дейді ағылшын журналисі. Сол тұста Британ соты Әблязовқа қатысты ел тарихындағы ең ірі алаяқтық істі қарап жатқан.…

Толық оқу

Маңғыстау облысында Каспий албырт балығын қайта тірілтуге бағытталған экологиялық және инновациялық бастама қолға алынды. «Каспий албырт балығының аналық үйірін қалыптастыру және инкубациялық цех құру» жобасы аясында теңізге албырттың шабақтары жіберілді. Бұл «Қызыл кітапқа» енген түрді сақтауға бағытталған нақты қадам. Балықтың популяциясы төмендеген тұста табиғи тепе-теңдікті қалпына келтіру – өңір экологиясы үшін маңызды міндет. Ал осы бастама алдағы жылдары аквашаруашылық саласына жол ашуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz. Инкубациялық цех Ақтаудағы «Сұлтан Агро» жылыжай кешені базасында жұмыс істеп жатыр. Мамандардың айтуынша, албырт талапшыл балық, оны өсіру үшін су температурасы мен тіршілік ортасы арнайы бақыланады. Тек табиғи жолмен көбейтуге сеніп отыруға болмайды, сондықтан…

Толық оқу
Түркістан

Түркістан қаласындағы №33 жалпы білім беретін “Келешек мектебінде” робототехника бағыты жүйелі түрде дамып келеді. Үйірме жұмысының нәтижесінде оқушылар халықаралық деңгейде табысқа қол жеткізді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Білім ұясының жас робототехниктері Қытайдың Макао қаласында өткен First Lego League Asia Open Championship 2025 халықаралық чемпионатында жеңімпаз атанып, ел намысын абыроймен қорғап қайтты. Аталған чемпионат робототехника, ғылыми зерттеу және инженерлік инновациялар бағытындағы Азияның ең ірі алаңдарының бірі. Биылғы додада әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам команда және 12 мыңнан аса қатысушы бақ сынады. Жарыстың тақырыбы «Су асты әлемін зерттеу». Үш күндік байқау барысында түркістандық жасөспірімдер…

Толық оқу