Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

мұнай-газ сарапшысы Нұрлан Жұмағұлов

90-жылдары жасалған мұнай келісімдері елді аяққа тұрғызды, бірақ бүгін «кім ұтты, кім ұтылды, енді шарт жаңаруы керек пе?» деген сұрақ көпшілікті мазалайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өтпелі дәуірде Қазақстан мұнайын бөлісу туралы келісімшарттар елдің экономикалық тірегіне айналды. Сол кезде еліміз халықаралық инвесторларға есігін айқара ашқан еді. Олардың капиталы мен технологиясы болмаса қара алтынды барлау да, өндіру де мүмкін емес-тұғын. Бірақ сол келісімдер кімге қаншалықты тиімді болды? Келісімдер жаңғыртылуы керек пе? Осы сұрақтар төңірегінде «Жаһан жайы» бағдарламасының жүргізушісі, журналист Индара Тұрсынбай Energy Monitor қоғамдық қорының атқарушы директоры, мұнай-газ саласының сарапшысы Нұрлан Жұмағұловпен сұхбаттасқан еді. Сол сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. Үлес 20 пайызға дейін…

Толық оқу

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Маңғыстау ауданына жасаған жұмыс сапарында ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалын талдап, халықпен тікелей пікірлесуге басымдық берді. Мұндай кездесу өңір мен орталық биліктің арасын жалғайтын, нақты істер мен халықтың шынайы үнін қатар еститін маңызды диалог алаңы екені байқалды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kzМаңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде Маңғыстау облысы әкімдігінде халықпен ашық әңгіме құру жұмыстың өзегіне айналған. Әсіресе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы осындай жүздесулерде өміршеңдік табатыны көрінеді. Кездесудің басында аудан әкімі Ғалымжан Ниязов 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуға шолу жасап өтті. 38 мыңнан астам халқы бар Маңғыстау ауданы ауыл шаруашылығы мен…

Толық оқу
Ниязов

Журналист Асхат Ниязов YouTube-тегі «Прожарка» шоуында айтқан әзілі үшін заң алдында жауап беруі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Белгілі блогер Диас Құзайыров журналистің эфирдегі сөзін ұлттық бас киім тақияны қорлау және қазақ халқының ар-намысына тию деп бағалап, құқық қорғау органдарына шағым түсірді. Әлемжеліде тараған видеода Асхат Ниязов тақия туралы «мүшесінде тақия ілініп тұр» деген мағынадағы дөрекі тіркес айтқан. Блогердің пікірінше, тақия қазақ халқының ар-намысы мен абыройының символы саналатын ұлттық бас киім. Ал Ниязовтың айтқан сөзі қазақ ұлтының қадір-қасиетін әдейі кемсіту мақсатында айтылған. Осы себепті блогер Құзайыров журналистің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына («ұлтаралық алауыздықты қоздыру») сай келеді деп санайды. Бұл бап…

Толық оқу
сақтау

Еліміздің денсаулық сақтау саласында дәрі-дәрмек жеткізу тізбегі цифрлық негізде қайта жаңартылып жатыр. «СҚ-Фармация» компаниясы логистиканы басқарудың жаңа кезеңіне өтіп, дәрі-дәрмектің қозғалысын толықтай онлайн бақылауға мүмкіндік беретін жүйені енгізуге кірісті. Енді жеткізілім жолы, қоймадағы тауар қоры, тасымал уақыты мен сапасы нақты уақытта көрініп тұрады. Бұл бастама тек техникалық жаңалық қана емес, медициналық ұйымдарға дәрі-дәрмекті уақтылы жеткізудің кепілі болмақ. Мәселе көп жылдан бері өзекті. Кейде өңірлерде дәрі-дәрмек уақытында жетпей, емделушілерге қолайсыздық туып жататын. Осындай олқылықтарды болдырмау үшін бірыңғай дистрибьютор заманауи логистикалық шешімдерге көшіп отыр. Жол картасы 2025–2026 жылдарды қамтиды және оның басты мақсаты – қоймадан ауруханаға дейінгі процестің әр сатысын ашық әрі…

Толық оқу

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында мәслихат депутаты Ерлан Жұмаділов сирек кездесетін құстарды заңсыз аулағаны үшін ұсталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Дереккөздердің мәліметінше, құқық қорғау органдары 49 жастағы депутаттың Басши ауылындағы жазғы асханасынан Қызыл кітапқа енген екі тірі ителгіні және оларды аулауға арналған қолдан жасалған торды тәркілеген. Ителгі – халықаралық деңгейде қорғалатын құстардың бірі. Қара нарықта оның бағасы өте жоғары. Көбіне мұндай құстарды заңсыз аулап, шетелге контрабандалық жолмен сатуға тырысады. Оқиғаның өзекті тұсы – күдіктінің өзі табиғатты қорғауға тиіс мемлекеттік ұлттық табиғи парк жүйесінде қызмет атқарады. Яғни заңды сақтауға жауапты адамның өзі заң бұзған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, депутат екі серігімен бірге ителгілерді…

Толық оқу

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы тауар айналымы екі есе ұлғайып, серіктестіктің жаңа деңгейіне шықты. Екі елдің ынтымақтастығы сауда, өнеркәсіп, логистика және цифрландыру салаларында дамуда, деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл жайлы Астанада өткен Қазақстан-Әзербайжан бизнес-форумында ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабеков хабарлады. 2025 жылдың қаңтар–тамыз айларында өзара тауар айналымы $343,3 млн-ға жеткен. Оның ішінде Қазақстан экспорты $290,8 млн болса, Әзербайжаннан импорт 58%-дан астам өскен. Вице-министрдің айтуынша, Қазақстан Әзербайжанға экспортталатын тауар түрлерін кеңейтуді ұсынып отыр. Бұл бағытта еліміз жалпы көлемі 14,5 млн тонна болатын ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге дайын. Олардың қатарында дәнді және майлы дақылдар, ұн, май және картоп бар. – Бүгінде бізге…

Толық оқу
Құлыбаев

Қазақстанда банктер мен жекеменшік компанияларға «халық» сөзін қолдануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Orda-ның мәліметінше бастаманы қолдаған 50-ден астам депутат тиісті ұсынысты «Банктер туралы» заңның 7-бабына өзгеріс ретінде енгізді. Түзетудің негізгі авторы депутат Марат Бәшімов. Оның айтуынша, «халық» сөзі Ата заңда биліктің қайнар көзімен тікелей байланысты ұғым. Мұны жеке меншік банктер мен олигархиялық құрылымдар коммерциялық мақсатта пайдаланған кезде, қоғамда «жалған қоғамдық миссия» туралы қате түсінік қалыптасып, елдің қаржы жүйесіне деген сенімге селкеу түседі. «Конституциядағы «халық» сөзі қасиетті ұғым, ол биліктің қайнар көзі. Осындай салмақты ұғымды коммерциялық құрылымдар жарнама ретінде пайдаланып отыр. Бұл тұтынушыларды шатастырады және әділ бәсеке ережесін бұзады»,…

Толық оқу
дархан сатыбалды

Алматы қаласында әкімдік мердігер компаниялардың жауапкершілігін қатаң бақылауға алды, деп жазады Ertenmedia.kz. Соның алғашқы нәтижесі ретінде «AsiaMax» құрылыс компаниясы лицензиясынан айырылды. Компания Әбіш Кекілбайұлы көшесіндегі кәріз желісін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізуді мойнына алған еді. Алайда, тексеріс барысында жобалық талаптар мен құрылыс нормаларының өрескел бұзылғаны анықталып, нысандағы жұмыс уақытылы аяқталмаған. Тұрғындар тарапынан да шағым көбейіп, қала әкімдігі мәселені жүйелі түрде шешу қажет деген шешімге келген. Қалалық құрылыс бақылау басқармасы мұндай шешімнің кездейсоқ қабылданбағанын мәлімдеді. Сарапшылар жобада қолданылған материалдардың сапасын, инженерлік жүйелердің стандарттарға сәйкестігін және қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеріп шыққан. Нәтижесінде, бірқатар ауытқулар мен немқұрайлықтар анықталған. Қала әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасына…

Толық оқу

Соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі пікірлер мен реакциялар шынайы қоғамдық көзқарастың көрінісінен гөрі, арнайы ұйымдастырылған ақпараттық ағынның бір бөлігіне айналып бара жатқандай… Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы жүргізген зерттеу кезінде жүздеген жазбаның астында бір үлгіде пікір қалдырып, өздерін қарапайым қолданушы ретінде көрсететін адамдардың тұтас желісі анықталған. Олар нақты бір оқиғаға қоғамның көзқарасын өзгертуге, талқылау бағытын бұрмалауға және адамдар арасында сенімсіздік тудыруға бағытталған әрекеттер көздеген. Тролльдер көбінесе бір сценариймен жұмыс істейді. Алдымен қоғамда қызу талқыланып жатқан тақырыпқа назар аударады, содан кейін пікірталасты басқа арнаға бұрып, эмоция тудырып, адамдарды дауластыруға итермелейді. Олар кейде мемлекеттік саясатқа, кейде жергілікті мәселелерге қатысты жазбалардың астында көрінеді. Бір…

Толық оқу
Касым-Жомарт Токаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы телекөпір арқылы KIA Qazaqstan автомобиль зауытын ашып, бұл еліміздегі машина жасау саласын дамыту бағытындағы өте маңызды қадам екеніне назар аударды, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекет басшысы осыдан екі жыл бұрын Қостанайға сапары кезінде KIA Sportage автокөлігінің өндірісі іске қосылғанын еске салды. Бүгін KIA Motors корпорациясымен жасалған келісімге сәйкес зауыт ашылды. Қасым-Жомарт Тоқаев KIA Corporation президенті Хо-сунг Сонгқа және компанияға шынайы ризашылығын білдіріп, ауқымды жұмыс атқарылғанын, нәтижесінде өзара тиімді және жемісті байланыс нығая түскенін атап өтті. – Жалпы, бүгінгі айтулы оқиға Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық серіктестік пен табысты қарым-қатынастың жарқын көрінісі екені анық. Корея Республикасы –…

Толық оқу