Автор: Асылхан Бөрібай

Қыркүйек айында Қарағанды, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында бастау алған «Кітап оқитын ұлт» жобасының алғашқы кезеңі өз мәресіне жетті. «Кітап оқитын ұлт» жобасы – елімізде тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды зияткерлік-ағартушылық бастама. Негізгі мақсаты – кітап оқуды насихаттау, сыни ойлауды дамыту және кітапты білім, шабыт және зияткерлік өсудің негізгі көзі ретінде нығайту. Жоба Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың III отырысында айтылған тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады және Қазақстанды әлемдегі ең көп кітап оқитын он елдің қатарына шығаруды көздейді. Бір ай көлемінде 3 аймақтан 189 221 адам қатысуға өтінім берді. Қарағанды облысы бойынша 67 438 қатысушы тіркелсе, Қостанай…

Толық оқу

«Amanat» партиясы жанындағы өңірлік даму кеңесінің отырысында осы мәселе кеңінен талқыланды. Мәжіліс депутаты Берік Бейсенғалиевтің айтуынша, еліміздегі жылу электр орталықтарының 76 пайызы 50 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Ол тозығы жеткен жүйе әлеуметтік қауіпке айналуы мүмкін екенін ескертті, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жылу желілерінің 52 пайыздан астамы әбден ескірген. Сол себепті солтүстік пен шығыс өңірлерінде жылыту маусымы басталғанымен, кейбір нысандар әлі толық дайын емес. Отырыста айтылған деректер көңілге қаяу салады. Төрт энергия блогы, 32 қазандық пен 19 турбина әлі жөнделіп жатса керек. Бұдан еліміздің энергия жүйесіндегі негізгі тіректердің әлі толық іске қосылмағанын байқаймыз. – Халық апаттарды күтіп өмір сүре…

Толық оқу

Ақтауда «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының аясында «Президент паркі» аумағына 100 түп ағаш отырғызылды. Бастаманы «Mangistau Energo Munay»  қолға алып, өңір экологиясын жақсарту мен жасыл желекті көбейтуге бағытталған шараға 40 қызметкер қатысқан, деп жазады Ertenmedia.kz. Паркке жергілікті климатқа төзімді акация, қараағаш, сафора және вязь ағаштары отырғызылды. Мамандардың айтуынша, соңғы жылдары аптап ыстық күшейіп, жасыл аймақтардың азаюы экологияға әсер ете бастаған. Әрбір егілген ағаш тек көлеңке емес, ауаның сапасын жақсартатын, қаланың тынысын реттейтін маңызды элемент. Сондықтан бұл шараны шағын бастама деп қарауға болмайды, ол қоршаған ортаны қорғауға деген көзқарастың өзгеріп келе жатқанын байқатады. «Mangistau Energo Munay» компаниясының өкілдері бұл жұмыс жалғасын табатынын…

Толық оқу

Түркістан қаласында кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығына және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына арналған ерекше салтанатты жиын өтті. «Кәсіподақ күші – бірлікте» атты бұл іс-шарада еңбек адамдарының қоғамдағы орнын айқындап, бірліктің қадірін ұғындырған мазмұнды сәттер көп болды. Кәсіподақтар – қарапайым жұмысшының да, мұғалімнің де, дәрігердің де үнін билікке жеткізетін, еңбек құқығын қорғаудың шынайы тетігіне айналған ұйым. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, кәсіподақ мүшелерін құттықтап, олардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалады. Оның сөзінше, кәсіподақ ұйымдары елдегі әлеуметтік әріптестікті дамытуда және еңбек қатынастарын әділ реттеуде ерекше үлес қосып келеді. Соңғы жылдары өндірістегі тұрақтылық пен жұмысшылардың лайықты жағдайы осы ұйымдардың жүйелі еңбегінің нәтижесі.…

Толық оқу

Жамбыл облысында табиғатты қорғау прокурорлары шетелдік инвестордың заңды мүддесін қорғап, әділ шешімге қол жеткізді. Аймақтағы металлургиялық кәсіпорынға қатысты экологиялық талаптар бойынша туындаған даулы жағдай сот арқылы қайта қаралып, айыппұл көлемі төрт есе азайтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Прокуратураның мобильді тобына «Джон Бан МеталлПром» серіктестігі өтініш білдіріп, өздеріне салынған айыппұл сомасының заңға сай еместігін атап өткен. Экология департаменті компанияны қоршаған ортаға зиян келтірді деген айыппен 34,5 миллион теңге көлемінде жауапкершілікке тартқан еді. Бірақ тексеру барысында айыппұл есептелген кезде негізгі мерзім мен нақты бұзушылық кезеңі көрсетілмегені анықталды. Бұл жағдайда прокуратура араласып, сотқа наразылық білдірді. Нәтижесінде айыппұл көлемі 8,6 миллион теңгеге дейін қысқартылды.…

Толық оқу

Ауғанстандағы қазақтар Қазақстан халқына үндеу жолдап, Үкіметтен көмек сұрады деп хабарлайды Ertenmedia. Олар өздерінің қазақтығына күмәнмен қарайтын отандастарға назаланып, өздерінің бар арманы атамекенге оралу екенін жеткізді, «Құрметті бауырлар, біз Ауғанстанда туып-өскен қазақтармыз. Ешқашан Қазақстаннан ақша, байлық немесе басқа да материалдық көмек сұраған емеспіз. Біз тек атамекенімізде қазақ болып өмір сүргіміз келеді. Бірақ кейбір отандастарымыз бізге күмәнмен қарап, «Ауғанстан қазақтары шынайы қазақ емес» деп санайды. Бұл біздің жанымызға батады. Біз ғасырлар бойы қазақ атын жоғалтпай, тілімізді, дәстүрімізді, дінімізді көздің қарашығындай сақтап келдік. Жүрегімізде Қазақ еліне деген махаббат ешқашан өшкен емес. Егер бүгін Қазақстанның әр қазағы біздің жағдайымызды түсініп, аз да болса…

Толық оқу

Елімізде педофилия қылмысына қатысты жауапкершілікті күшейтетін маңызды шешім қабылданды. Денсаулық сақтау министрі 2025 жылдың 1 қазанында қол қойған жаңа бұйрыққа сәйкес, химиялық кастрация процедурасының ережелері жаңартылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Енді бұл шара сот үкімі күшіне енгеннен кейін, жазасын өтеп жатқан адамға түрмеден босатылуға алты ай қалғанда қолданылады. Бұл шешім қоғамда балалардың қауіпсіздігі мен әділ жаза мәселесіне деген талаптың артып отырғанын көрсетеді. Жаңа тәртіп бойынша химиялық кастрацияға сот шешімімен тартылғандар үшін емдеу шаралары жазаны өтеу мекемелерінің өзінде ұйымдастырылады. Ал жазасын өтеп шыққандар мен басқа санаттағы адамдар арнайы психиатриялық орталықтарда ем қабылдайды. Мұндай шешім қоғамдағы педофилия қылмысының алдын алу және рецидив…

Толық оқу

Қазақстанда енді қоғамдық жұмысқа тартылған заң бұзушылар арнайы «Қоғам алдындағы борышымды өтеймін» деген жазуы бар күртеше киіп жүретін болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жаңашылдықтың мақсаты жазаның бұлтартпастығын көрсетіп, тәртіп бұзушыны тәрбиелеу. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) шараның ешқандай жазалаушы сипаты жоқ екенін айтады. «Қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың арнайы жазуы бар күртеше киюі жазаны қатаңдату емес. Бұл шешім олардың өз ісіне жауапкершілікпен қарап, тәртіп пен қоғамдық сенімді қайта қалпына келтіруіне мүмкіндік береді», – дейді ҚАЖК баспасөз қызметі. Олардың сөзінше, көшені тазалап, абаттандыру жұмысын атқару арқылы заң бұзушылар қоғамға қайта араласып, елдің сеніміне ие болуға мүмкіндік алады. «Қоғамдық жұмыс тек жаза түрі ғана емес,…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысында медицина саласындағы жауапсыздық адам өмірін қиды. 45 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалуға мүмкіндік болғанымен, дәрігерлердің салғырттығы оның тағдырын үзіп, артында азалы отбасы қалдырды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2022 жылдың наурыз айының соңында Орал қаласының тұрғыны өткір инфекциялық дерттің белгілерімен ауруханаға жеткізілген. Дегенмен емдеу процесі нәтиже бермей, науқастың жағдайы күннен-күнге нашарлаған. Бір аптадан соң әйел көз жұмған. Осы қайғылы жағдайдан кейін анасы мен әпкесі әділдік іздеп, сотқа жүгінді. Олар медициналық мекеме мен облыстық денсаулық сақтау басқармасынан моральдық өтемақы талап етті. Отбасы мүшелері өз туысының өліміне медициналық көмектің сапасыздығы мен дәрігерлердің кәсіби немқұрайлығы себепші болған деп санайды. Осылайша үш…

Толық оқу

2026 жылдан бастап ел тұрғындарының әрбір ірі шығыны (қымбат техникадан бастап шетелдегі демалысқа дейін) салық органдарының назарында болады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы министрлігі алдағы жылдан бастап табысты ғана емес, әр азаматтың шығындарын да жіті бақылауға көшеді. Осыған байланысты танымал экономист, Uchet.kz компаниясының негізін қалаушы Мәксим Бәрішев қазақстандықтарға барлық ірі шығыстарды мұқият жазып, түбіртек мен чектерді сақтауға кеңес берді. «Егер азаматтың шығыны оның ресми табысынан асып кетсе, салық қызметі міндетті түрде түсініктеме талап етеді. Сондықтан шетелге саяхаттап немесе қымбат тауар сатып алған жағдайда, шығысыңыздың кірісіңізден асып кетпеуін қадағалаңыз», – дейді Бәрішев. Қаржы министрлігі кіріс пен шығысты салыстыру арқылы азаматтардың жасырылған, декларацияланбаған…

Толық оқу