Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Стаффт

АҚШ сенаты Джули Стаффтты Қазақстандағы жаңа елші қызметіне бекітті. Бұл тағайындау екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа кезеңінің басталғанын көрсетеді. АҚШ пен Қазақстан байланысының тарихына көз жүгіртсек, әр елшінің келуі өз дәуірінің саяси салмағына қарай ерекшеленіп отырған. Сондықтан Джули Стаффттың ротациясына геосаяси тепе-теңдікті сақтауға бағытталған маңызды қадам деп қарауға болады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа елші тәжірибелі дипломат саналады. Ол Молдовада АҚШ миссиясы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған, одан бұрын Ресейде де жұмыс істеген. Ресей, Польша және өзге тілдерді жетік меңгерген Стаффт посткеңестік кеңістіктің ерекшелігін жақсы біледі. Яғни, аймақ елдерінің экономикалық және саяси ахуалын түсінетін дипломаттың Астанаға келуі кездейсоқ емес.…

Толық оқу

Ұйғыр ауданында заманауи цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Жаңа кеңсе 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Бұған дейін аудан тұрғындары құжат рәсімдеу үшін көрші аудандарға баруға мәжбүр болса, енді барлық қажетті қызметтер бір жерден қолжетімді болып отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудан тұрғыны Селимам Варисова жаңа кеңсенің ашылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтады: – Бұрынғы орталық ескі, тар әрі суық болатын. Қазір кеңсе кең, жарық, өте ыңғайлы. Бір апта бұрын паспортқа өтініш берген едім, дәл бүгін дайын болыпты. Ресми ашылу күніне тап келгеніме қуаныштымын, – дейді ол. Жаңа кеңседе қызмет көрсету процесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Мұнда…

Толық оқу

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданындағы Заречное ауылының маңында 53 жастағы фермер 17 жылқыны атып тастаған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 28 қыркүйек күні болған. Ер адам өзіне тиесілі алқапқа кіріп кеткен табынды көлігінің ішінде жүріп қуалап, мылтықпен оқ атқан, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір полицейлер күдіктіні ұстап, «бөтеннің мал-мүлкін қасақана жою» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қарапайым ауылдың тыныштығын бұзған осы жағдай көптің көңілін толқытты. Адам мен табиғаттың, мал мен жердің арасындағы шекара бұрын осылай қорғалмаған еді. Қазақ үшін жылқы өмірдің бөлшегі, еңбек пен еркіндіктің символы. Сол қасиетті жануарларды көзге ілмей, оларға оқ атқан адамның әрекеті жай ғана қылмыс емес, рухани жұтаңдықтың…

Толық оқу

Қазақстандық жүргізушілер Ресей шекарасында жаңа көші-қон ережелеріне байланысты қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шұғыл жиында талқыланды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей аумағында шетелдік азаматтардың тіркеусіз болу мерзімі бір жылда 90 күннен аспауға тиіс деген заң күшіне енді. Бұған дейін бұл мерзім 180 күн болатын. Жаңа тәртіп халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын қазақстандық жүргізушілерге де қатысты. Оның үстіне, Ресей мен Беларусь арасында Одақтық мемлекет болғандықтан, Беларусь аумағында өткізген күндер де Ресейде болған мерзімге қосылады. Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы жаңа тәртіпке тек халықаралық тасымалдаушылар ғана емес,…

Толық оқу

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмысын жалғастырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы мақсатта Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізуде. 2025 жылдың 9 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 126 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ шағымдарды қарау нәтижесінде тағы 25 қызмет алушының бұзылған құқықтары қорғалды. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруден негізсіз бас тартқаны анықталды. Департаменттің тексеруінен кейін жоба бойынша жердің координаттары сәйкестендіріліп, азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Сәулет және қала құрылысы саласында…

Толық оқу

Түркістан облыстық мәслихатының ұйымдастыруымен депутаттар арасында кіші футболдан облыстық біріншілік өтті. Футбол бәсекесінің ашылу салтанатына облыс әкімі Нұралхан Көшеров пен облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысы әкімі турнирдің ашылуымен құттықтап, спорт саласына қатысты облыста атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. – Бүгін өңірде спортсүйер депутаттардың қатысуымен үлкен жарыс өтіп жатыр. Аудан, қалалардағы мәслихаттардан мықты командалар келіп, кіші футбол бәсекесінде шын мықтыны анықтауда. Бұл – тек спорттық дода ғана емес, бірлікті нығайтатын, салауатты өмір салтын дәріптейтін маңызды іс-шара. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен кездескенде «Қытай – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Ортақ ірі жобаларымыз жүзеге асырылып жатыр», – деп айтқан болатын. Осыған орай, Мемлекет басшысының тарсырмасына сәйкес, Батыс Қазақстан облысында қытай кәсіпкерлерімен 14 инвестициялық жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Көрші елдің инвесторлары энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау сияқты бірқатар маңызды салаларға жалпы құны 134 миллиард теңгеден астам қаржы салуға ниетті. Бұл бағытта екі жақты нақты келісім бар. Енді санаулы күндерден кейін екі зауыттың құрылысы басталады. Оған қажетті құрал-жабдық тиелген контейнерлердің алғашқы легі Қытайдың Вэйфан қаласынан елімізге қарай жөнелтілді. Алдымен индустриалды аймақта қуаты 34 мегаватт болатын газ…

Толық оқу

Биыл Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды-драма театрының құрылғанына 25 жыл. Мәдениет пен руханияттың ордасына айналған қасиетті шаңырақтың  меретойына арнайы қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров театр ұжымын мерейлі мерекесімен құттықтап, жаңа 50 орындық заманауи автобустың кілтін табыстады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   – Сіздерді Райымбек Сейтметов атындағы театрдың 25 жылдық мерейтойымен шын жүрекпен құттықтаймын! Түркістан руханияты үшін Райымбек Ноғайбайұлының сіңірген еңбегі зор.  1995 жылы туған топырағы Түркістанға келіп шәкірт тәрбиеледі, осы драма театрының негізін қалады. Қарашаңырақтың мерейтойы театр маусымының ашылуына  тұспа-тұс келіп отыр. Биыл Түркістанға ерекше мәртебе берілді. Бұл руханият саласындағы жұмыстардың…

Толық оқу

ҚР Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті Қызылордаға келіп, облыс әкімдігінде көшпелі отырыс өткізді. Жиында жаңартылған заңнамаға сай бюджет процесін қалай жүргізу керектігі талқыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтқан талаптарды алға тартып, бюджет қаржысын әр тиынына дейін бақылаудың маңызын атап өтті. Соңғы жылдары Қызылордада артық шығынға жол бермеу жұмысы күшейіп, 100 миллиард теңгеге жуық қаржы үнемделген. Бұл – құр сөз емес, нақты есеп. Оның ішінде білім саласынан 58 миллиард, «Арт спорт» бағдарламасынан 13 миллиард, әлеуметтік қорғаудан 8 миллиард қаржы қазынада қалып отыр, деп жазады Ertenmedia.kz.  Қоғам мүддесіне жұмсалатын қаражаттың сапалы игерілуі Жолдауда жиі айтылатын басым бағыттың…

Толық оқу

Абай облысы әкімі Берік Уәли «Елімай-М» футбол командасын қабылдады. «Елімай-М» биылғы маусымда екінші лиганың Солтүстік-шығыс конференциясында табысты өнер көрсетіп, 37 ұпаймен үздік үштікке енді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Аймақ басшысы команда ойыншылары мен жаттықтырушыларын жеңістерімен құттықтап, алдағы ойындарына табыс тіледі. – Бар болғаны екі маусым қатарынан екінші лигада ойнап, үздік үштікке ену – қажырлы еңбектің, нағыз табандылық пен шынайы командалық рухтың нәтижесі. «Елімай-М» – төменгі лигада Абай облысының намысын қорғап жүрген мақтанышымыз! Команданың толығымен жергілікті жастардан жасақталуы және бапкерлер құрамының өз өңіріміздің мамандарынан құралуы бұл Семей футбол мектебінің әлеуетінің зор екенін көрсетеді.…

Толық оқу