АҚШ Қаржы министрлігі «Роснефть» пен «Лукойлға» санкция салды әрі Мәскеуді Украинадағы соғысты дереу тоқтатып, бітімге келуге шақырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Әмерика билігі Ресей армиясын «асырап» отырған ірі компанияларды ұрымтал тұстан ұрып, Кремльді келіссөз үстеліне отырғызуды көздеп отыр. Санкцияға іліккен «Роснефть» пен «Лукойл» Ресейдің мұнай-газ нарығындағы алпауыт ойыншылар. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессенттің айтуынша, санкцияның енгізілуіне президент Путиннің соғысты тоқтатудан бас тартуы себеп болған. Министрліктің ресми мәлімдемесінде шешімнің Мәскеудің әскери амбициясын қаржыландыру мүмкіндігін шектейтіні айтылған. Жазаның салмағын арттыру үшін Уашиңтон өз одақтастарын да жаңа шектеуді қолдауға шақырып отыр. Санкцияның негізгі соққысы «Роснефть» пен «Лукойлдың» бас кеңсесіне ғана емес, сонымен қатар олардың…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Абай облысы әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жиын өтті. Аудан-қала әкімдері бейнережимде қатысты. Өз кезегінде обылыс басшысы ауыз судың мәселесі әкімдік отырысында айтылып қана қоймай, күн сайынғы бақылауға алынуы керек екенін қадап тұрып айтты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі бойынша Абай облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Раджан Сейітқанов баяндады. Мемлекет басшысының елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында облыста тиісті жұмыс атқарылуда. Өңірдегі 1 қала мен 9 ауданда 33 жоба жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда…
Семей қаласында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу күні» аясында жаңа орман тұқымбағы ашылды. Бұл бастама өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған нақты қадам ретінде бағаланып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаға Абай облысының әкімі, орман шаруашылығы мамандары мен жастар белсенділері қатысып, жасыл аймақты көбейтуге бағытталған жұмыстардың маңызын атап өтті. Тұқымбақтың жалпы аумағы 100 гектарды құрайды. Мұнда қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар өсіріліп, арнайы жылыжайлар, қоймалар мен қызметтік нысандар салу жоспарланған. Өңірде соңғы жылдары орман қорын қалпына келтіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Биыл облыс аумағында 65 мыңнан астам ағаш отырғызылған. Ал «Семей орманы» аумағындағы өрттен кейінгі қалпына келтіру жұмыстары аясында жыл сайын 20 миллионнан астам…
Вице-премьер Қанат Бозымбаев Самара–Шымкент тасжолында болған қайғылы жол апатынан кейін арнайы жиын өткізіп, бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Ertenmedia. 23 қазан күні таңғы сағат 08:40 шамасында Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылының тұсында «DAF» маркалы жүк көлігі мен жолаушы тасымалдаған «Газель» шағын автобусы бетпе-бет соқтығысып, ауыр апат болды. Салдарынан екі көліктің де жүргізушілері және «Газельде» болған 10 жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Қаза болғандардың арасында 3 және 9 жастағы екі бала бар. Апатқа ұшыраған 16 орындық жаңа «Газель» Жүргенов ауылынан таңғы жетіде жолға шыққан. Жолаушы тасымалдауды жеке кәсіпкер атқарғаны анықталды. Ал жүк көлігін Өзбекстан азаматы басқарған, ол Хромтау қаласынан…
Халықаралық Энергетика агенттігінің соңғы баяндамасы мұнай дәуірінің шарықтау шегі жақындағанын айқын көрсетіп отыр. Сарапшылардың болжауынша, 2030 жылы жаһандық сұраныс ең жоғары деңгейге жетіп, содан кейін біртіндеп төмендей бастайды. Африка мен Азиядағы дамушы елдерде тұтыну өсіп жатқанымен, 2050 жылдан кейін баламалы қуат көздері жел, күн және атом станциялары басты орынға шығуы ықтимал. Электр көліктері кең таралып, көмірсутекке тәуелділік азаяды. Осы болжамдардың шынайылығын бағалау үшін «Жаһан жайы» бағдарламасының тұрақты сарапшысы Айнұр Тұқымова әлемдік энергетикалық аналитиканың жетекші өкілдерінің бірі, S&P Global компаниясының вице-президенті Мэттью Сейгерспен әңгімелесті. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Білікті маман Қазақстанның энергетикалық келешегі жайында ой бөлісті. – Доктор Сейгер, энергетикалық транзит…
Атырауда облыстық ардагерлер кеңесінің VI пленумы өтіп, онда Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауынан кейінгі міндеттер қаралды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жиында облыс әкімі Серік Шәпкенов жасанды интеллектіні дамытудың стратегиялық маңызына тоқталды. – Жасанды интеллектіні дамыту – бұл тек технологиялық үдеріс емес, экономиканы жаңа деңгейге көтеретін стратегиялық бағыт. Әлемдік тәжірибе оның түрлі саладағы тиімділігін дәлелдеді. Сондықтан жаңа технологияларды өңірдің даму басымдығына айналдыру – біздің негізгі міндетіміз, – деді С.Шәпкенов. Пленумда өңірдегі цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Қазір облыста геопортал әзірленіп,…
Жетісу облысында «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы жоспарланған мерзімінен бұрын аяқталды. Бүгін Республика күні қарсаңында «Үшарал» автоматты газ тарату станциясында салтанатты іс-шара өтіп, онда жоба аясындағы алты автоматты газ тарату станциясында (АГТС) бір мезгілде көгілдір отын алауы жағылды. Бұл инвестициялық жобаны Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Атап өтсек, «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құбырының құрылысы өткен жылдың тамыз айында басталған. Жобаны іске асыру барысында 302,4 км газ құбыры тартылды. Сондай-ақ 6 газ құбыры-бұрмасы және «Қапал», «Жансүгіров», «Сарқан», «Қойлық», «Қабанбай» және «Үшарал» 6 автоматты газ тарату станциясы салынды. Жобаның іске асырылуы…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. «Мемлекеттік егемендік туралы декларация және қазіргі Қазақстан» тақырыбындағы жиынға отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, университет басшылығы, профессорлар мен студенттер қатысты. Конференцияны университет ректоры Жансейіт Түймебаев ашып, Республика күнінің мәніне тоқталды. Оның айтуынша, бұл күн – ұлттық бірлік пен мемлекеттілік идеясының символы. «Бұл мереке – жай ғана тарихи дата емес. Бұл – елдің өткеніне тағзым, болашаққа деген сенімнің белгісі», – деді ректор. Ол сөзінде қазақстандық конституционализмнің қалыптасуына үлес қосқан Сұлтан Сартаев пен Салық Зимановтың еңбегін ерекше атап өтті. Ректор сондай-ақ Қазақстанның қазіргі даму бағытына…
Республика күні қарсаңында руханият саласында маңызды бір оқиға өтті. Қазақ қоғамының рухани сұранысын қанағаттандырып келе жатқан «Атамұра» баспа корпорациясы мен оның президенті Рақымғали Құл-Мұхаммедке жоғары қоғамдық марапаттар табысталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Салтанатты жиын барысында Рақымғали Абрарұлы баспаның атқарған жұмыстары мен жетістіктері туралы айтып, ұлттық әдебиет пен білім саласына қосылған үлеске тоқталды. Оның айтуынша, баспаның басты мақсаты – сапалы мазмұн арқылы ұлттың рухани деңгейін көтеру. Іс-шарада Қоғамдық марапаттар жөніндегі республикалық кеңес пен «Уақыт Таңдауы» агенттігінің бірлескен жобасы аясында «Атамұра» баспасы «Жылдың үздік баспасы» атағына ие болды. Сонымен қатар Рақымғали Құл-Мұхаммедке ұлт руханияты мен баспа ісіне қосқан еңбегі үшін «Ұлт қайраткері» медалі…
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күніне орай, «AI-Art: Бояудағы болашақ» атты шығармашылық пленэр ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Мұндағы басты мақсат – заманауи технология мен дәстүрлі өнердің үйлесімін көрсету, ЖИ дәуіріндегі ҚазҰУ-дың дамуы мен болашақтағы келбетін қылқалам арқылы бейнелеу және студенттер арасында жасанды интеллект көмегімен сурет салу конкурсын жүзеге асыру. Сондай-ақ жасанды интеллект технологияларын шығармашылық салада қолдануды насихаттау, студенттердің цифрлық ойлау және визуалды экспрессия қабілеттерін дамыту, оқу ордасы жастарының инновациялық әлеуетін арттыру. Ашық аспан астындағы пленэрге Қазақстан суретшілер одағының мүшелері, атап айтқанда: Мәлік Қайдаров, Құрманғазы Ақашев, Ернат Иманбакиев, Нұрболат Талғатұлы, Айдос Сейдақұл, Мәлік Жұмағұлов, Бақтияр Бүркітбаев, Төлеген Сүлейменов, Серік Тайнов,…










