Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

ашылды

Алматы облысы Іле ауданының Еңбек ауылында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттің (ФАП) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Нысан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынды және қаржыландыру мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жалпы ауданы 612 шаршы метрді құрайтын жаңа медициналық пункт Еңбек ауылының және Алатау қаласының іргелес аумақтарындағы 900-ге жуық тұрғынға қызмет көрсетеді. Мұнда фельдшер, акушер, санитар және күзетші жұмыс істейді. Ғимарат заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, науқастарды қабылдауға және медицина қызметкерлерінің жұмыс істеуіне барлық жағдай жасалған. Жаңа ФАП-тың ашылуы ауыл тұрғындарына уақытылы әрі сапалы алғашқы медициналық көмек алу мүмкіндігін кеңейтеді. Алматы облысы әкімдігі таратқан ақпаратқа сәйкес,…

Толық оқу
Отандық

Түркістан облысы тағы бір ірі инвестициялық жобамен толықты. Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында АҚШ-тың әлемге әйгілі RC Cola брендімен жұмыс істейтін «Beibars Bottlers» компаниясының заманауи сусын өндіру зауыты салтанатты түрде ашылды. Ауыз су мен алкогольсіз сусындар өндіруге маманданған бұл кәсіпорын өңірдің өндірістік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен мүмкіндік беріп отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жаңа зауыттың ерекшелігі – заманауи неміс және италиялық технологияларға негізделген өндіріс желілері мен экологиялық таза, көпсатылы су тазарту жүйесі. Өндірісте пайдаланылатын су кәсіпорын маңындағы 170 метр тереңдіктегі ұңғымалардан алынып, жоғары халықаралық стандарттарға сай тазартылып отырады. Бұл судың…

Толық оқу
Сәтжан Кан

Соңғы күндері BeWoman форумы әлеуметтік желілерде қызу талқыланғаны белгілі. Форумды ұйымдастырған Жанна Канды ашық түрде қорғауға көшкен Динара Сәтжан өзінің Фейсбук парақшасында сын айтқан жұртты «хейтерлікпен» айналысты деп айыптады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Динара Сәтжан өз жазбасында Жанна Канды қорғап, форумды ешқандай мемлекеттік қолдаусыз, жеке қаржысына өткізгенін айтып ақтауға тырысты. Сонымен қатар танмал тележурналист қоғамның наразылығын тек «хейтерлік» деп сипаттаған. Сәтжанның тұтас халықты «хейтерлікпен» айналысты деп айыптауы орынсыз. BeWoman форумы ел алдында жүрген сарапшылар мен қоғамдық пікір иелері Досым Сатбаев, Мұхтар Тайжан, Вадим Ни сынды азаматтар да сын садағына алғанын білеміз. Бұл турасында Ertenmedia жан-жақты жазды. Сәтжан қарапайым халықтың реакциясы…

Толық оқу

Түркістан музыкалық драма театрында V маусым салтанатты түрде ашылды. Маусым шымылдығы Олимпиада чемпионы, қазақ спортының жұлдызы Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған «Бекзат» драмалық қойылымымен түрілді, деп жазады Ertenmedia.kz. Премьераға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова, танымал жаттықтырушылар – Тұрсынғали Еділов, Мырзағали Айтжанов, Нұрлан Жұмабаев, Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов, күміс жүлдегер Мұхтархан Ділдәбеков және басқа да әйгілі спортшылар арнайы келді. Қойылым алдында көрермендер Олимпиада чемпионының өмірі мен спорттағы жетістіктерінен сыр шертетін көрмені тамашалады. Онда боксшының жеке заттары, фотосуреттері мен марапаттары қойылған. Облыс басшысы Нұралхан Көшеров Сырлыкүл Саттарханованың иығына орамал жауып, құрмет көрсетті. Қойылым шаршы алаңдағы жеңісті ғана емес,…

Толық оқу

Жанәбіловтер оқиғасынан кейін қазақстандық блогерлердің басына бұлт үйірілгелі тұр, деп хабарлайды Ertenmedia. Форбысқа сұхбат берген адвокат Жохар Өтебековтың айтуынша, билік блогерлер мен инфлюенсерлердің әрекетін бақылауды күшейтеді. Оның пайымдауынша, осы салада қадағалауды күшейту соңғы екі жылда байқалған үрдістің заңды жалғасы. «Қазір блогерлердің табысы, көрсетіп жүрген люкс өмірі мен салық төлеуі басты назарда. Мемлекет басшысының өзі де бірнеше мәрте осы мәселеге тоқталған», – дейді заңгер. Өтебековтің пікірінше, Мәжіліс депутаттарының премьер-министр Бектеновке онлайн-лотерея ұйымдастырушыларының жауапкершілігін қатайту туралы жолдаған сауалы да биліктің блогерлерге берген кезекті ескертуі іспеттес. «Депутаттар бұл мәселені жайдан-жай көтеріп отырған жоқ. Блогерлерді алдағы уақытта қатаң тексеріс күтіп тұр», – деді сарапшы.…

Толық оқу
Стаффт

АҚШ сенаты Джули Стаффтты Қазақстандағы жаңа елші қызметіне бекітті. Бұл тағайындау екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың жаңа кезеңінің басталғанын көрсетеді. АҚШ пен Қазақстан байланысының тарихына көз жүгіртсек, әр елшінің келуі өз дәуірінің саяси салмағына қарай ерекшеленіп отырған. Сондықтан Джули Стаффттың ротациясына геосаяси тепе-теңдікті сақтауға бағытталған маңызды қадам деп қарауға болады, – деп жазады Ertenmedia.kz. Жаңа елші тәжірибелі дипломат саналады. Ол Молдовада АҚШ миссиясы басшысының орынбасары болып қызмет атқарған, одан бұрын Ресейде де жұмыс істеген. Ресей, Польша және өзге тілдерді жетік меңгерген Стаффт посткеңестік кеңістіктің ерекшелігін жақсы біледі. Яғни, аймақ елдерінің экономикалық және саяси ахуалын түсінетін дипломаттың Астанаға келуі кездейсоқ емес.…

Толық оқу

Ұйғыр ауданында заманауи цифрлық халыққа қызмет көрсету орталығы пайдалануға берілді. Жаңа кеңсе 600-ден астам мемлекеттік қызмет түрін ұсынады. Бұған дейін аудан тұрғындары құжат рәсімдеу үшін көрші аудандарға баруға мәжбүр болса, енді барлық қажетті қызметтер бір жерден қолжетімді болып отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Аудан тұрғыны Селимам Варисова жаңа кеңсенің ашылуы тұрғындар үшін үлкен жеңілдік болғанын айтады: – Бұрынғы орталық ескі, тар әрі суық болатын. Қазір кеңсе кең, жарық, өте ыңғайлы. Бір апта бұрын паспортқа өтініш берген едім, дәл бүгін дайын болыпты. Ресми ашылу күніне тап келгеніме қуаныштымын, – дейді ол. Жаңа кеңседе қызмет көрсету процесі бірнеше функционалды аймаққа бөлінген. Мұнда…

Толық оқу

Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданындағы Заречное ауылының маңында 53 жастағы фермер 17 жылқыны атып тастаған. Куәгерлердің айтуынша, оқиға 28 қыркүйек күні болған. Ер адам өзіне тиесілі алқапқа кіріп кеткен табынды көлігінің ішінде жүріп қуалап, мылтықпен оқ атқан, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қазір полицейлер күдіктіні ұстап, «бөтеннің мал-мүлкін қасақана жою» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қарапайым ауылдың тыныштығын бұзған осы жағдай көптің көңілін толқытты. Адам мен табиғаттың, мал мен жердің арасындағы шекара бұрын осылай қорғалмаған еді. Қазақ үшін жылқы өмірдің бөлшегі, еңбек пен еркіндіктің символы. Сол қасиетті жануарларды көзге ілмей, оларға оқ атқан адамның әрекеті жай ғана қылмыс емес, рухани жұтаңдықтың…

Толық оқу

Қазақстандық жүргізушілер Ресей шекарасында жаңа көші-қон ережелеріне байланысты қиындықтарға тап болды, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл мәселе Премьер-министрдің орынбасары, Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен шұғыл жиында талқыланды. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей аумағында шетелдік азаматтардың тіркеусіз болу мерзімі бір жылда 90 күннен аспауға тиіс деген заң күшіне енді. Бұған дейін бұл мерзім 180 күн болатын. Жаңа тәртіп халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыратын қазақстандық жүргізушілерге де қатысты. Оның үстіне, Ресей мен Беларусь арасында Одақтық мемлекет болғандықтан, Беларусь аумағында өткізген күндер де Ресейде болған мерзімге қосылады. Жиында сөз алған Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы жаңа тәртіпке тек халықаралық тасымалдаушылар ғана емес,…

Толық оқу

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысындағы департаменті мемлекеттік қызмет сапасын арттырып, азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру жұмысын жалғастырып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Осы мақсатта Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарап, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізуде. 2025 жылдың 9 айында жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша 126 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді. Сондай-ақ шағымдарды қарау нәтижесінде тағы 25 қызмет алушының бұзылған құқықтары қорғалды. Мәселен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын беруден негізсіз бас тартқаны анықталды. Департаменттің тексеруінен кейін жоба бойынша жердің координаттары сәйкестендіріліп, азаматтың құқығы қалпына келтірілді. Сәулет және қала құрылысы саласында…

Толық оқу