Алматыда биылғы жылыту маусымы ертерек басталатын болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қазан айының алғашқы күндері оңтүстік астана тұрғындарын жылы қабақпен қарсы ала қоймады. 6 қазанда алматылықтар төтенше жағдайлар қызметінен «аяз болады, ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді» деген ескерту алды. Осыған орай қала әкімдігі жылыту маусымын жеделдетіп бастау туралы шешім қабылдаған. Қала әкімінің БАҚ-пен жұмыс бойынша кеңесшісі Ілзат Ақчуриннің айтуынша, 8 қазаннан бастап балабақша, мектеп пен ауруханалар секілді әлеуметтік нысандар жылуға қосылады. Ал тұрғын үйлер 10 қазаннан бастап біртіндеп жылытыла бастайды. «Шешім ауа райының күрт салқындауына байланысты қабылданды. Жалпы Алматы жылыту маусымына толық дайын. Қаладағы жылу қызметінің мамандары қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған»,…
Автор: Асылхан Бөрібай
Атыраулық блогер Құралай Болатова өзі сенген адамдардың қолынан алаяқтық пен күш көрсетудің құрбаны болғанын айтып, көпшіліктен көмек сұрады, деп хабарлайды Ertenmedia. Құралайдың сөзінше, бәрі танысы Айдана Ақмұрзиевадан басталған. Ол Құралайға «Ыстамбұлға тур ұйымдастырып жатырмын, парақшаңа жарнама жасап берші» деп өтініш жасаған екен. Таныс-біліс адам болған соң, Құралай оған сеніп, желідегі парақшасына әлгі жарнаманы жариялап берген. Стористі көрген блогердің оқырмандары тур жайлы сұрап, Айдананың есеп-шотына ақша жолдай бастаған. Сапарға қызығушылық танытқан Құралайдың өзі де Түркияға бармақ болып, Айданаға алдын ала 100 мың теңге аударған. Алайда жеме-жемге келгенде асыға күткен тур да, билет те болмай шыққан. Айдана ақшаны «Әсем» деген адамға аударып…
Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) ЕАЭО елдері үшін жанармай өнімдерін сырттан әкелуге салынатын баж салығын 2026 жылдың маусым айына дейін алып тастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Еуразия кеңістігінде мұнай өнімдерінің ағынын түбегейлі өзгеруі мүмкін Мұның астарында үлкен саяси және өндірістік есеп жатыр. ЕЭК ресми түрде мұны «маусымдық сұраныстың артуына және өндірістің уақытша төмендеуіне байланысты нарықтағы тепе-теңдікті сақтау» мақсатымен түсіндірген болды. Алайда, бұл шешім Еуразия кеңістігінде мұнай өнімдерінің ағынын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Бір қарағанда, бұл жаңалық ЕАЭО елдеріндегі автокөлік жүргізушілер мен тұтынушылар үшін тиімді көрінеді. Арзан импорттың арқасында бензин мен дизель бағасы тұрақтануы мүмкін. Бірақ мұның екінші жағы бар – бұл жеңілдіктен ең…
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Қазақстанның транзиттік-логистикалық әлеуетін дамыту, заманауи агрохабтар мен логистикалық орталықтар құрудың стратегиялық маңыздылығын атап өткен болатын. Бүгін Алматы облысында осы міндеттердің нақты іске асуына айқын үлгі болған маңызды оқиға орын алды – Focus Logistics (BAZIS компаниялар тобы) компаниясының «Focus Aksengir» логистикалық паркі ашылды. Жобаға жалпы инвестиция көлемі 70 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде 2024 жылы 13 млрд теңге игерілді. Бірінші кезекте Ozon компаниясы үшін 40 775 шаршы метрді қамтитын заманауи фулфилмент-орталық салынды. Бұл бағытта оффтейк-келісім жасалған. Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жаңа парк өңірдің экономикалық өсуіне серпін беретініне назар аударды: – Алматы облысы өзінің географиялық…
Алматы облысында туристік ағымның рекордтық өсімі тіркелді. 2025 жылы өңірге 2,5 миллионнан астам адам келді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 40%-ға көп, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Демалушылар арасында ең танымал бағыттардың бірі дәстүрлі түрде Қапшағай су қоймасы болып отыр: биылғы жазда мұнда шамамен 1 миллион 800 мың турист тынықты. Қалғандары өңірдің табиғи інжу-маржандарын Көлсай көлдері, Шарын шатқалы және Іле-Алатау ұлттық саябағын таңдады. Алматы облысы туризм саласында жоғары әлеуеті бар аймақтардың бірі ретінде өз мәртебесін тұрақты түрде сақтап келеді. Мұнда туристік ағым маусымға қарамастан бәсеңдемейді. Биыл шетелдік туристер саны 12%-ға, ал ішкі туризм 25%-ға…
Қоғамда үлкен дау тудырған Be Woman форумы айналасындағы пікірталас елдегі жаңа әлеуметтік құбылыстың айқын көрінісі. Осы форумға қатысты белгілі қоғам белсендісі Мұхтар Тайжанда пікір білдірді. Ол байлықты билікке жақын тұрып жинаған кейбір топтар бүгінде, абыройын «тазартудың» қамына кірісіп кеткенін алға тартты. – Бір кезде саясатқа сүйеніп, мемлекеттің арқасында мол табыс тапқан тұлғалар енді халықтың сенімін қайтаруға тырысып, қайырымдылық шараларын, форумдар мен түрлі жобаларды ұйымдастыруға көшті. Бірақ халықтың көзі ашық, санасы сергек. Ақшамен абырой сатып алу мүмкін емес екенін жұрт жақсы түсінеді, – деді Тайжан. Be Woman секілді форумының айналасында қалыптасқан жағымсыз реакция да осы шынайы қоғамдық сезімнің көрінісі. Бүгінде халық…
Украинаның бұрынғы Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный елдің қауіпсіздігі енді тек технологиялық ілгерілеуге, соның ішінде ғарыш саласын дамытуға тікелей байланысты екенін айтты. Оның пайымынша, Днепр қаласына жасалған соңғы баллистикалық соққы елдің қорғаныс жүйесіндегі әлсіз тұстарды айқын көрсеткен. Білікті әскери қолбасшының айтуынша, Ресейдің «Орешник» атты жаңа буын зымыранын қолдануы Украинаға әлі жетілмеген әуе және ғарыштық қорғаныс жүйесінің қаншалықты қауіпті екенін аңғартты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Залужныйдің айтуынша, мұндай соққылардың алдын алу үшін елде екі бағытты қатар дамыту қажет. Біріншіден, баламалы қару түрлерін жасау. Екіншіден, зымырандардың ұшу траекториясын дер кезінде анықтап, соққы бағытын есептей алатын ғарыштық бақылау жүйесін құру. Мұндай жүйе…
Атырау қаласында Қала күніне орай ерекше қуаныш орын алды. Ұзақ жылдар бойы апатты үйлерде тұрып келген бірнеше отбасы жаңа пәтердің кілтін қолына алды. Қарымсақов көшесі №4 және Қожақаев көшесі №11 мекенжайындағы ескі баспаналардың тұрғындары Ақмаржан тұрғын үй кешенінен екі және үш бөлмелі заманауи пәтерлерге көшті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин пәтер кілттерін табыстау сәтінде тұрғындармен кездесіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту әкімдіктің басты бағыттарының бірі екенін айтты. Әкімнің сөзінше, жыл соңына дейін тағы 70 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден жаңа баспанаға көшіріледі. Демек, бұл үрдіс бір реттік емес, жүйелі жұмысқа айналған.…
Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» МКК-мен бірлесіп, қаланың сыртқы жарықтандыруын жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы хабарлады. Жаңартылған нысандардың қатарында Республика Сарайы, Шухов және «Дружба» скверлері, Төлебаев көшесіндегі аллея, Сейфуллин даңғылы, сондай-ақ Шолохов және Саин көшелері бар. Республика Сарайының аумағында 60 жаңа жарықтандыру тірегі орнатылып, 700 метр 5×10 кабель тартылды. Шухов скверінде қуаты 100 Вт (3000К) 32 торшер шамы орнатылды. «Дружба» саябағында 65 ескірген шам энергия тиімділігі жоғары (100 Вт, 3000К) заманауи жарық көзіне ауыстырылды. Бұдан бөлек,Төлебаев көшесінде 97 шам ауыстырылып, тротуарлар біркелкілкі жарықтандырылуда. Шолохов көшесіндегі ескі шамдардың орнына 210 торшер пайда болды, соның арқасында энергия…
Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев банкротқа ұшырап, оған тиесілі компаниялар мен мүліктер бұғатталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қазір экс-президенттің немере інісі 58 млрд теңге қарызы үшін істі болып жатыр. Оның банктегі есеп-шоты мен дүние-мүлкі бұғатталып, компаниялардағы үлесіне шектеу қойылған. Бұған қоса Нұрбол Назарбаев елден шығу құқығынан айырылды. «Shishkin Like» арнасының мәліметінше, Назарбаевтар әулетінің ірі активтерін басқарған Prime cap бас компаниясы бүгінде жабылу алдында тұр. Оған қарасты Prime Capital Real, Prime Capital Re Plaza, Prime Capital Invest сынды бірнеше кәсіпорынның Алматы мен Алматы облысында жылжымайтын мүлкі бар. Сондай-ақ Prime Capital Re Talgar компаниясының атына тіркелген шарап зауыты мен жер телімдері, Prime…
