Автор: editor

Тамыздың екінші жексенбісі құрылысшыларға көрсетілер құрметтің ерекше белгісі. Ел экономикасын алға сүйрейтін, қаланың көркін кіргізіп, ауылдың ажарын ашатын да осы саланың мамандары. Кейінгі алты жылда елімізде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй бой көтеріп, 871 мыңнан аса отбасы жаңа пәтерге қол жеткізген. Биылдың өзінде алғашқы жарты жылда 7,9 млн шаршы метр баспана салынды, бұл көрсеткіш саланың тұрақты өсу динамикасын айғақтайды. Осы сандардың артында қаншама сәулетші мен инженердің, құрылысшы мен қарапайым жұмысшының қажырлы еңбегі жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемі де артып келеді. Соңғы алты жылда бұл салаға 15,4 трлн теңге тартылса, биылғы…

Толық оқу

Жыл басынан бері Алматы облысында 622 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл – жылдық жоспардың 64,8 пайызы. Аталған көрсеткіш бойынша өңір республикада үшінші орынға шығып, құрылыс қарқынын қарқынды түрде жалғастырып келеді. Соның айқын дәлелі – Ұйғыр ауданына қарасты Шонжы ауылында салынған жаңа көппәтерлі тұрғын үй. Ауылдың қақ ортасында орналасқан заманауи тұрғын үйден 60 отбасы өз баспанасына қол жеткізді, олардың ішінде 20 жетім бала жаңа пәтердің кілтін алды. Жаңа қоныс иелеріне пәтер кілттері облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің жұмыс сапары аясында салтанатты түрде табысталды. Үйдің құрылысы 2022 жылы басталып, биыл толығымен аяқталды. Бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерден тұратын бұл…

Толық оқу

Тамыздың екінші жексенбісінде Құрылысшылар күні аталып өтеді. Бұл саласы – ел дамуының негізгі драйверлерінің бірі. Құрылысшылар – қала мен ауылдың көрікті сәулетін, келісті келбетін қалыптастыратын өрісті, өнімді еңбек саласының бірегей буыны,- деп хабарлайды Ertenmedia Кейінгі алты жылда ел көлемінде 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, 871 404 пәтер пайдалануға берілді. 2025 жылдың алғашқы алты айында ғана 7,9 млн шаршы метр, 72 300 тұрғын үй тапсырылды. Бұл да болса – тұрақты өсу динамикасының нақты көрсеткіші. Сандардың сыртында қолайлы да заманауи өмір сүру ортасын жасайтын инженерлердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің, құрыш қолды қарапайым жұмысшылардың ересен еңбегі тұр. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев:…

Толық оқу

Ринат Серікұлының мамандығы – заңгер. Бірақ жоғары оқу орнын тәмамадаған соң еңбек жолын құрылыс саласында бастады. «Бұған ұзақ жыл құрылыста жемісті жұмыс істеген әкемнің тәлімі әсер етті», дейді өзі. Бүгінде іргелі BI-group құрылыс компаниясында бөлім басқаратын маманмен зауыттағы қарбалас жұмыс арасында тілдестік. Біз барғанда жұмысшылар кезекті блокты құйып, жөнелтуге даярлап жатты. – Әңгімемізді  күнделікті жұмыс жайынан бастасақ. – Бригада екі ауысыммен жұмыс істейді. Күндізгі ауысымдағылардың кешке дейін әзірлеген блогын түнгі ауысымға шығатын жұмысшылар жалғастырады. Ең алдымен блоктың, яғни көп қабатты үй пәтерлері бөлмесінің қалыбына арматура тоқылады. Одан кейін бетон құйылып, кептіріледі. Есік, терезесі салынып, жинақтаушы топ кем-кетігін бүтіндеп, әрлейді де…

Толық оқу

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Бүгін ақын мерейтойына арналған онкүндіктің тоғызыншы күнінде акция аясындағы алғашқы нысанның құрылысы басталды. Маңғыстау облысы Семей қаласына Достық үйін салып бермек. Нысанның іргетасын қалау рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбаев бастаған делегация қатысты. Жаңа нысан 75 мың тұрғынға арналған «Semey Smart City» шағын ауданында бой көтереді. Этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың басын қосатын, 3 қабатты көпфункционалды мәдени кешен бірнеше функционалдық блоктан тұрады. Кітапхана, қолданбалы өнер мұражайы, фотозертхана, көркемөнер және қалпына келтіру шеберханалары, кинозал, конференция залдары қарастырылатын болады. Аймақ басшысы…

Толық оқу

Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан V әлем чемпионатында табысты өнер көрсетті. Атап айтқанда, біздің спортшылар 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге қол жеткізді. Жүлдегерлер: 1-орын. Маргарита Бажаева (-50 кг) 2-орын. Асқар Еспусинов (-58 кг) 3-орын. Жандос Бейсенбаев (-71 кг) 3-орын. Болат Сапар (-88 кг) 3-орын. Айнұр Төребай (-59 кг) 3-орын. Арайлым Әбенова (-72 кг) 3-орын. Қазақстан құрамасы (командалық сайыс) Биылғы бәсекеге 20 елдің спортшылары қатысты. Ұлттық құраманы осы жарқын көрсеткішімен құттықтаймыз. Бапкерлер мен спортшылар қазақ самбо мектебінің әлемдік аренада өз орны бар екенін тағы бір мәрте паш етті.

Толық оқу

Семейде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің тоғызыншы күнінде Семейдегі Шәкәрім университетінде «Адамзаттың Абайы: руханият, парасат, таным» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. Оған Түркия, Нидерланды, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан секілді алыс-жақын шетелдерден және еліміздің әр өңірінен абайтанушылар мен әдебиеттанушылар, философтар мен тарихшылар қатысуда. Облыс әкімі Берік Уәли, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Мұхтар Әуезовтің немересі, түркітанушы ғалым Зифа-Алуа Мұратқызы, Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов конференцияның ашылуында құттықтау сөз сөйледі. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Абай және ХХІ…

Толық оқу

ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Жанарбек Әшімжан Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай Семейден 170 шақырым қашықтықтағы киелі Жидебайға барып, ұлы ойшыл Абайдың рухына тағзым етті,- деп хабарлайды  Ertenmedia Депутаттың айтуынша, бұл сапардың мақсаты — елдің ертеңі мен Отан амандығы үшін тілек тілеу және қазақтың ұлы тұлғаларына құрмет көрсету. «Жаратқан Иеміз тілегімізді қабыл қылғай! Қазіргі күндері Алаштың аты шыққан азаматтарының бәрі Семейге, киелі Жидебайға ағылып келіп жатыр», — деді ол. 1 тамыздан бастап Абайдың 180 жылдығына арналған түрлі мәдени және рухани іс-шаралар Абай облысының орталығы Семейде және өзге өңірлерде өтіп жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында Абайдың мерейтойын лайықты…

Толық оқу

Алматы облысында «Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында алыс ауылдарға өрт қауіпсіздігі инфрақұрылымын жақындату ісі жүйелі қолға алынды. Бұл бастама қағаз жүзіндегі жоспар емес, нақты құрылыс пен техникаға, жергілікті жұртпен бірлесе істеліп жатқан күнделікті жұмысқа айналып отыр. Өңірдегі жұмыстарға Алматы облысы ТЖД бастығы, подполковник Д.Д. Оразбеков тікелей бақылау жасап, аудандық әкімдіктермен, белсенді азаматтармен және еріктілермен бір үстелдің басында отырып үйлестіру жүргізуде. Соңғы жылдары облыстың тау бөктері мен жайлауларында, далалық белдеуде, сонымен бірге ауыл ішіндегі жеке секторда өрт тәуекелі артқаны жасырын емес. Жаздың аптабында дала және қоқыс өрті, күз бен көктемде – қураған шөп пен бақшалық учаскелер, қыста пеш пен мұржаның ақауынан…

Толық оқу

Армения мен Әзербайжан басшылары Уашингтонда тарихи келісімге қол қойды деп хабарлайды Ertenmedia. АҚШ президенті Дональд Трамптың тікелей араағайындығымен жүзеге асқан декларация екі ел арасындағы көпжылдық қарулы қақтығысқа нүкте қойып, бейбіт қатынас пен дипломатиялық диалогқа жол ашты. Құжат Армения премьері Никол Пашинян мен Әзербайжан президенті Илхәм Әлиевтің тікелей келіссөздері нәтижесінде қабылданған. Тараптар қол жеткізілген бейбіт келісімді толық бекіту мен ратификациялауды мойнына алды. Сондай-ақ, өзара егемендік пен аумақтық тұтастықты құрметтеу, әскери текетірестен бас тарту міндетін де өз жауапкершілігіне алып отыр. Декларацияның басты тармағының бірі өңірдегі көлік қатынасын жақсарту және Әзербайжанның негізгі аумағы мен Нахишеван эксклавы арасын жалғайтын жаңа транспорттық дәліз ашу. Армения…

Толық оқу