Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Лукойл

Ұлыбритания ресейлік «Лукойл» мен «Роснефть» компаниясын «қара тізімге» енгізгенімен, олардың Қазақстандағы бірқатар ірі мұнай-газ жобаларына қатысты қызметін шектемейтін болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Forbes-тың мәліметінше Британ үкіметі екі компанияның Қазақстан мен Әзербайжандағы стратегиялық жобаларда жұмыс істеуіне рұқсат берген. Әсіресе, Қазақстан үшін маңызды Каспий құбыр консорциумы (КТК), «Теңізшевройл» (ТШО) және Қарашығанақ жобасы ерекше аталып, орыстардың осы жобадағы қызметін санкциядан уақытша босату қарастырылған. Аталған жеңілдік 2027 жылдың 14 қазанына дейін жалғасады. Ресейлік компаниялар Қазақстанның мұнай-газ саласына дендеп еніп алған. Атап айтсақ «Лукойл» компаниясы «Теңізшевройлдың» 5 пайыз, ал Қарашығанақ жобасының 13, 5 пайыз үлесіне ие. Бұдан бөлек, 2023 жылы «ҚазМұнайГаз» бен «Лукойл» Каспий теңізінің…

Толық оқу
Бектенов

Қазақстан үкіметі бензин мен коммуналдық қызмет бағасының өсуіне мораторий жариялады, деп хабарлайды Ertenmedia. Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 қазаннан бастап елде инфляцияны ауыздықтап, халық пен бизнесті қолдауға бағытталған шаралар іске қосылады. Атап айтқанда, инфляциялық жағдай тұрақталғанша АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы қымбаттамайды. Сондай-ақ 2026 жылдың бірінші тоқсаны аяқталғанша коммуналдық қызмет тарифтерінің де өсуіне жол берілмейді. Тарифті тұрақтандыру коммуналдық саладағы шығындарды оңтайландыру есебінен жүзеге асады. Шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында жаңа бастамалар қолға алынып жатыр. Мәселен, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне салық тексеруі, камералдық бақылау және келісімшарттарға қатысты сот талаптары тоқтатылады. Бұдан бөлек, жеңілдетілген…

Толық оқу
Берік Уәли

Еліміздің орталық өңірлерін Қытаймен жалғайтын стратегиялық маңызы зор «Қалбатау–Майқапшағай» күре жолының құрылысы аяқталып, қозғалыс ашылды, деп хабарлайды Ertenmedia. Жалпы ұзындығы 415 шақырым болатын халықаралық дәліздің құрылысы толықтай жаңартылып, ел игілігіне берілді. Тәуелсіздік алғаннан бері 30 жыл бойы жөндеу көрмеген жолдың бойына 37 көпір, екі жолайрық, екі жол өткелі, 349 су өткізгіш құбыр мен бес демалыс алаңы салынған. Жоба президент Тоқаевтың тапсырмасымен, елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында іске асырылып отыр. Жобаны қаржыландыруға Қытайдың Экспорттық-импорттық банкі мен республикалық бюджеттен қаражат бөлінген. Абай облысының әкімі Берік Уәли жолдың ашылу рәсімінде дәліздің өңір үшін маңызы зор екенін атап өтті. «Президент Қазақстан халқына Жолдауында өңірлер…

Толық оқу
Жұманғарин АҚШ

Ақорда мен Ақ үй қырғиқабақ соғыс заманынан қалған сауда шектеуінен құтылуға жақын, деп хабарлайды Ertenmedia. «Орта Азия жаһандық геосаяси пазлдың маңызды бөлшегі болады» деген әулие Бжезинскийдің болжамы ақиқатқа айналуда. Уашингтонға жұмыс сапарымен барған вице-премьер, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин АҚШ Конгресі мүшелерімен кездесуде атышулы Джексон–Вэник түзетуін алып тастауды екі сағат бойы талқылаған екен. Әзірге екі ел арасындағы сауда-саттыққа осы түзету ресми түрде кедергі келтіріп тұр. Жұманғарин аталған шектеуді жою процесін Конгресс тездетеді деген үмітте. Министрдің айтуынша, Қазақстан америкалық инвесторлар үшін сенімді серіктес және бизнесті кеңейтуге ашық ел. Ол АҚШ Сауда палатасының өкілдерімен кездесуде екі ел арасындағы әріптестікті білім беру, цифрландыру…

Толық оқу

ШҚО-ның экология департаментін басқарған Мамай Ботабаев аса ірі көлемде пара алғаны үшін 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Orda-ның мәліметінше Антикор оны былтыр шілдеде жол-құрылыс компаниясы басшысының орынбасары Қанат Дырынбаевтан 8,5 млн теңге алып жатқан жерінде ұстаған. Тергеу дерегінше, бұл бастапқы аванс қана. Ботабаев жалпы алғанда 130 млн теңге көлемінде пара алмақ болған. Сот процесінде бұрынғы шенеунік өз кінәсін мойындаған жоқ. Дегенмен, сот оған 10 жыл 1 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Пара берген Қанат Дырыңбаев та дәл осындай мерзімге сотталды. Бұл іске қатысы бар тағы бір тұлға «Инком-Шығыс» ЖШС-ның басшысы Марат Ақылғазин. Ол пара ақшасын заңдастырмақ болғаны…

Толық оқу

Алматы облысында биыл мектеп тәмамдаған 17 940 түлектің жартысына жуығы, нақтырақ айтқанда 7681 жас түлек мемлекеттік грантпен оқуға түсті, деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекеттік грант иеленгендер саны бойынша Талғар ауданы көш басында тұр. Үздік төрттікті Іле, Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласы түйіндеді. Грантқа түскен жастардың басым бөлігі педагогика мамандығын таңдаған: олардың саны – 1440. Бұдан кейінгі орында медицина (770) мен аграрлық сала (543) тұр. Қалған 4928 түлек инженерлік, IT және әлеуметтік-экономикалық бағыттарға бет бұрған. Бұдан бөлек, облыстың 27 түлегі Қытайдың Шыңжаң университетінде тегін оқу мүмкіндігін алды. Олардың арасында Талғардан – 6, Іле ауданынан – 7, Қарасайдан – 3, Еңбекшіқазақтан –…

Толық оқу

Түркістан облысында ауыр салмақты жүк көліктерінің жүк арту талабын сақтау мақсатында бірқатар ауқымды шаралар қолға алынған. Атап айтқанда, облыс аймағында 7 дана автоматтандырылған өлшеу станцияларын (АӨС) орнатылады. Қазіргі таңда 2 станция жұмыс істеп тұрса, жыл соңына дейін қосымша екеуі іске қосылады. Бұл жайында Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Қуатжан Жұматаев БАҚ өкілдерімен өткен брифингте мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. «Бүгінгі таңда ауыр жүк тасымалдаушылар тарапынан 1 045 құқықбұзушылық анықталып, 524 млн теңге айыппұл салынған. Оның қазіргі таңда 125,1 млн теңгесі өндірілді. Жуырда ғана облыс әкімдігінің қабылдау бөлімінде ауыр жүк тасымалдаушылар өкілдерін қабылдау өтті. Онда жүргізушілер өздерін алаңдатқан…

Толық оқу

Ақтөбеде бес баланың видеоүндеу арқылы көмек сұрауы қоғамды селт еткізді, деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиғаның өзегі өте ауыр. Балалар өз сөзінде аналарының еркінен тыс психиатриялық ауруханаға жатқызылғанын, ал өздерінің балалар орталығына түскенін айтып отыр. Әлеуметтік желіде тараған үндеуде олар отбасын бір күннің ішінде быт-шыт қылған жағдайды түсіндіріп, араша сұраған. Балалардың үлкені Құралайдың айтуынша, жанжал баспанаға қатысты даудан кейін ушыққан. Оның сөзінше, үй сатылған кезде туыстары анасын өз үлесінен бас тартуға көндірмек болған. Сол келіспеушіліктен кейін жағдай күрт өзгеріп, анасы ауруханаға жеткізілген, ал бес бала “Аяла” балалар орталығына орналастырылған. Құралай бауырларын жетімдер үйіне жіберіп жібере ме деп қорқатынын ашық айтқан. Қыздың сөзінше,…

Толық оқу

16 қазанда әлемде Халықаралық нан күні аталып өтеді. Қазақстан нанды қадірлеген, диқандық дәстүрге берік ел, деп хабарлайды Ertenmedia. Еліміз астық өндірісі бойынша дүниежүзілік нарықта сенімді орында тұр әрі өз тұрғындарын нанмен толық қамтамасыз етіп отыр. Былтыр қазақстандық наубайханалар 510,1 мың тонна нан шығарса, биылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 326,3 мың тоннаны құраған. Қазақстандықтар көбіне қалыпқа салынған бидай нанын тұтынады, оның үлесі нарықтың 60 пайызын алып отыр. Дегенмен наубайшылар тек осы өніммен шектеліп отырған жоқ. Тұтынушы талғамына сай өнім түрін көбейтіп, тәтті тоқаштар, ұзақ сақталатын нан өнімдері мен кондитерлік тағамдарды да қатар шығаруда. Аграрлық секторды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес,…

Толық оқу

ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Маңғыстау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын тексерді. Сапардың басты мақсаты алдағы жылыту маусымына дайындықты бағалау және өңірдің энергетикалық қауіпсіздігіне назар салу. Ақтауда орналасқан «МАЭК» кәсіпорнының энергетикалық жабдықтары, электр желілерінің жағдайы, су тұщыту және кәріз жүйелерін жаңғырту жұмыстары нақты бағдарда қаралды, деп жазады Ertenmedia.kz. Сапар барысында «МАЭК» ЖШС-нің техникалық мүмкіндігі мен жөндеу жұмыстары таныстырылды. Бұл кәсіпорын Маңғыстау халқының жылуы мен жарығын қамтамасыз ететін негізгі нысандардың бірі. Жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуі үшін жоспарлы жөндеулер жүргізіліп жатқанын мамандар атап өтті. Сонымен қатар «Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы» АҚ желілерді күшейту бағытында жұмыс істеп жатыр. Энергетикалық жүйенің тұрақтылығы…

Толық оқу