Қазақстан экономикасының соңғы екі жылдағы басты тірегі кредиттік импульс болды. 2023 жылдың қыркүйегінен 2025 жылдың қыркүйегіне дейін банктердің жалпы кредиттік портфелі 27,2 трлн теңгеден 40,8 трлн теңгеге жетті. Бұл екі жыл ішінде 50%-ға жуық өсім деген сөз. Салыстырып айтсақ, банктердің қосымша берген 13,6 трлн теңгелік несиесі мемлекетіміздің әлеуметтік салаға жұмсайтын бір жылдық бюджетіне тең. Яғни, экономика бүгінгі күні ішкі сұранысты, инвестицияны және дамуды көбіне банктік несиелер арқылы қаржыландырып отыр. Бизнеске берілген қарыздар 12 трлн теңгеден 17,1 трлн теңгеге көтерілді. Мұндағы серпіннің негізгі драйвері орта бизнес. Орта кәсіп иелері соңғы екі жылда 58%-дан аса өсім көрсетіп, несиені ең тиімді пайдаланып отырған…
Автор: Асылхан Бөрібай
Жетісу облысында жылыту маусымы ресми басталмай жатып, әлеуметтік нысандарға жылу беріліп жатыр. Қазіргі уақытта 47 нысан – 32 мектеп, 8 балабақша және 7 аурухана жылуға қосылған. Бұл – жергілікті биліктің алдағы қысқа дайындықты ерте бастап, ең алдымен халыққа қажетті мекемелерді қамтуға мән бергенін көрсетеді. Алакөл, Панфилов аудандары мен Текелі қаласында алғашқы болып жылу берілсе, қалған өңірлер ауа райына байланысты 4 қазан мен 15 қазан аралығында біртіндеп қосылмақ. Жетісу облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының деректеріне сенсек, өңірде 1697 көпқабатты үй мен 1314 бюджеттік нысан толық дайын тұр. Әлеуметтік сала нысандарын жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар да қажетті жағармай қорын жинақтап…
Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің міндетіне кірмейтін жұмыстарды заң жүзінде алып тастауды ұсынды, деп жазады Ertenmedia.kz. Қазіргі Мәжіліс депутаты, бұрынғы Оқу-ағарту министрі ұсынған заң жобасы Үкіметтің қарауына жіберілді. «Ұстаздар мобилограф, блогер, күзетші, іс жүргізуші немесе чат модераторы болуға міндетті емес», – деді депутат. Жаңа заң жобасының негізгі мақсаты педагогтердің артық жүктемесін азайтып, олардың тікелей міндетіне жататын қызметтерді ғана қалдыру. Ең алдымен, мұғалімдер енді қағаз есеп пен электронды құжатты қатар тапсырмайды. Барлық есепті цифрлы форматта бір рет ұсынса жеткілікті. Бұл педагогтерді артық жұмыс пен қағазбастылықтан арылтады. Бұдан былай әлеуметтік желілердегі белсенділік те мұғалімнің өз еркінде болады. Instagram немесе Facebook парақшасын жүргізуге, сабақтан суреттер жариялауға…
Қоғам белсендісі Ғалым Байтук өзінің Фейсбуктағы парақшасында қоғамд кедейшілік дендеп алғанын ашық айтты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол елімізде байлық пен кедейліктің арасы алшақтап бара жатқанын және Қазақстанның жалпы ішкі өнімін халыққа шаққанда 12 мың доллардан сәл жоғары болғанымен қарапайым адамның күнделікті тұрмысында бұл байлық сезілмейтінін тілге тиек етеді. – Халқы 20 миллионға жуық және жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші 12 мың доллардан сәл асатын ел үшін активі 5 млрд доллардан жоғары бірнеше адамның болуы – үлкен аномалия. Әсіресе халықтың басым бөлігі айына 150-200 мың теңгенің шамасында табысқа күнелтіп, әрбір үшінші отбасының қарызы мен несиесі бар екенін ескерсек. Қазақстанда бүгінде байлығы…
Орталық Азия әйелдерінің бірлігі мен даму жолына бағытталған BE WOMAN ASIA форумы айналасында туған пікірталасқа байланысты ұйымдастырушылар ресми мәлімдеме жасады. Форум комитеті әлеуметтік желіде қызу талқыланған жеке пікірге байланысты нақты ұстанымын білдіріп, оқиғаның мән-жайын түсіндірді. «BE WOMAN ASIA саясаттан тыс алаң. Достар, әлеуметтік желіде форум барысында айтылған жекелеген пікірлер қызу талқыланып жатыр. Соған байланысты нақты бір спикердің пікірі форумның, ұйымдастырушылардың һәм қатысушылардың ұстанымын білдірмейтінін атап өткіміз келіп отыр. BE WOMAN ASIA форумы саясатқа араласпайды. Біздің міндетіміз — Орталық Азия әйелдеріне дамитын, өзара ынтымақтасатын орта құру. Биыл форумда 100 спикер, 50 ментор және 30 серіктес болды, 2700 адам қатысты. Іс-шараға қатысқан…
Алматыда жұмбақ жағдайда қаза тапқан сарбаздың туыстары Тоқаевқа үндеу жолдады, деп хабарлайды Ertenmedia. Қызылордадан Алматы облысындағы Қарасай ауданының шекара қызметіне (ҰҚК) шақырылған 18 жастағы Нұрасыл Әнуардың ажалы әскердегі әлімжеттік мәселесін кезекті рет күн тәртібіне шығарды. Ресми диагноз менингококцемия. Менингококк бактериясы денеге тарап, сепсис тудырған. Дәрігерлердің алдын ала мәліметінше, сарбаз осы қауіпті инфекцияның асқынуынан қайтыс болған. Алайда марқұмның туыстары бұған күмән келтіріп отыр. Айтуларынша, әскерге шақырылмас бұрын Нұрасылдың денсаулығында ешқандай кінәрат болмаған. «Егер оның денсаулығында ақау болса, медициналық комиссия анықтар еді. Мұндай қауіпті инфекция кемі бір тәулік ішінде белгісін беретін еді ғой. 4 қазан күні кешке аға-әпкесімен телефон арқылы тілдескенде денсаулығына…
Арыс қаласында «Таза жағалау» акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Шара экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Сенбілікке мемлекеттік қызметкерлер, коммуналдық сала мамандары, белсенді жастар, түрлі ұйымдардың өкілдері және еріктілер атсалысты. Бұл жолғы сенбілік аудандағы Теміржолшы елді мекеніндегі өзен жағасында өткізілді. Қатысушылар табиғи аумақты тұрмыстық қалдықтардан тазалап, жағалау бойындағы қоқыстарды жинады. Сонымен қатар, өзен маңындағы арамшөптер оталып, айнала барынша тазартылды. Акция өзен-көлдер мен су айдындарының жағалауларын қоқыстан арылтып, экологиялық мәдениетті нығайту және тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілік сезімін арттыру мақсатында қолға алынған. Сонымен бірге, бұл бастама қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аударып, табиғатқа жанашырлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Түркістан…
«Digital Bridge 2025» халықаралық форумы аясында «AMANAT» партиясы «AMANAT and AI: Bolashaqqa Qadam» панельдік сессиясын өткізді. Онда саясаттағы, экономикадағы және әлеуметтік саладағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды деп жазады Ertenmedia «AMANAT» партиясының баспасөз қызметіне сілтеп. Заманауи ақпараттық технологиялардың сын-қатерлері мен мүмкіндіктері, жасанды интеллектті заңнамалық тұрғыда реттеу, сондай-ақ техноұлт қалыптастыру перспективалары басты назарда болды. Сессияда сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек цифрлық күн тәртібі жекелеген салалар шеңберінен шығып, еліміздің тұрақты дамуына қажет жағдайға айналатынын атап өтті. «Әлемде цифрлық жарыс жүріп жатыр. Мұның бізге де тікелей қатысы бар. Осы цифрлық бәсекеде табысты болуымыз керек. Бұл туралы кеше осы алаңда Мемлекет басшысы…
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлттық «Қазақфильм» киностудиясының барлық негізгі өндірістік нысандары мемлекет меншігінде қалатынын ресми түрде мәлімдейді. Бұл Рысқұлов даңғылындағы «П» әрпі түрінде жобаланған ғимаратқа да қатысты. Ғимарат әлі де «Қазақфильмнің» меншігінде. Оны сату туралы ресми дерек жоқ. Әр азамат пікір білдіруге құқылы. Бірақ жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына қайшы келеді және Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес қатаң жауапкершілік қарастырылған. Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде, оның ішінде Ерлан Төлеутай мырзаның жазбаларында да расталмаған және шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат таратылуда. Бұл қоғамда мемлекеттік органдарға деген сенімсіздікке әкелуі мүмкін. Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз.
Қызылжардың «Құлагер» клубында шатақ шықты. Клуб менеджері Сергей Филь ресейлік хоккейшілерге Қазақстан паспортын алып беремін деп, ақша жинап алған, деп хабарлайды Ertenmedia. Команданың төрт бірдей ойыншысы басшылықтағы Фильдің үстінен арыз түсіріп, полицияға жүгінген. Оның ішінде қыркүйек соңында клубтан кеткен ресейлік хоккейші Алексей Дерзаев та бар. Спортшылар күдіктінің қолына 500 мыңнан бір миллион теңгеге дейін ақша ұстатқан. Айтуларынша, Филь «Қазақстан паспортын әп-сәтте рәсімдеп беремін» деп уәде еткен. Алданғанын түсінген ойыншылар ақша да жоқ, азаматтық та жоқ деп шу шығарып жатыр. Қазір команда менеджерінің үстінен «алаяқтық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. СҚО полиция департаментінің мәліметінше, Филь бірнеше адамды алдап, олардың ақшасын қалтаға басқан.…










