Ақмола облысында мүгедектігі бар азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатыр. Бұл – тек әлеуметтік міндет емес, қоғамның сапасын көрсететін нақты өлшем, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде өңірде мыңнан аса нысан бейімделіп, пандустар, арнайы кіреберістер, кең есіктер мен тактильді жолақтар орнатылуда. Ең маңыздысы – адамдар күнделікті баратын емхана, мектеп, колледж, мәдениет үйі мен кітапханаларда қолжетімділік мәселесі нақты шешімін тауып келеді. Бұл жұмыс Президенттің мүгедектігі бар азаматтарды қоғамнан бөліп қарамау жөніндегі тапсырмасымен тікелей байланысты. Яғни, мақсат – оларды оқшаулау емес, толыққанды қоғамдық өмірге араластыру. Жобаның негізі Amanat партиясының жол картасына сүйенеді. Құжатта бұл бағыт жеке қарастырылып, өңірде арнайы…
Автор: Асылхан Бөрібай
Еліміздің Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Мәскеуде ресейлік әріптесі Сергей Лавровпен кездесіп, екі ел арасындағы байланыстың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia. Министрлер келіссөзі президент Тоқаевтың 12 қарашаға жоспарланған Ресей сапары қарсаңында өтті. Ермек Көшербаев екі ел басшысы арасындағы сенімді әрі тұрақты диалог Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасының қозғаушы күші екенін атап өтті. Өз кезегінде Сергей Лавров Қазақстан мен Ресей президенттері арасындағы «ерекше байланысты» жоғары бағалап, мұндай қарым-қатынас стратегиялық серіктестік пен көршіліктің дамуына тың серпін беретінін айтты. Келіссөз барысында Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктесі ретінде тағы да расталды. «2024 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда айналымы 28 миллиард доллардан асты. Бұл көрсеткішті…
Бүгін Абай облысы мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті. Сессияға облыс әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, депутаттар, басқарма басшылары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде осындай сессиялар елдің өңірлік басқару жүйесінде айқын бағдарлар қалыптастыратын, нақты шешім қабылданатын саяси алаңға айналып келеді. Қоғамдық сұраныс пен жергілікті билік арасындағы дәнекер саналатын мәслихаттардың ендігі қызметі өткеннің инерциясымен жүріп отыру емес, жаңа саяси мәдениетті қалыптастыру болуға тиіс. Абай облысы әкімі Берік Уәли, мәслихат төрағасы Шалқар Байбеков, басқарма басшылары мен депутаттар қатысқан жиында бірнеше маңызды құжат қабылданды. Алқалы басқосуда жекелеген азаматтарға дәрі-дәрмек пен медициналық…
Қазақстанда білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасы нақты нәтиже беріп келеді. Оқу-ағарту министрлігі іске асырып отырған бұл бастама жаңа буын басқарушыларын даярлауға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жобаның қорытынды кезеңінен өткен педагогтермен кездесіп, кадрлық резервке енген қатысушыларға сертификаттар табыстады. Биыл жобаға қатысқан 411 үміткер қорытынды бағалаудан өтіп, әңгімелесуге шақырылған. Нәтижесінде 403 педагог кадрлық резерв құрамына енгізілді. Министр кездесуде білім беру жүйесін дамыту бағыттарына тоқталды. Оның айтуынша, соңғы жылдары білім сапасын арттыру, кадрлық әлеуетті күшейту, инфрақұрылымды жаңарту және цифрландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Басты өзгеріс басқару деңгейінен басталуы тиіс деген ұстаным…
Бүгін Жетісу облысында Республика күнінің қарсаңында «Қайнар-АКБ» зауытының жаңа өндірістік желісі іске қосылды. Мұнда резервте электр қуатын беруге арналған аккумулятор батареялары өндіріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Зауыт ұжымын қуанышты сәтпен облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтады: – Жаңа жоба облыс экономикасын дамытуға, жергілікті халықты жұмыспен қамтуға ықпал етеді деп сенеміз. Бұрын автокөлік аккумуляторлары «Қайнар» зауытының танымал бренді болса, енді оның жаңа өнімдері де сапа мен сенімділіктің кепілі болғалы отыр. Біз отандық өнім өндіру ісін ұйымдастыруға септігін тигізетін осындай бастамаларды әрдайым қолдауға дайынбыз, – деген өңір басшысы бірқатар зауыт жұмысшыларына алдағы Республика күніне орай Құрмет…
Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Бұл құжат елдің алдағы үш жылдағы қаржылық саясатының негізгі бағытын айқындайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Үкімет ұсынған бюджет жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес әзірленіп, Бюджет кодексінің талаптары негізінде қалыптастырылған. Құжатта экономиканың тұрақтылығын сақтау, әлеуметтік міндеттемелерді орындау және стратегиялық жобаларды қаржыландыру басты басымдық ретінде белгіленген. Сонымен қатар Мәжіліс 2026-2028 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттер көлемі туралы заңды да қабылдады. Бұл шешім өңірлердің қаржылық теңгерімін сақтауға және әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауға бағытталған. Жергілікті бюджеттердің кіріс болжамы жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің енгізілуін ескере отырып жасалған. Яғни алдағы кезеңде салықтық түсімдер мен қаржы…
2026 жылғы республикалық бюджет елдің әлеуметтік саясатқа басымдық беретінін айқын көрсетті. Жалпы шығыстар көлемі 10,7 трлн теңгені құрап, оның басым бөлігі халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған, деп жазады Ertenmedia.kz. Бюджеттің 6,8 трлн теңгесі әлеуметтік төлемдерге жұмсалса, 3,9 трлн теңге білім беру мен денсаулық сақтау салаларына, яғни адами капиталды дамытуға бағытталған. Үкіметтің негізгі мақсаты – құрылымдық реформалар арқылы шығыстардың тиімділігін арттырып, азаматтардың өмір сапасын жақсарту. Денсаулық сақтау саласына 2,7 трлн теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 107 млрд теңгеге артық. Мұндай өсім медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтіп, саланың сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Білім және ғылым саласына 901,7 млрд теңге бөлу жоспарланған. Бұл қаражат…
Бүгін, 22 қазанда Республика күні қарсаңында Мұнайлы ауданының Айрақты елді мекенінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында №21 жалпы білім беретін мектептің салтанатты ашылуы өтті. Бұл – Маңғыстау облысында аталған бағдарлама бойынша пайдалануға берілген он бірінші мектеп. Жаңа білім ордасы 900 оқушыға арналған. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, ұстаздар мен оқушыларды жаңа білім ошағының ашылуымен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Келешек мектептері» ұлттық жобасы – еліміздегі білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заманауи мектептердің ашылуы қала мен ауыл арасындағы алшақтықты азайтып, балалардың әлеуетін ашуға және бәсекеге…
Қоғамдағы тәртіп ел азаматтары арасындағы түсіністікпен өлшенеді. Соңғы жылдары тұрмыстық деңгейдегі жанжалдың көбейіп, оның соңы қылмысқа ұласатынын көріп жүрміз. Бір үйде тұрып, бір аулада өмір сүретін көрші-көлеңнің көлікті дұрыс қоймаудан, жөндеу жұмыстарын түнде жүргізіп бір-бірімен қатты ренжісетіні жасырын емес. Осындай ұсақ-түйектің соңы кейде елеулі оқиғаға ұласып кетеді. Сондықтан құқықтық профилактиканы дамытып, ел ішіндегі тыныштықтың тірегіне айналдырудың маңызы зор. Осы мәселеге байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Мәжіліске барып, қоғамдық тәртіпті күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістерді таныстырды. Министрдің айтуынша, құқық қорғау органдары тек жазалаудан бөлек, алдын алумен айналысуы керек. Бұл ретте министрлік тұрғын үйлердегі Мүлік иелері бірлестігімен бірлесіп жұмыс істеуге ықласы…
Бүгін Ақтаудағы кемелер айлағында Жағалау күзетінің «Семей» атты жаңа кемесіне ту көтеру салтанаты өтті. Республика күні қарсаңындағы ел қауіпсіздігіне деген жаңа көзқарасты сезіндірді. Жиынға Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Әскери-теңіз күштерінің өкілдері қатысып, кеменің сапқа қосылуы тек техникалық қуаныш емес, мемлекеттік маңызы бар оқиға екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. «Семей» кемесіне мемлекеттік ту тапсырылып, теңіз дәстүріне сай ту көтеру рәсімі өтті. Бұл әскери рәсімнің астарында жауапкершіліктің ауыр жүгі жатыр. Ту көтерілгенде жай ғана темір кеме емес, елдік борышы бар тірі мінісше көрінеді. Өйткені мұндай кемелер суды ғана емес, сенімді де күзетеді. Маңғыстау облысы әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың…









