Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Түркістан облысына жұмыс сапарымен келіп, шегіртке зиянкесіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес барысын бақылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Министр Арыс қаласы, Қожатоғай ауылына барып, арнайы штаб мүшелерімен бірге Арыс өңірінде шегірткеге қарсы жүргізіліп жатқан қорғау шараларымен танысты. Өңделген аумақтарды аралап, жауапты мердігерлер мен ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясының басшылығымен кездесті. – Препараттар жеткілікті, техника, соның ішінде дрондар бар. Бақылауды күшейтіңіздер. Барлық өңдеу жұмыстары сапалы әрі уақытылы орындалуы тиіс. Шегіртке қанаттанып үлгермеуі керек, – деді Айдарбек Сапаров. Болжамға сәйкес, 2025 жылы Түркістан облысында үйірлі шегірткелердің таралуы 372 мың гектар аумақты…
Автор: editor
«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспорты 7,6 млн тоннаны құрады. Бұл – өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық (4,8 млн тонна), – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Экспорт көлемінің артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді. Экспорттың негізгі бағыттары және өсім қарқыны: Өзбекстан – 2,7 млн тонна (+29,7%, 2023 жылғы 2 млн тоннамен салыстырғанда); Тәжікстан – 1,1 млн тонна (+51%, 726 мың тоннамен салыстырғанда); Ауғанстан – 270 мың тонна (+34%, 202 мың тоннамен салыстырғанда); Қырғызстан – 181 мың тонна (екі есе…
Алматыда 2025 жылы 1200-ге жуық қараңғы учаске жарықтандырылады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 есе көп. Бұл туралы «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Игорь Мысик мәлімдеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz «Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен үш кезеңнен тұратын жоспар әзірленді. Бірінші кезең – бұрыннан бар жарық желілерін қалпына келтіру болатын. Қазір бұл жұмыстар толығымен аяқталуға жақын: барлық қолданыстағы желі іске қосылып, техникалық қызмет көрсетіліп отыр. 2024 жылдың қаңтарынан бастап «Алматы Қала Жарық» міндетін толық көлемде атқара бастағалы бері қалада 45 мың шам ауыстырылды, 3 мыңнан астам жаңа баған орнатылды, шамамен 500 шақырым кабель желісі тартылды. Екінші кезең аясында 2024 жылы…
Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды. Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі: Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және…
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыстық ардагерлер ұйымдарының өкілдерімен кездесіп, жиналған көпшілікті Отан қорғаушылар күнімен құттықтады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жиында өңір басшысы аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы қысқаша баяндап, облыстың дамуына қосқан үлестері үшін ардагерлерге ризашылығын білдірді. — Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Ең бастысы, мемлекет пен қоғамның ерекше қорғауында болатын құрметті ардагерлерімізге айрықша көңіл бөлеміз», — деген болатын. Соған сәйкес біз жыл сайын ардагерлерге қолдау шараларын тұрақты көрсетіп келеміз. Өңірдің қоғамдық өміріне үлес қоса отырып, сіздер өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге қолдау көрсетіп келесіздер. Осы орайда облыста іске асырылып жатқан «Әдеп-құқықтық жұмыс жөніндегі ментор» жобасына белсене қатысқандарыңыз үшін алғыс айтамын. Сіздер сияқты азаматтардың…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте шалғай елді мекендер мен Алакөл жағалауындағы интернет желісімен қамту мәселесі қаралды. Саладағы атқарылған жұмыстар туралы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Басқарманың мәліметінше, өңірдегі 322 елді мекеннің 78 пайызында интернет қолжетімді. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 96 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Абай облысының елді мекендерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында 2023 жылы Жол картасы бекітілген. Соның шеңберінде аудан әкімдіктері мен жеке қаражат есебінен 23 антенна-діңгек құрылысын салу жоспарланған. Оның 15-інің құрылысы аяқталған. Қалған 8 ауыл бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде 171…
Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ордабасы ауданына іс-сапары барысында мұнай өңдеу зауытында болып, жұмысымен танысты. Ауданда өндірісті дамытуға күш салынған. Өңір басшысы осы бағыттағы жұмыстарға басымдық беруді тапсырды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ордабасы ауданында «Standard Petroleum & Co» ЖШС-нің мұнай өңдеу зауытының бірінші кезеңін жыл соңында іске қосу жоспарланған. Өндіріс орнында 300 адам тұрақты жұмыс орнымен қамтылмақ. Қуаттылығы жылына 2,0 млн. тоннаны құрайтын ірі жобаның инвестиция құны 130,0 млрд. теңге. Бүгінде құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Әкімшілік және зауыт алды аймағында жалпы құрылыс жұмыстары аяқталып, технологиялық жабдықтар орнатылуда. Бюджеттік қаражат есебінен барлық қажетті инфрақұрылым тартылған. 1,2 км автожол және 14 км теміржол…
Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов еліміздегі ең танымал әскери бөлімдердің бірі – Алтай ауданының Серебрянск қаласында орналасқан №97638 әскери бөлімге барды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде бұл бөлім тек әскери құрылым ғана емес – бұл ұрпақтар сабақтастығының символы, ерлік пен қайсарлық мектебі. Ол Шығыс Қазақстанның әуе шекарасын қорғап, стратегиялық міндеттерді орындайды және мемлекеттің қауіпсіздігінің тірегі болып табылады. – 97638 әскери бөлімі – бұл ерлік пен даңқтың шежіресі. Бұл бөлімнің жауынгерлік тарихы 1942 жылдан, 316-шы Гвардиялық миномет полкі ретінде басталады. Курск шайқасы, Днепр, Варшава, Берлин…
Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде қазақстандық майдангерлер туралы мәліметтерді қамтитын «Батырларға тағзым» порталының таныстырылымы және құжаттық көрме өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі іске қосқан «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz) сайтында қазірдің өзінде 678 331 ардагер, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі мәрте Кеңес одағының батыры және 19 «Даңқ» орденінің кавалері және басқа да ержүрек жауынгерлер туралы кең көлемді мәліметтер базасы мен галереясы бар. Порталға күн сайын 100-ден аса өтінім келіп түсуде. Соңғы 2 күндегі есеп бойынша, веб-порталға ардагерлердің тізімін енгізу бойынша Астана, Алматы қалалары, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Атырау облыстарынан өтінімдер белсенді түскен. Интерфейс қажетті ақпаратты табуға…
Биыл Түркістан облысында алғаш рет модульді лагерь қолға алынды. Өңірдің 5 ауданындағы жазғы сауықтыру лагерьлерінде 54 модульдік жатын бөлме, 2 асхана, 4 әжетхана (душымен) орнатылады,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл бастама өңірдегі балалардемалысын ұйымдастыру ісіндегі басты түйткіл — орын тапшылығы мен санитарлық талаптардың сақталмауы мәселелерін шешуге бағытталған. Модульдік конструкциялар — қазіргі заман талабына сай, тез орнатылатын, экологиялық әрі тиімді шешім. Бұл тәсіл әсіресе жаз мезгілінде балаларды жылдам әрі сапалы түрде жайғастыру үшін өте қолайлы. Атап айтқанда, «Төлеби Нұры», «Тау шыңы», «Балауса», «Тау барысы» және «Балдәурен» лагерьлеріне орнатылатын модульдер бір ауысымда мыңнан астам баланы қабылдауға мүмкіндік береді. Жалпы жазғы маусымда бұл лагерьлерде…