Жетісу облысында жылыту маусымы басталғанға қарамастан әлеуметтік нысандар жылуға қосыла бастады. Дәл қазір барлығы 47 әлеуметтік нысанға жылу берілді. Олардың арасында Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласындағы 32 мектеп, 8 балабақша, 7 аурухана бар. Қалған аудандар мен қалалар тәуліктік жылу температурасына қарай 4 қазаннан 15 қазанға дейін жылуға қосылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жетісу облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы таратқан мәліметке қарағанда, жылыту маусымына 1697 көпқабатты үй мен 1314 бюджеттік сала нысандары толығымен дайын. Ал бюджеттік сала нысандарын жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар қажетті жағар отынмен толық қамтамасыз етілген. – Осы аптаның…
Автор: Асылхан Бөрібай
Муниса Шодиева әлемдік қаржы элитасы мен постсоветтік клептократия арасындағы шекараны бұлдыратқан тұлғалардың бірі, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол Eurasian Resources Group компаниясының тең иесі Патох Шодиевтің қызы, әрі бірнеше мемлекеттің азаматы. Ал, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қос азаматтыққа тыйым салынғанын бәріміз білеміз. Соған қарамастан, Муниса Шодиева Қазақстанның дипломатиялық паспортын заңсыз жолмен алғаны анықталды, – деп жазады «Вход к моря» телеграм арнасы. Бір қызығы, дипломатиялық паспорт оған 2003 жылы берілген, ал 2013 жылы жаңартылған. Сол кезде-ақ оның Бельгия мен Ресей азаматтығы бары белгілі болған. Бірақ Қазақстанның сол кездегі Сыртқы істер министрлігі бұл дерекке көз жұмып, оған ерекше мәртебе берген. Бұл шешімнің артында…
Қазақстанда коллекторлық агенттіктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметіне екі деңгейлі бақылау жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Абылқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір еліміздің микроқаржы нарығында 899 ұйым жұмыс істейді, ал коллекторлық агенттіктер тізімінде 197 компания бар. Осы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сәйкес, Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 3,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Несие сомасының 61 пайызы, яғни 1,9 трлн теңгесі шағын және орта бизнеске берілген микрокредиттер. Алайда несие көлемі артқан сайын, тұтынушылар тарапынан шағымдар да көбейген. Былтырдан бері нарық қатысушыларына қатысты 812 тексеріс жүргізіліп, 1,1 мыңнан…
ШҚО-да «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды алаң мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қатысушыларға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Ол форумның инвестиция тартудың маңызды орталығына айналып, өңірдің экономикалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірлердің алдына нақты міндеттер қояды: экономиканы әртараптандыру, экспортты дамыту және инвестиция тарту. Бұл – стратегиялық бағдар. Нәтижелердің өзі айқын: өңір алаңында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Форумнан біз жаңа идеялар мен ұсыныстарды күтеміз,…
Бүгінде Түркістан облысы – еліміздегі серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы облыстың стратегиялық маңызын арттыра түседі. Өңір арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарықтарға тікелей шығу мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуы 185 миллионнан астам тұтынушысы бар үлкен нарыққа еркін шығуға жағдай жасайды. Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін қолдау шаралары шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыруда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды іске асыру жайын талқылады. Тараптар облыста интеграцияланған экожүйелік парк құру жайын жан-жақты зерделеп, пікір алмасты. Облыс басшысы тиімді ұсыныстарды қабылдауға…
Әзербайжан билігі Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» жобасына қатысудан түбегейлі бас тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның мәні Ресей газын Әзербайжан аумағы арқылы Иранға, одан ары Парсы шығанағы мен Үндістанға жеткізу болатын. Мәскеу осы транзит арқылы жылына 50 миллиард текше метр газ айдап, Ресей бюджетін $30 миллиардқа толықтырмақ еді. Алайда Баку мұндай схемаға жол бермейді. Себебі бұл БҰҰ енгізген Иранға қатысты халықаралық санкцияларды айналып өтуге тікелей жол ашар еді. Әзербайжан билігінің ұстанымы анық, халықаралық ережелерді айналып өтіп, Ресейдің көлеңкелі логистикасына жол ашпайды. Осылайша Баку екінші санкциялық тәуекелден бас тартып отыр. Сонымен қатар Ирандағы ресейлік газ хабы туралы ақпараттар да жалған болып шықты. Ресей мен…
Іле ауданында заманауи қойма кешені іске қосылды. Бұл нысан тек жергілікті экономиканың дамуына ғана емес, бүкіл Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға да ықпал етпек, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Damu Logistics аумағында, Байсерке ауылында салынған нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысты. – Халықаралық стандарттарға сәйкес салынған «А» санатындағы жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Оның жұмысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік қуаттылықты ұлғайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі. Қойма автокөлік қосалқы бөлшектерін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жеткізумен айналысатын East Motors компаниясына тиесілі.…
Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қонаев қаласының әкімі шаһарды кезекті рет аралау барысында бірқатарына кіріп шықты. Алдымен ол «Самұрық» ТҮК-ке барды. Бұл кешен 11,6 гектар жерде тұрғызылады деп жоспарлануда. Жоба 2029 жылға дейін жүзеге аспақ. Тартылатын инвестиция сомасы – 65 млрд.теңгені құрайды. Қазір құрылыстың 1-кезеңі жүріп жатыр. Мұнда жалпы аудан 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді. Келесі нысан 10 шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені болды. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты…
Атырау облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 6 мың адамға қысқарды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі штаб отырысында айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақта МӘМС жүйесінде 100 мыңға жуық азамат сақтандырылмаған. Сол себепті әкімдіктер мен округ әкімдеріне ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, әрбір азаматты есепке алу шараларын жүргізу тапсырылды. – «D» және «Е» санатындағы азаматтарды азайту жұмыстары жалғассын. Арнайы кесте бекітіліп, жеке кәсіпкерлер, жастар, жұмысшылар және дербес төлеушілер кезең-кезеңімен МӘМС жүйесіне тартылсын. Егер тиісті жұмыстар уақтылы орындалмаса, 17 мыңнан астам адам үшін жергілікті…
Соңғы уақыттары тарихи тұлғалар турасында өтірік-шыны аралас, алыпқашпа әңгімені арқау еткен мақала, посттар жазылып, кітаптар көптеп шыға бастады. Ең өкініштісі, бұл іспен кәсіби дайындығы мықты мамандар емес, әуесқой «тарихшы», шалағай «журналистер», тіпті кім болса сол айналысты. Осылайша, әлеуметтік желідегі оқырманның зор қолдауына ие болған «блогерлік тарих» жанры қалыптасты. Яғни бұл жазармандар белгілі бір тұлғаны біржақты сыпыра мақтайды немесе біржақты сыпыра боқтайды. ХХ ғасырда өмір сүрген тұлғаға қатысты сөзді ХVIII ғасырдағы қазақи логикаға сүйене айтады. Салмақты, сабырлы, байыпты, объективті, приципшіл көзқарас кейінге ысырылды. Әркім естігенін жаза бастады. Тарихи шындық ретінде әлдекімнің көркемдік қиялынан туған шығармаларға дереккөзі ретінде сілтеме жасау, соған сүйену…
