Биылғы жиын-терін науқаны ауылдағы еңбектің шынайы бағасын тағы бір мәрте көрсетіп берді. Табиғаттың тосын мінезіне қарамастан, шаруалар өз жұмысын тоқтатпады, техника уақытында іске қосылып, астық көздеген межеден асып түсті, деп жазады Ertenmedia.kz. Ауыл шаруашылығы министрлігі алдын ала дизель отынын бөліп, техникалық қамтамасыз етуді күшейткенінің арқасында биылғы науқанды жүйелі түрде аяқтауға мүмкіндік туды. Айтпақшы, биыл майлы дақылдардың көлемі артып, егістікті әртараптандыру жұмыстары нақты нәтиже бере бастағанын ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Ertenmedia.kz сайты тілшілеріне әңгімелеп берді. – Азат мыраза, бүгінде еліміздегі жиын-терін жұмыстары толық аяқталуға жақын қалды. Биылғы жиын-терін жұмыстары қалай өтті. Қанша астықты қамбаға бастырдық осыдан әңгімемізді бастасақ? – Еліміздегі жиын…
Автор: Асылхан Бөрібай
Алматы облысының Қарасай ауданындағы Шамалған ауылында орналасқан «Керуен» агрофирмасы бүгінде еліміздегі ауыл шаруашылығы саласындағы ең озық өндірістік үлгілердің бірі саналады. Бұл кәсіпорын жеміс өсіруден бастап, дайын шырын мен джем шығаруға дейінгі толық циклді іске асырып отырған заманауи агробизнес құрылымы. Әр өнім Vitamina брендімен нарыққа шығып, қазақстандық тұтынушылардың сеніміне ие болып үлгерді, деп жазады Ertenmedia.kz. 1999 жылы іргетасы қаланған компания алғашқы жылдары медициналық қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру мен коммерциялық нысандар салу бағытында жұмыс істеген. Уақыт өте келе кәсіпорын өз әлеуетін ауыл шаруашылығы саласына бұрып, 2009 жылы экологиялық таза өнім өндіруге маманданған арнайы бөлімше ашты. Осы сәттен бастап «Керуен» компаниялар тобының басты…
Әлемдік жарыс аренасында Қазақстанның атын танытып жүрген ArtLine Kazakhstan командасы жаңа маусымға тың серпінмен кірісті. Аталған команда еліміз тарихында Lamborghini Super Trofeo Europe сериясына ресми түрде қатысып, халықаралық деңгейде өз жалауын көтерген алғашқы кәсіби ұжым, деп жазады Ertenmedia.kz. ArtLine Kazakhstan командасының негізін қалаушы әрі рухани көшбасшысы Шота Абхазав бала күнінен көлік тізгіні мен жылдамдық әлеміне ғашық болған адам. Оның автоспорттағы жолы студенттік шағынан басталып, «Астрада» және «Гардарика» секілді жарыс көліктерін құрастыру жобаларынан қалыптасқан. ArtLine-ның тарихы жиырма жылдан астам уақытқа созылады. 1999 жылы италиялық Фабио Бабини Формула 5 жарысында команданың алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Ал екі жыл өткен соң Маурицио Медиани…
Астана қаласындағы № 103 мектепте 8-11 сынып оқушыларына арналған «Білім берудегі инновациялар» қалалық STEM олимпиадасы өтіп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Олимпиаданың мақсаты оқушылардың ғылымға, технологияға, инженерия мен математикаға деген қызығушылығын арттыру, зерттеу дағдыларын дамыту және дарынды жастарды қолдау. Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі мен «Aстана Innovations» АҚ ұйымдастырып, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, «Астана дарыны» дарынды балалар мен таланты жастарды анықтау және қолдау орталығының, Астана қаласының білім басқармасының және «STEM Academia» ЖШС қолдауымен өткізілді. STEM олимпиадасын ұйымдастырушылардың бірі Мағжан Қыстаубаев бұл байқаудың балаларға не үшін керек екенін түсіндіріп берді. – Біздің олимпиадамыз үлкен мұхитқа…
Қазақстандық футбол клубтары жекенің қолына өтпек деп хабарлайды Ertenmedia. Президент Тоқаев кәсіпқой футбол командаларын мемлекет есебінен асырауды тоқтатуды тапсырған еді. Осы орайда депутаттық сауалға жауап қатқан премьер Бектенов футбол клубтарын сатып алуға ірі бизнес өкілдері мен компаниялар қызығушылық танытып отырғанын жеткізді. Үкімет басшысы атап өткен инвесторлар қатарында Central Asia Fuel and Energy Company (иесі Сергей Кан) «Қызыл-Жар» клубын сатып алуға дайын. Freedom Finance негізін қалаған Тимур Турлов «Шахтер» клубына арнайы стадион мен футбол академиясын тұрғызуды көздейді. Ал Михаил Ломтадзенің Kaspi Group компаниясы елордалық «Жеңіс» клубын иеленіп, Астанада футбол инфрақұрылымын дамытпақшы. TAU GROUP LTD басшысы Ислам Қозыбақов өз кезегінде «Қайсар» клубын…
Шығыс Қазақстанда әлеуметтік нысандар құрылысына бөлінген миллиардтарды жымқырған топ әшкереленді, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік қазынадан аударылған ақша өңірдегі әлеуметтік нысандардың орнына элиталы пәтер, қымбат спорткар мен асыл тұқымды жылқыларға жұмсалған. Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметінше, күдікке ілінген QazConstructions компаниясы өңірдегі жеті ауданға су құбырын тартып, төрт денешынықтыру-сауықтыру кешенін тұрғызуға келісімшарт алған. Алайда іс жүзінде кешендердің орны бос тұр, ал жеті ауылдағы 20 мыңнан астам тұрғын әлі күнге дейін ауыз сусыз отыр. Тергеу болжамына сай, компания 2 миллиард теңгеден астам бюджет қаржысын жалған компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, оны өз мүддесіне жұмсаған. Осы қаржыға Астанадағы элиталы тұрғын үй кешендерінен бірнеше пәтер, Lamborghini…
20 қазаннан бастап Қазақстанда көлік әкелуге қатысты жаңа шектеулер күшіне енді. Енді жеке тұлғаларға кейбір арнайы техникаларды ел аумағына кіргізуге тыйым салынады. Бұл шешім Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентіне енгізілген өзгерістер негізінде қабылданған. Шектеудің басты мақсаты жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, техникалық талаптарға сай келмейтін көліктердің елге заңсыз кіруін азайту және экологиялық стандарттарды сақтау, деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа ережеге сәйкес, енді ел азаматтары тек жеңіл автокөліктер мен азаматтық мақсаттағы көліктерді ғана әкеле алады. Яғни, жүк көтергіш техникалар, ауыр жол-құрылыс машиналары, арнайы өндірістік көліктер немесе медициналық мақсаттағы кейбір үлгілер жеке әкелуге жатпайды. Рұқсат берілген санатқа жеңіл көліктермен қатар…
Қазақстанда футбол клубтарын жекешелендіру процесі жаңа кезеңге қадам басты. Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің айтуынша, отандық және шетелдік инвесторлар бірнеше аймақтың жетекші клубтарына қызығушылық танытып отыр. Мақсат клубтардың қаржылық тұрақтылығын арттырып, инфрақұрылымын дамыту, футбол саласында жеке капиталдың жауапкершілігін күшейту. Мемлекет футболды қаржыландыруды біртіндеп азайтып, спортты өздігінен табыс табатын салаға айналдырмақшы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Премьер-министрдің сөзінше, ірі компаниялар мен кәсіпкерлер нақты жоспарлармен келген. Айталық, «Орталық Азия отын-энергетикалық компаниясы» Петропавлдағы «Қызыл-Жар» клубын сатып алу мүмкіндігін қарастыруда. Ал «Freedom Finance» компаниясы Қарағандының беделді ұжымы «Шахтер» үшін жаңа стадион мен футбол академиясын салуды жоспарлап отыр. Бұл жоба жүзеге асса, өңір жастарына кәсіби деңгейде дайындық алуға…
Елімізде әскери қызметшілерге арналған «Әскери баспана» бағдарламасы қайта жанданбақ. Соңғы жылдары баспана мәселесі қорғаныс саласында қызмет етіп жүрген көптеген отбасы үшін шешілмей келе жатқан түйінге айналған еді. ҚР Қорғаныс министрі Даурен Қосанов әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шешімдердің қажет екенін айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Қорғаныс министрі Даурен Қосанов «Отбасы банк» төрайымы Ләззат Ибрагимовамен кездесіп, жеңілдетілген ипотеканың бастапқы жарнасын және пайыздық мөлшерлемесін азайту туралы ұсыныс айтты. Министрдің пікірінше, қазіргі жағдайда әскери қызметшілердің көпшілігі алғашқы жарнаны жинай алмауда, себебі тұрғын үй бағасы жыл сайын шарықтап барады. Көптеген әскерилер өздері қызмет ететін өңірде дайын пәтер алғысы келеді. Олардың таңдауы ескі үйлерге…
Қытай Халық Республикасының Сауан қаласында Түркістан облысы Сауран ауданы делегациясының қатысуымен екіжақты ресми кездесу және өндірістік нысандарға танысу сапары өтті. Іс-сапардың мақсаты – өзара ынтымақтастықты арттыру, өндіріс саласындағы тәжірибе алмасу, ауыл шаруашылығы мен өңдеу өнеркәсібін дамыту бағыттарын пысықтау, сондай-ақ екі өңір арасындағы экономикалық және мәдени байланыстарды жаңа деңгейге көтеру. Бұл іс-шара Түркістан облысы әкімінің тапсырмасы негізінде жүзеге асты, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Саурандық делегация мүшелері Сауан қаласындағы бірқатар ірі кәсіпорындар мен өндіріс орындарын аралап көрді. Алдымен делегация Шыңжан Хұң Хы зерделі ауылшаруашылық машина жасау шекті серіктестігінде болып, ауыл шаруашылығына арналған заманауи техникаларды құрастыру және…










