Алматы облысында биыл мектеп тәмамдаған 17 940 түлектің жартысына жуығы, нақтырақ айтқанда 7681 жас түлек мемлекеттік грантпен оқуға түсті, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік грант иеленгендер саны бойынша Талғар ауданы көш басында тұр. Үздік төрттікті Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласы түйіндеді. Грантқа түскен жастардың басым бөлігі педагогика мамандығын таңдаған: олардың саны – 1440. Бұдан кейінгі орында медицина (770) мен аграрлық сала (543) тұр. Қалған 4928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарға бет бұрған. Бұдан бөлек, облыстың 27 түлегі Қытайдың Шыңжаң университетінде тегін оқу мүмкіндігін алды. Олардың арасында Талғардан – 6, Іле ауданынан – 7, Қарасайдан – 3, Еңбекшіқазақтан –…
Автор: Асылхан Бөрібай
Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің жүк арту талабын сақтау мақсатында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, облыс аймағында 7 дана автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнатылады. Қазіргі таңда 2 станция жұмыс істеп тұрса, жыл соңына дейін қосымша екеуі іске қосылады. Бұл жайында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. «Бүгінгі таңда ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 1 045 құқықбұзушылық анықталып, 524 млн теңге айыппұл салынған. Оның қазіргі таңда 125,1 млн теңгесі өндірілді. Жуырда ғана облыс әкімдігінің қабылдау бөлімінде ауыр жүк тасымалдаушылар өкілдерін қабылдау өтті. Онда жүргізушілер өздерін алаңдатқан…
Ақтөбеде бес баланың видеоүндеу арқылы көмек сұрауы қоғамды селт еткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаның өзегі өте ауыр. Балалар өз сөзінде аналарының еркінен тыс психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын, ал өздерінің балалар орталығына түскенін айтып отыр. Әлеуметтік желіде тараған үндеуде олар отбасын бір күннің ішінде быт-шыт қылған жағдайды түсіндіріп, араша сұраған. Балалардың үлкені Құралайдың айтуынша, жанжал баспанаға қатысты даудан кейін ушыққан. Оның сөзінше, үй сатылған кезде туыстары анасын өз үлесінен бас тартуға көндірмек болған. Сол келіспеушіліктен кейін жағдай күрт өзгеріп, анасы ауруханаға жеткізілген, ал бес бала “Аяла” балалар орталығына орналастырылған. Құралай бауырларын жетімдер үйіне жіберіп жібере ме деп қорқатынын ашық айтқан. Қыздың сөзінше,…
16 қазанда әлемде Халықаралық нан күні аталып өтеді. Қазақстан нанды қадірлеген, диқандық дәстүрге берік ел, деп хабарлайды Ertenmedia. Еліміз астық өндірісі бойынша дүниежүзілік нарықта сенімді орында тұр әрі өз тұрғындарын нанмен толық қамтамасыз етіп отыр. Былтыр қазақстандық наубайханалар 510,1 мың тонна нан шығарса, биылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 326,3 мың тоннаны құраған. Қазақстандықтар көбіне қалыпқа салынған бидай нанын тұтынады, оның үлесі нарықтың 60 пайызын алып отыр. Дегенмен наубайшылар тек осы өніммен шектеліп отырған жоқ. Тұтынушы талғамына сай өнім түрін көбейтіп, тәтті тоқаштар, ұзақ сақталатын нан өнімдері мен кондитерлік тағамдарды да қатар шығаруда. Аграрлық секторды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес,…
ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын тексерді. Сапардың басты мақсаты алдағы жылыту маусымына дайындықты бағалау және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне назар салу. Ақтауда орналасқан «МАЭК» кәсіпорнының энергетикалық жабдықтары, электр желілерінің жағдайы, су тұщыту және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары нақты бағдарда қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапар барысында «МАЭК» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігі мен жөндеу жұмыстары таныстырылды. Бұл кәсіпорын Маңғыстау халқының жылуы мен жарығын қамтамасыз ететін негізгі нысандардың бірі. Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жоспарлы жөндеулер жүргізіліп жатқанын мамандар атап өтті. Сонымен қатар «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ желілерді күшейту бағытында жұмыс істеп жатыр. Энергетикалық жүйенің тұрақтылығы…
Қазақстан нарығындағы басты импорттаушы елдер қатарында Ресей қайтадан бірінші орынға шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, биылғы сегіз айдың қорытындысында Ресейден жеткізілген тауарлардың үлесі 29,4 пайызға жеткен. Осылайша Ресей Қазақстан импортындағы көшбасшылықты қайта алып, Қытайды екінші орынға ығыстырды. Ал алғашқы үштікті 4,6 пайыздық үлеспен Германия түйіндеп отыр. Экспорт бағытында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Қазақстан тауарын ең көп сатып алатын елдер қатарында Италия алда тұр. Оның үлесі 21 пайызды құрайды. Одан кейін Қытай – 18,7 пайыз, Ресей – 10,5 пайыз көрсеткішпен тұр. Жалпы алғанда, Қазақстан мен Ресей арасындағы сегіз айлық тауар айналымы өткен жылмен салыстырғанда 5,7 пайызға азайып, шамамен…
Қазақстан мен Әзербайжан Баку–Тбилиси–Жейхан (БТЖ) құбырымен тасымалданатын мұнай көлемін 2027 жылға қарай 7 млн тоннаға дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia. Әзербайжан энергетика министрі Парвиз Шахбазов екі ел арасындағы экономикалық комиссияның отырысында құбыр арқылы биыл Қазақстаннан әлемдік нарыққа 3,4 млн тонна мұнай тасымалданғанын жеткізді. Алдағы екі-үш жылда бұл көрсеткіш екі есе артуы мүмкін. Қазақстан жыл соңына дейін және келер жылы БТЖ бағытымен 1,7 млн тонна мұнай экспорттауды көздеп отыр. Биыл шілдеде БТЖ арқылы тасымалданатын әзербайжандық мұнайдан органикалық хлорид анықталып, Түркиядағы Жейхан терминалынан мұнай жөнелту жұмысы бірнеше күнге тоқтап қалған еді. Осы себепті де Әзербайжанның қаңтар-тамыз аралығындағы мұнай экспорты былтырғы…
Президент Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновке апта соңына дейін экономикалық реформаның кем-кетігін түзету жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Ertenmedia. Президент бағдарламадағы басымдықты шағын және орта бизнесті қолдауға, халықтың табысын арттыруға бағыттауды міндеттеді. Мемлекет басшысының айтуынша, экономикалық саясат негізінен ел мүддесі мен жаһандық трендке сай келеді. Дегенмен бағдарламаның нақты орындалуын шағын бизнесті көтермелеуге, инвестициялық ахуалды жақсартуға және жалпы экономиканы сауықтыруға бейімдеу керек. Бұған дейін Ertenmedia-ға пікір білдірген экономист Расұл Рысмамбетов биліктің кедейлікпен күрес стратегиясы жұмыс істемейтінін айтқан. «Халықта капитал жоқ. Тіпті үтік пен шәугімге дейінгі шағын дүниені де кредитке алатын болдық. Қымбат зәулім үйлер аңырап-қаңырап тұр. Оған көшіп барады-ау деген орта таптың…
Блогерлік жанрдың күшеюі – тарихты бұрмаланған күйінде қабылдай беретін буынның пайда болуына алып келіп отыр. Бұл туралы тарихшы Бүркіт Аяған Abay Live ютуб-арнасына берген сұқбатында айтты. Оның айтуынша, 21 ғасырда әлеуметтік желінің күшеюіне байланысты ақпараттық соғыс тым шиеленісіп кетті. Ең сорақысы, қазіргі таңда блогерлік жанр теріс пиғылды насихат, пропаганда құралына айналып отыр. «Блогерлік деген дүние кеше ғана пайда болған жоқ. Ол адамзат пайда болғалы бар дүние. Ол ежелгі дәуір, құл иеленушілік кезеңінде де болды. Адамзат туралы, қоғам туралы, дүниенің жаратылысы туралы пікірлер әр кезеңде де айтылып, талқыланып жатты. Алайда оның өзіндік ерекшелігі, қалыптасқан қағидасы бар еді. Ал бүгінгі таңда әлеуметтік…
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясында бірқатар кадрлық өзгерістер жасалды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Дияр Нүсіпқожанов тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia «Самұрық-Қазына» қорына сілтеме жасап. Жаңа басшылар қатарында бұған дейін онлайн-жиналыста қызметкерлеріне эмоциямен сөйлеп, әлеуметтік желіде кеңінен танылған Асан Үмбетов те бар. Ол «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды. Сонымен қатар «Қазтеміртранс» АҚ басқарма төрағасы лауазымына Александр Ширяев келді. Ал Владимир Петров «ҚТЖ» ҰК АҚ «Тасымалдау процесі дирекциясының» директоры болып бекітілсе, Сәкен Рахметов «Магистральдық желі дирекциясының» басқарушы директоры қызметіне тағайындалды. «Қазақстан темір жолы» басқарма төрағасының орынбасары міндетін атқарушы болып Марат Шәкенов бекітілді. Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, тағайындалған тұлғалардың барлығы…









