Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Украинаның бұрынғы Қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный елдің қауіпсіздігі енді тек технологиялық ілгерілеуге, соның ішінде ғарыш саласын дамытуға тікелей байланысты екенін айтты. Оның пайымынша, Днепр қаласына жасалған соңғы баллистикалық соққы елдің қорғаныс жүйесіндегі әлсіз тұстарды айқын көрсеткен. Білікті әскери қолбасшының айтуынша, Ресейдің «Орешник» атты жаңа буын зымыранын қолдануы Украинаға әлі жетілмеген әуе және ғарыштық қорғаныс жүйесінің қаншалықты қауіпті екенін аңғартты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Залужныйдің айтуынша, мұндай соққылардың алдын алу үшін елде екі бағытты қатар дамыту қажет. Біріншіден, баламалы қару түрлерін жасау. Екіншіден, зымырандардың ұшу траекториясын дер кезінде анықтап, соққы бағытын есептей алатын ғарыштық бақылау жүйесін құру. Мұндай жүйе…

Толық оқу

Атырау қаласында Қала күніне орай ерекше қуаныш орын алды. Ұзақ жылдар бойы апатты үйлерде тұрып келген бірнеше отбасы жаңа пәтердің кілтін қолына алды. Қарымсақов көшесі №4 және Қожақаев көшесі №11 мекенжайындағы ескі баспаналардың тұрғындары Ақмаржан тұрғын үй кешенінен екі және үш бөлмелі заманауи пәтерлерге көшті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Атырау қаласы әкімі Шәкір Кейкин пәтер кілттерін табыстау сәтінде тұрғындармен кездесіп, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту әкімдіктің басты бағыттарының бірі екенін айтты. Әкімнің сөзінше, жыл соңына дейін тағы 70 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден жаңа баспанаға көшіріледі. Демек, бұл үрдіс бір реттік емес, жүйелі жұмысқа айналған.…

Толық оқу
Алматы

Алматының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы «Алматы Қала Жарық» МКК-мен бірлесіп, қаланың сыртқы жарықтандыруын жаңғырту бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы хабарлады. Жаңартылған нысандардың қатарында Республика Сарайы, Шухов және «Дружба» скверлері, Төлебаев көшесіндегі аллея, Сейфуллин даңғылы, сондай-ақ Шолохов және Саин көшелері бар. Республика Сарайының аумағында 60 жаңа жарықтандыру тірегі орнатылып, 700 метр 5×10 кабель тартылды. Шухов скверінде қуаты 100 Вт (3000К) 32 торшер шамы орнатылды. «Дружба» саябағында 65 ескірген шам энергия тиімділігі жоғары (100 Вт, 3000К) заманауи жарық көзіне ауыстырылды. Бұдан бөлек,Төлебаев көшесінде 97 шам ауыстырылып, тротуарлар  біркелкілкі жарықтандырылуда. Шолохов көшесіндегі ескі шамдардың орнына 210 торшер пайда болды, соның арқасында энергия…

Толық оқу
Назарбаев

Болат Назарбаевтың үлкен ұлы Нұрбол Назарбаев банкротқа ұшырап, оған тиесілі компаниялар мен мүліктер бұғатталды, деп хабарлайды Ertenmedia. Қазір экс-президенттің немере інісі 58 млрд теңге қарызы үшін істі болып жатыр. Оның банктегі есеп-шоты мен дүние-мүлкі бұғатталып, компаниялардағы үлесіне шектеу қойылған. Бұған қоса Нұрбол Назарбаев елден шығу құқығынан айырылды. «Shishkin Like» арнасының мәліметінше, Назарбаевтар әулетінің ірі активтерін басқарған Prime cap бас компаниясы бүгінде жабылу алдында тұр. Оған қарасты Prime Capital Real, Prime Capital Re Plaza, Prime Capital Invest сынды бірнеше кәсіпорынның Алматы мен Алматы облысында жылжымайтын мүлкі бар. Сондай-ақ Prime Capital Re Talgar компаниясының атына тіркелген шарап зауыты мен жер телімдері, Prime…

Толық оқу

Еуропадағы әскери авиация нарығында күтпеген бетбұрыс байқалып отыр. Испания АҚШ-тың бесінші буын F-35 жойғыштарын сатып алудан түбегейлі бас тартып, Түркияның KAAN атты жаңа ұшақтарына назар аударуда, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл шешім Еуропа елдерінің қорғаныс саясатындағы бағыттың өзгеріп келе жатқанын көрсетеді. Бұған дейін Испания 2017 жылдан бері F-35 сатып алу мүмкіндігін қарастырған еді. Алайда соңғы жылдары елдің әскери бюджеті Future Combat Air System (FCAS) атты көпұлтты жобаның аясында шектеліп, қымбат америкалық техникадан бас тартуға мәжбүр болды. FCAS жобасы бүгінде дағдарысқа ұшырап, қатысушы елдер арасындағы келіспеушіліктер оны әлсіретті. Сол себепті Испания өз әуе күштерін күшейтудің жаңа жолдарын іздей бастады. Ел үкіметі…

Толық оқу
токсин Сәтбаев

Қазақстанға теріскейден түрлі «инфоцыған», псевдожурналист, поп-жұлдыз мен пропагандистерді тоқтаусыз тарту кейбір ықпалды адамдардың санасындағы «стокгольм синдромының» белгісі. Саясаттанушы Досым Сәтпаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Ertenmedia. Оның айтуынша, Кеңес Одағы күйрегелі бері 30 жылдан астам уақыт өтсе де, қоғамның кей өкілі әлі күнге дейін сол дәуірдің идеологиясын сағынады. «Осы уақытта мүлде жаңа буын өсіп жетілді. Қоғам өзін-өзі тану, деколонизация кезеңін басынан кешіруде. Бірақ кейбір бизнесмендер мен элита өкілдері осы үрдісті әлі толық қабылдамаған тәрізді. Олар мемлекет қаржысын да, жеке қаржысын да көрші елдің инфоцығандары мен пропагандистерін шақыруға шашып жүр. Халықаралық форум өткіземіз деп жүргендер әлемнің түкпір-түкпірінен интеллектуалды, мәдени өнім беретін…

Толық оқу

Маңғыстаудың Тобықты жерінде Бекет ата Мырзағұлұлының 275 жылдық мерейтойына арналған ауқымды шаралар өтті. Мерейтойға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы құттықтау хат жолдап, Бекет атаның ел руханиятындағы орнына тоқталды. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай хатты халық алдында оқып беріп, бұл мерейтойдың тарихи ғана емес, рухани сабақтастықты нығайтатын шара екенін атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Президенттің құттықтауында Бекет ата халқының дүниетанымын кеңейткен, елге ұстаз болған тұлға ретінде сипатталды. Оғыландыдағы жерасты мешітін және осы аймақтағы киелі нысандарды ЮНЕСКО тізіміне енгізу үшін нақты жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Бұл бастама қазақ руханиятының халықаралық деңгейде мойындалуына бағытталған қадам. Ұрпаққа мирас етілетін құндылықты сақтау парыз, деген сөздер жиынға…

Толық оқу

Қарағандыда полиция бөлімінде мәйіті табылған 23 жастағы Эльмираның артында 4 жасар ұлы қалды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ, алайда оның қандай жағдайда көз жұмғаны әлі жұмбақ күйінде, деп хабарлайды Ertenmedia. Оқиға 1 қазанға қараған түні Қарағанды қаласының Михайлов ауданындағы учаскелік полиция пунктінде болған. Сол түні бөлімге келген учаскелік инспектор әріптесін ес-түссіз күйде, ал көрші бөлмеде жас қыздың жалаңаш мәйітін тауып алған. Қайтыс болған Эльмира полиция қызметкерімен бұрыннан таныс болған екен. Ал учаскелік пунктте есінен танып жатқан майор бұған дейін Теміртауда тергеуші болып істеген. Қазір оның өміріне қауіп жоқ, дәрігерлер науқастың беті бері қарағанын айтады. «Пациенттің жағдайы әлі де ауыр, бірақ…

Толық оқу

Түркістан облысында 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап тұмау мен жіті респираторлық вирустық инфекцияларға қарсы вакцинация жүріп жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Сатыбалдының мәліметінше, бүгінге дейін 17 690 адамға «Гриппол+» екпесі салынған. Оның айтуынша, өңірде инфекциялық сырқаттарға арналған 683 төсек-орын дайын тұр. Қазір ЖРВИ диагнозымен 603 науқас тіркелсе, 159 азаматтан пневмония анықталған. Спикер облыста пульмонологиялық көмектің де бөлек ұйымдастырылғанын айтты. Жалпы саны 280 пульмонологиялық төсек-орын бар. Соның 90-ы ересектерге, 190-ы балаларға арналған. Брифинг барысында Түркістан облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ақерке Еркінбекова да өңірдің вирустық ауруларға қарсы дайындығына тоқталды. Оның сөзінше, 2025 жылы жергілікті…

Толық оқу

Астанада өткен Kazenergy Еуразиялық форумында Премьер-министр Олжас Бектенов 2040 жылға қарай Қазақстан мұнай өңдеу қуатын жылына 39 млн тоннаға жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгінде ел ішінде шамамен 18 млн тонна шикізат өңделеді. Егер жоспар толық орындалса, елдің мұнай өнімдеріне ішкі тәуелсіздігі артып қана қоймай, өңдеу тереңдігі 94%-ға жетеді. Қарапайым тілмен айтқанда, бір тонна мұнайдың ішінде «босқа кететін» бөлігі азайып, бензин, дизель, авиакеросин, мазут, битум, сұйытылған газ және мұнай-химияның негізгі фракциялары көбірек алынатын болады деген сөз. Мұндай межені көздеу кездейсоқ шешім емес. Соңғы жылдары ішкі нарықтың «жүрегі дүрсілдеп», жолдың, құрылыстың, логистиканың, ауыл шаруашылығының «жанармай тәбеті» өсе түскен. Бензин…

Толық оқу