Автор: editor

«Даму» қоры – Ұлттық экономика министрлігі және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен жаңа «Өрлеу» бағдарламасын іске қосты. Жобаның мақсаты – экономиканың басым секторларында кәсіпкерлікті жеңілдетілген несиемен қолдау. Бұл туралы Түркістан облысындағы «Даму» қорының директоры Мұғазан Нұрмаханұлы баяндады. – Мемлекет басшысының тапсырмасына және Үкіметтің 2025 жылғы 2 сәуірдегі Қаулысына сәйкес, кәсіпкерлікті қаржыландырудағы негізгі кедергілердің бірі – кепілзаттың жеткіліксіздігі мәселесін шешу мақсатында екі жаңа кепілдік құралы енгізілді. Енді кәсіпкер банктен несие аларда кепілзат жетпеген жағдайда төмендегідей қолдау ұсынылады. Кепілдік қоры шеңберінде шағын, орта және ірі бизнес нысандары қатыса алады. Негізгі шарттары – кепілдік берілетін жоба аясында қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды. Кепілдіктің ең…

Толық оқу

Елордада өткен «Бірлік жүгірісі – 2025» шарасы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған маңызды оқиға ретінде есте қалды. 3000-нан астам тұрғын мен қонақ бір мақсатқа бірігіп, салауатты өмір салтын, бірлік пен достықты қолдауға шықты. Жарыс жолына жасөспірімдер де, тәжірибелі желаяқтар да, ерекше қажеттілігі бар азаматтар да, түрлі этностардың өкілдері де қатар тұрды. Қатысушылар Астананың символына айналған «Бәйтерек» маңынан бастап, ЭКСПО алаңын басып өтіп, Түркістан мен Ақмешіт көшелері арқылы қайтып оралды. Бұл жай ғана спорттық шара емес, ұлттар достығы мен қоғамдық келісімді бейнелейтін үлкен азаматтық іс болды. Марафон кезінде бірқатар қашықтықтар ұсынылып, әр адам өз мүмкіндігі мен қалауына сай жарыс форматын…

Толық оқу

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Жоба аясында қашықтығы 74 шақырым болатын «Кеген – Нарынқол» жолының 0-37 және 37-74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 8,002 млрд теңге. Қазіргі уақытта нысанда 7 мың текшеметр қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда ресайклирлеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған. Аймақ…

Толық оқу

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген спортшылар қатысуда,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған шараның мақсаты – ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, тұрғындар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін кеңінен насихаттау. Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, ауыл спортының дамуына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп отырғанын атап өтті. «Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың 4-ші отырысында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Спортты насихаттау, оны әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында дәріптеу – ұлт саулығының кепілі. Соңғы жылдары мемлекет қолдауының нәтижесінде балалар спорты қарқынды дами бастады» деп  спорттың дамуына…

Толық оқу

Жаңа оқу жылына 77 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Бөлінген гранттың басым бөлігі, шамамен 60 пайызы техникалық мамандарды даярлауға жұмсалады деп жазады Ertenmedia. Педагогика саласына 20 пайызы бағытталса, қалған 20 пайыз өзге сұраныстағы мамандықтарға тиесілі. Грант конкурсына биыл 113 мыңға тарта өтініш келіп түскен. Талапкерлердің көбі педагогика, инженерлік-құрылыс және ақпараттық-коммуникациялық технология мамандықтарын таңдаған. Грант иегерлерінің есімі ертең, яғни 7 тамыз күні белгілі болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады: «Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы жаңа ғана мәресіне жетті. Ертең көпшілік асыға күткен грант иегерлерінің тізімін жариялаймыз», – деді министр. Грант…

Толық оқу

Қазақстандағы Теңіз кенішінде бой көтеретін жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы италиялық Tecnimont және Consolidated Contractors International Company (CCIC) дейтін таяушығыстық компаниялардың бірлескен консорциумына сеніп тапсырылды деп жазады Erteńmedia. Upstream Online басылымының мәліметінше, келісімшарт құны екі миллиард доллардан асады. Газды сепарациялайтын кешенде ілеспе газ өңделіп, одан полиэтилен өндіруге қажетті этан мен пропан алынады. KMG PetroChem компаниясының дерегінше, газ өңдеу зауыты жылына 9,1 млрд текше метр газ өңдеп, одан 1,6 млн тонна этан және 360 мың тонна пропан шығармақ. Ал этан мен пропанды сатудан түсетін табыс арқылы жоба 17 жылда өзін ақтайды деген болжам бар. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың үшінші тоқсанында басталып,…

Толық оқу

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Ұлан ауданы Асубұлақ ауылындағы су құбыры жүйесін қайта жаңарту жұмыстарының барысымен танысты. Жоба аясында ұзындығы 46 шақырымға жуық су құбыры желілері салынады. Бұл 524 жеке үйді, 1700-ден астам тұрғынды және 12 әлеуметтік нысанды сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әрқайсысының көлемі 200 текше метр болатын екі таза су резервуары, екі сорғы станциясы, электр желілері мен резервтік қоректендіру жүйесі орнатылады. Апаттық жағдайда дизель генераторы қарастырылған. Барлық жабдық Германияда өндірілген. Нысан аумағы жарықтандырылып, қоршалып, бейнебақылау жүйесімен жабдықталады. – Барлық жұмысты суық түспей тұрып аяқтау керек. Бұл Асубұлақ тұрғындарын уақытында сапалы ауызсумен қамтуға мүмкіндік береді. Бірақ…

Толық оқу

Маңғыстау облысында «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында алғашқы төрт мектеп пайдалануға берілді. Жуырда тағы бірнеше жаңа оқу орны есігін айқара ашпақ. Солардың бірі — Батыр ауылындағы жаңа мектеп. Заманауи білім ордасы STEM зертханаларымен, шығармашылық және спорттық аймақтармен, сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттермен жабдықталған. Жоба әрбір балаға қолайлы әрі тең мүмкіндікті білім беру ортасын қалыптастыруды көздейді. Бүгін аталған мектепте ашық есік күні өтті. Болашақ бірінші сынып оқушылары мен олардың ата-аналары жаңа оқу орнының артықшылықтарымен танысты. Мұнайлы ауданы білім бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Сағатбек Жұбановтың айтуынша, Батыр ауылындағы №15 және №13 мектептерде үш ауысымда оқу жүріп жатқандықтан,…

Толық оқу

Молдованың Гагауз автономиясының басшысы Евгения Гуцул Мәскеуден ақша алып, ел ішіндегі тұрақтылықты шайқалтпақ болды деген айыппен жеті жылға сотталды деп жазады Ertenmedia. Тергеудің пайымынша, ол Кремльдің қаржысын елдің еуроинтеграциясын тежеуге бағытталған іс-шараларға жұмсаған. Гуцулға Ресейдің грантын 2019–2022 жылдары Молдовада тыйым салынған «Шор» партиясына жеткізіп отырған деген айып тағылды. Партия жетекшісі, кәсіпкер Илан Шор алаяқтық жасағаны үшін сырттай сотталып, қазір шетелде бой тасалап жүр. Гуцул өзіне тағылған айыпты мойындамады және сот үкімін «саяси астары бар кек алу әрекеті» деп атады. «Бұл әділет емес, саясат. Менің үстімнен шығарылған үкімнің заңдылыққа еш қатысы жоқ, саяси қудалау ғана», – деді ол сотта. Сот үкімі…

Толық оқу

Абай облысында Абайдың 180 жылдығына арналған онкүндік мерейтойлық шаралар легі жалғасуда. Онкүндіктің алтыншы күнінде Семей қаласында көру қабілеті шектеулі азаматтарға арналған арнайы кітапхананың жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia Жылына 15 мыңнан астам келушіні қабылдайтын жаңа инклюзивті кітапхананы «Самұрық-Қазына» қорының Абайдың 180 жылдығына Абай облысының тұрғындарына жасаған ерекше сыйлығы деуге болады. Жоба Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қайырымдылық қорының қолдауымен 410 миллион теңгеге қаржыландырылды. Бұл – мәдени-әлеуметтік мекеме еліміздегі өңірлік деңгейдегі ең ірі және заманауи инклюзивті кеңістік. Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы – 852 шаршы метр. Нысан…

Толық оқу