Новосібір мемлекеттік университетінің (НГУ) Қазақстанда ашылуы жоспарланған филиалы әзірге тоқтап тұр. Университет ректоры Михаил Федоруктың айтуынша, жобаны іске асыруды кейінге қалдыруға қазақстандық тараптың өзі өтініш білдірген деп хабарлайды Ertenmedia. «Біз бұл бастамадан бас тартпаймыз. Қазақстандағы филиалдың негізгі бастамашылары осы елден шыққан түлектеріміз. Алайда қазіргі уақытта жоба қазақстандық тараптың өтініші бойынша уақытша тоқтатылды», – деді Федорук. Жоспар бойынша филиал Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында ашылуы тиіс болатын. Ресейлік университет бакалавриат, магистратура бойынша 20-дан астам мамандықты ұсынбақшы еді. Оның ішінде мұнай өндіру және кен орындарындағы геофизика, Deep Robotics, жүйелік бағдарламалау, сондай-ақ мұнай-газ жүйелерін модельдеу, биоақпараттық жүйелерді талдау, ғарыштық және арнайы құрылғылар…
Автор: editor
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары Шанхай ынтымақтастық ұйымының Тянжиндегі саммитімен шектелген жоқ. Мемлекет басшысы қазір Бейжіңде өтіп жатқан Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің сегізінші отырысына қатысып отыр деп жазады Ertenmedia. Жиынға Қытай Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП Орталық комитеті Саяси бюросының Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсян да келген. Шараға мемлекеттік мекемелердің, ірі бизнес пен халықаралық корпорациялардың 500-ден астам өкілі жиналды. Оның ішінде Қытайдың жетекші 70-тен астам компаниясының басшылары бар. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың мәліметінше, осы басқосу аясында жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылады. Аталған келісімдер Қазақстан экономикасына тартылатын жаңа инвестицияларды көздейді. Энергетика, цифрландыру, құрылыс, металлургия, телекоммуникация, көлік…
Асхат Оралов Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды деп жазады Ertenmedia. 2023 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін мәдениет және спорт министрі болған ол соңғы қызметін Президент Әкімшілігінде мемлекеттік инспектор ретінде атқарған еді. Ораловтың министрлік тұсындағы тоғыз айлық жұмысы аса шулы оқиғалармен есте қалмады. Ерекше жетістігімен де көзге түспеді, айқай-шу, дау-дамайдан да алыс жүрді. Министр кезіндегі жалғыз есте қаларлық жайт Астанадағы көрмеде тәжік тауарларының талан-таражға түсуі болды. Бұл көрмені сол кезде Мәдениет министрлігі ұйымдастырған болатын. Айта кетейік, Ораловтың әкімдік жүйесінде тәжірибесі бар. 2021-2022 жылдары ол Алтай Көлгіновтың орынбасары ретінде елорда әкімдігінде қызмет атқарған. Ораловтың осы жолғы тағайындалуы өңірлердегі кадрлық ауыс-түйістердің…
Бүгін Білім күніне орай Алматы облысында 491 мектептің есігі айқара ашылып, 362 мыңнан астам оқушы жаңа оқу жылын бастады. Оның ішінде 35,5 мың бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр. Жаңа оқу жылының басты ерекшелігі – өңірде 9 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Оның 8-і ұлттық «Келешек мектеп» жобасы аясында салынса, тағы біреуі жеке инвестордың қаражаты есебінен бой көтерді. Бұл нысандар заманауи талаптарға сай жабдықталып, оқушылар үшін қолайлы орта қалыптастырды. Алматы облысында жаңа оқу жылына орай білім беру ұйымдары оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа 3 млрд теңге бөлініп, барлығы 808 568 жаңа және қайта басылған кітап сатып алынды. 4-сынып…
Жаңа оқу жылының қарсаңында Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 8 жаңа мектеп пен 2 жалпы орта білім ошағы ашылды. Атап айтқанда, Төлеби ауданының Достық ауылында 900 орындық, Сайрам ауданының Ақсу ауылында 600 орындық жаңа мектептер пайдалануға берілді. Бұдан бөлек, Шардара, Сауран, Келес, Сарыағаш, Ордабасы, Мақтаарал аудандары мен Арыс қаласында да 300-600 орындық жаңа оқу ошақтары пайдалануға берілді. Бұл – өңірдегі білім инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жүйелі жұмыстың нақты көрінісі. Жобаның түпкі мақсаты – білім беру инфрақұрылымын жаңғырта отырып, әрбір балаға сапалы білімге қол жеткізу мүмкіндігін жасау. Сайрам ауданы, Ақсу ауылындағы жаңа…
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың Тяньцзинь қаласына барып, онда жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізді. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне және «ШЫҰ плюс» отырысына қатысуды. Президенттік пулдағы журналистің айтуынша, Қытай төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ерекше ықылас танытқан. – Қытайда Си Цзиньпин келген 22 көшбасшының ішінен тек үшеуін жеке қабылдады. Құрметті қонақтар қатарында – Қасым-Жомарт Тоқаев (сондай-ақ Ресей мен Үндістан басшылары). Кешкі ас дербес, сенімді әрі достық жағдайда өтті, шамамен екі сағатқа созылды. Әңгіме үстінде «менің қымбатты досым» деген сөз бірнеше рет айтылды, ал әрбір қимыл-қозғалыстан қазақ делегациясына деген ерекше ықылас сезілді. Мұндай қарым-қатынас қазіргі қазақ-қытай байланыстарының дипломатиялық этикет шеңберінен әлдеқашан асып…
Соңғы жылдары жекешелендірілген Қазақстан әуежайларының басым бөлігіне тікелей не жанама түрде ресейлік инвесторлар иелік етуде жазады Ertenmedia Азаттық радиосына сілтеп. Мемлекет стратегиялық маңызды нысандарды модернизациялауға миллиардтап қаржы жұмсайды, алайда жаңартылған соң әуежайлар тез арада көрші елдің капиталына өтіп кетуде. Бұл тенденция авиация сарапшылары мен қоғам белсенділерінің алаңдауын туғызып отыр. Мысал үшін, мемлекет Орал әуежайын жаңғыртуға екі жылда 6,6 млрд теңге жұмсаған. Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын игеріп жатқан Karachaganak Petroleum Operating консорциумы осы жұмысты қаржыландырған. Бірақ бір жыл өтпей-ақ стратегиялық маңызды әуе айлағы ресейлік «Аэропорты регионов» холдингінің еншісіне өтті. Холдингтің артында санкцияға іліккен ресейлік олигарх Виктор Вексельберг тұрғаны белгілі. Оралдан бөлек,…
Қонаев қаласында Мемлекеттік Туды 55 метрлік тұғырға көтеру салтанаты өтті. Елдік пен Тәуелсіздіктің символына айналған бұл рәсім Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналды. Іс-шара Мемлекеттік Туды алып кіруден және Әнұранды орындаудан басталды. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел тұрақтылығы мен дамуының басты кепілі екенін атап өтті. Өз сөзінде өңір басшысы: – Ата Заңымыз – Тәуелсіз Қазақстанның даму бағдары мен тұрақтылығының кепілі. Соның арқасында халықтың әл-ауқаты артып, әлеуметтік қорғау жүйесі нығайды, азаматтардың құқықтық мәдениеті қалыптасты. Алматы облысы да тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қонаев қаласының жаңа мәртебесі мен Алатау қаласының құрылуы – өңір дамуының айқын дәлелі, – деп атап…
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа оқу жылының қарсаңында білім беру мекемелерінің дайындығына арналған жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында қалалық Білім басқармасының басшысы Сайран Сайфеденов 2025–2026 оқу жылында Алматыда 353 жалпы білім беретін ұйым жұмыс істейтінін хабарлады. Конституция күні мен Білім күніне орай қалада жаңа мектептер ашылады. «Келешек мектептері» жобасы аясында 7 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Жалпы сыйымдылығы – 12 мың орын. Олар Теректі, Самғау, Қарасу, Ақбұлақ, Нұрлы Дала шағынаудандарында, сондай-ақ Левитан көшесі мен Райымбек даңғылы, 210 мекенжайында орналасқан. Бұдан бөлек, қыркүйек айының соңына дейін тағы 5 мектеп пайдалануға беріледі. Олардың сыйымдылығы – 10,5 мың орын. Жаңа білім ошақтарына 10 889…
Алматы облысында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған іс-шаралар өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады. 6 тұрғын «Қазақстан Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталса, 9 адам облыс әкімінің Құрмет грамотасын, тағы 13 азамат Алғыс хатын алды. Аймақ басшысы Қонаев қаласындағы ерекше әлеуметтік қызметті қажет ететін балаларға арналған облыстық қолдау орталығында болып, мекеменің жағдайымен танысты. Қазіргі таңда орталықта 24 тәрбиеленуші бар. Олардың 18-і мектепке барып жүр, 4 бала колледжге қабылданса, 2 тәрбиеленуші балабақшаға қатысуда. Балаларды тасымалдау үшін орталықтың өз автобусы жұмыс істейді. Сонымен қатар әкім индустриялық аймақтағы ауқымды жобаның жүзеге асырылу барысын көрді. Қайрат…
