Ресейлік-әзербайжандық танымал кәсіпкер әрі әнші Эмин Ағаларов Маңғыстау облысында ірі халықаралық курорт салуды жоспарлап отыр деп жазады Ertenmedia. Бұл туралы Kazakh Tourism ұлттық компаниясы мен Sea Breeze Resort арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою кезінде белгілі болды. Жоба Каспий жағалауындағы Кендірлі мен Жылы жағажай аумақтарында іске асуы мүмкін. Эмин Ағаларов Instagram парақшасында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы туризмді дамытуға күш салатынын айтып, жақын арада Маңғыстауға келіп, болашақ жобаның орнын өзі көріп қайтатынын хабарлады. Алайда бұл бастамаға назар аудартатын тағы бір маңызды жайт бар: Эмин Ағаларов – Ресейдегі танымал миллиардер Араз Ағаларовтың үлкен ұлы. Араз Ағаларов Ресей президенті Владимир Путинге жақын кәсіпкерлердің…
Автор: editor
Мәжілісте Жоғары аудиторлық палатаның есебі тыңдалып, бюджет кірісінің жартысына жуығы Ұлттық қордан алынатын трансферт мен сырттан тартылған қарыз есебінен жабылып отырғаны анықталды деп жазады Ertenmedia. Мұндай тәуелділік қаржы тұрақтылығын шайқалтып қана қоймай, бюджетті жоспарлаудағы хаосты күшейткен. Жоғары аудиторлық палата мүшесі Нұрлан Нұржанов атап өткендей, былтыр бюджеттің кіріс бөлігі үш рет қайта қаралып, жоспарлы түсімдердің өзі орындалмаған. Сөйтіп, бюджет тапшылығын жою үшін Ұлттық қор мен сыртқы қарызға жүгінуге тура келген. «Бұл қордағы қаржыны болашақ ұрпаққа сақтаудың орнына, күнделікті қажеттілікке жұмсап отырмыз деген сөз», — дейді сарапшылар. Соның салдарынан бюджеттің шығыс бөлігін 13 рет өзгертуге тура келген. Осы арқылы 6,2 трлн теңгенің…
Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов «Самұрық-Қазына» қорының қызметін қатаң сынға алды. Мәлімдеме Мәжілісте Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның 2024 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін талқылау барысында жасалды, деп хабарлайды Ertenmedia. Талқылауда депутат Жұбанов ұлттық компанияларда өте бай адамдардың қызмет ететінін, ал олардың көпшілігінің бизнес жүргізуден мүлдем хабары жоқ екенін ашық айтты. «Ұлттық компанияларда кәсіппен бір күн де айналыспаған, бірақ өте ауқатты адамдар жұмыс істейді. Отбасында да ешкім кәсіпкер болмаған, бірақ байлығы асып-тасып тұрған азаматтар бар екенін бәріміз білеміз. Біз бүкіл байлығымызды бір қолға жинап, ұрлауға өте ыңғайлы жағдай жасап қойдық. Мен жалпы «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына түбегейлі қарсымын. Оны тезірек тарқатып, бәсекелі…
Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген «QazaqGaz» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов «Талдықорған-Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының барысымен танысты. Ресми қонақтарды Ақсу ауданындағы құрылыс алаңына облыс әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов бастап барды. Белгілі болғандай, «Талдықорған — Үшарал» газ құбырының желілік бөлігін салу жұмыстары аяқталған. Қазір автоматты газ тарату станциялары тұрғызылуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алдымен «Жансүгіров» АГТС-ының алаңына барған ресми қонақтар мұндағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Бұл ретте С. Жаркешов бірінші кезекте жұмыстың сапасына баса көңіл бөлуді қатаң тапсырды. — Бүгінгі күні «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырын салуға үлкен назар аударылып отыр. Бұл — Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Ұлттық қордың қаржылай…
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек елдегі ең ірі компаниялардың мемлекеттік тендерді майшелпекке айналдырып, халықтың қалтасын қалай қағып жатқанын ашып көрсетті деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, ұлттық компаниялар «отандық өнімді қолдау» деген ұранды жамылып, арзанқол қытайлық тауарларды отандық деп өткізіп, арадағы бағасын бірнеше есе асырып, миллиардтаған теңгені жымқыру схемасын құрған. Мәселенің мәнісіне үңілген заңгер нақты бір мысалды көлденең тартты. «Самұрық-Қазына» қорының сайтында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы еліміздің сегіз өңіріне 18 дана жылжымалы электростанция (қарапайым генераторлар) сатып алуға тендер жариялаған. Жалпы сома – 185 миллион теңге. Талап бойынша, генераторлар Ameco industrial брендімен, әрі міндетті түрде отандық өнім болуы тиіс. Бірақ осы жерде…
Шардара ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында сенбіліктер мен экологиялық шаралар жүйелі түрде жалғасып келеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Наурыз айынан басталған “Таза бастау”, “Жасыл толқын”, “Таза табиғат”, “Киелі мекен” атты науқандар аясында аудан көлемінде ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, Шардара суқоймасы, Ұзын ата кесенесі және қала мен ауыл округтерінің ішкі-сыртқы аумақтарында шөптер шабылып, аяқ жолдар ретке келтірілуде. 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында тазалық жұмыстарына 22 980 адам қатысып, 578 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы полигонға шығарылған. Бүгінгі өткен сенбілікке аудандағы түрлі мекеме қызметкерлері, еріктілер, қоғамдық жұмысшылар мен тұрғындардан құралған 1000-нан астам адам қатысып, 34 арнайы техника жұмылдырылған. Нәтижесінде 38 тонна…
Семейде облыстық көпсалалы аурухана салынады. Бүгін медициналық нысанның іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли және осы саланың ардагерлері, дәрігерлер қатысты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Президенттің тапсырмасына сәйкес бой көтеретін ғимарат Абай облысын дамытудың кешенді жоспарына енген. 300 төсек-орындық жаңа көпсалалы ауруханада бір ауысымда 250 адамды қабылдайтын кеңес беру және тексеру бөлімі жұмыс істейтін болады. Аймақ басшысы бұл медициналық нысанның өңір тұрғындары үшін маңызы зор екенін атап өтті. «Абай облысы – ертеден дәрігерлік дәстүрі қалыптасқан киелі өңір. Аймағымыздан шыққан білікті мамандар қазақ медицинасының негізін қалады. Алайда, соңғы ширек ғасырда бұл сала назардан тыс қалып, білікті мамандардың басқа өңірлерге қоныс…
Астанада 5 мыңнан астам қала тұрғыны мен қонағы қатысқан дәстүрлі BI Marathon қайырымдылық жарысы өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жарыс спорт пен ізгілікті біріктіріп, салауатты өмір салтын насихаттаумен қатар, қатысушылар тазалыққа да бейжай қарамай, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына белсенді түрде атсалысты. «Біз қаламызда тазалықты сақтау мәдениетін қалыптастырғымыз келеді. Сондықтан бүгін ауа райының қолайсыздығына қарамастан, саябақтың айналасын күл-қоқыстан тазартуға үлесімізді қостық. Бұл іс-шарадан жастардың қалыс қалмағанын қалаймын. Өскелең ұрпақ қоршаған ортаның тазалығына бейжай қарамауы қажет деп ойлаймын», – деді еріктілердің бірі. «10 шақырымды 1 сағатта жүгіріп өттім. Жаңбыр жауса да, көңіл күй тамаша. Мұндай жарысқа алғаш рет қатысып тұрмын. Жарыс жақсы ұйымдастырылған.…
Жетісу облысының Талдықорған қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» атты тұңғыш халықаралық инклюзивті этнокөрме өтті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Іс — шараны облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Талдықорған қаласы әкімдігінің қолдауымен «Мейірім» мүгедектердің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Көрме орталығының ғимаратында өткен іс-шараның негізгі мақсаты – өнер мен мәдениет арқылы инклюзияны ілгерілету. Ерекше қажеттілігі бар жандардың өз қолымен жасаған авторлық бұйымдарының таныстырылуына ерекше назар аударылды. — Біз шығармашылықтың шегі жоқ екенін көрсетуге тырыстық. Мүгедектігі бар адамдар жай ғана көрермен емес, мәдени диалогтың толыққанды қатысушысы да бола алады. Бұл көрмеде біз мұны ашық жариялауға мүмкіндік алдық.…
Ұлан ауданының Тарғын ауылында орналасқан «Диана» шаруа қожалығы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жартылай фабрикаттар өндіретін цехын кеңейтіп, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 2021 жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Диана» шаруа қожалығы бүгінде ауыл кәсіпкерлігінің дамуына өз үлесін қосып отыр. Қожалық жетекшісі Бердинова Арай Зарыкқанқызы 2023 жылы ауыл ішінде жартылай фабрикат өнімдерін шығаратын цех ашып, өндірісті қолға алған болатын. Цехта түшпара, мәнті, вареники сияқты ұн өнімдері мен фарш жасалады. Кәсіптің ауқымын кеңейту мақсатында 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 8 640 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, өндіріс орны күрделі жөндеуден өтіп, жаңа жабдықтармен толықты. Бұл…