Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Sәlem Entertainment Digital Bridge 2025 форумында жасанды интеллект саласындағы жаңа бастамалары туралы айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2025 форумында өткен Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес отырысы аясында ұсынылған цифрлық әзірлемелер көрмесімен танысты. Қатысушылар арасында Sәlem Entertainment компаниясы да өзінің жасанды интеллект саласындағы жобаларын көрсетті. Бас директор және продюсер Игорь Цай жасанды интеллект арқылы жасалған генеративті контентті таныстырып, Sәlem AI бағытының дамуы туралы баяндап берді. «Біз Sәlem-де әрдайым сериалдар мен фильмдерді өндіру мен жылжытудың халықаралық алгоритмдерін енгізіп, бейімдейміз. Биыл біз Google (Alphabet) компаниясының VEO3 бөлімшесінің қолдауымен жасанды интеллект арқылы контент жасау технологияларын сынақтан өткізіп жатырмыз. Бұл бағытты дамыту арқылы біз,…

Толық оқу

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ұстаздар күніне орай ұйымдастырылған салтанатты жиында ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтады. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауларында ұстаздардың мәртебесін арттыруға, кәсіби дамуына жан-жақты қолдау көрсетуге, білім беру жүйесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектті енгізуге ерекше назар аударды. Бұл – ұстаздар қауымының қоғамдағы айрықша рөліне берілген зор баға әрі келешекке артылған үлкен сенім», – деді өңір басшысы. Салтанатты жиында білім саласына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар ұстаздарға Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің құрметті наградалары, облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді. Контекст Нариман Төреғалиев соңғы жылдары өңірде білім беру инфрақұрылымын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап…

Толық оқу

«Самұрық-Энергоның» балансында болған Бұқтырма ГЭС-і жаңа құрылымның қолына өтті. Әуелде жұрт алып кәсіпорынның кімге бұйырғанын білмей дал болған еді, кейін анықталғандай, стратегиялық актив холдинг ішіндегі Qazaq Green Power PLC-ға берілген, деп хабарлайды Ertenmedia. Kapital-ға пікір білдірген холдинг өкілдері мұны елдегі «жасыл» энергетиканы бір арнаға тоғыстыру деп түсіндіріп отыр. Бұқтырма ГЭС-інің 96,3 пайыз акциясы Qazaq Green Power PLC-ның жарғылық капиталын ұлғайту арқылы берілген. Qazaq Green Power «Самұрық-Энергоның» 100 пайыздық еншілес ұйымы. Энергетика нарығына жаңадан қосылған Qazaq Green Power PLC осыдан үш жыл бұрын құрылып, «Астана» халықаралық қаржы орталығының құрамына кірген еді. Осы жылдың ақпанында Өскемен және Шүлбі гидростанциялары да осы құрылымға өткен.…

Толық оқу

Қазақстандағы сауда орындарында тауарды бөліп төлеуге (рассрочка) сатса, міндетті түрде екі түрлі баға көрсетіледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Сауда министрлігі ішкі сауда ережесіне осындай маңызды өзгерістер енгізді. Енді сатушы тауардың толық төлем жасағандағы және бөліп төлеуге сатып алғандағы бағасын анық әрі ашық көрсетуге міндетті. Мұндай талап интернет-дүкендерге де қатысты. Министрлік осы арқылы жасырын үстеме ақы мен тұтынушының қалтасына салмақ түсіретін түрлі қитұрқы әрекеттердің жолын кесуді көздеп отыр. Бұдан бөлек, енді әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне қосымша жасырын комиссия, үстеме ақы қосуға тыйым салынады. Сонымен қатар дүкендер өз сөрелерінің кем дегенде 30%-ын міндетті түрде қазақстандық тауарларға бөлуі тиіс. Жаңа ереже базарларда сауда…

Толық оқу

Қала күні қарсаңында Атырауда өңірдегі ең ірі спорт нысанының бірі – «Texol Wellness Atyrau» спорттық-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жоба 24 миллиард теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік бермек. Кешен Texol компаниясының бастамасымен және қаржыландыруымен салынады. Нысан іргетасына уақыт капсуласын салу рәсіміне облыс әкімі Серік Шәпкенов, Texol компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Шота Абхазав, облыстық спорт ардагерлері одағының төрағасы Болат Қожиев, кикбоксингтен екі дүркін әлем чемпионы Жандос Назарбеков, спорт қауымдастығы өкілдері мен спорт мектептерінің шәкірттері қатысты. Өңір басшысы өз сөзінде бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің маңызына тоқталды: – Бүгін біз ең ірі спорттық-сауықтыру…

Толық оқу
Тұран Ердоған Тоқаев

Соңғы бес жылда Түркияның Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдермен сауда айналымы 62,6 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Ertenmedia Түркия статистикалық басқармасының (TurkStat) мәліметіне сілтеме жасап. Түркияның 2020–2024 жылдар аралығында ТМҰ құрамындағы Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанға экспорты 36,6 млрд долларды құраса, осы елдерден Түркияға жасалған импорт көлемі 26 млрд долларға жеткен. Сауда айналымында Әзербайжан көш бастап тұр. Түркияның Әзербайжанға бес жылда жасаған экспорты 12,8 млрд долларға жеткен. Бұл елге Түркия негізінен машина, механикалық құрылғылар, пластмасса бұйымдары және автомобиль тасымалдайды. Ал Әзербайжан Түркияға 5,3 млрд доллардың тауарын сатқан. Оның ішінде мұнай мен газ, мақта, алюминий және темір бұйымдары бар. Әзербайжанның…

Толық оқу

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке елдің батыс аймақтарына тартылатын ірі автожол құрылысын жылдамдатуды міндеттеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді. «Президент Тоқаев Үкіметке «Торғай – Ырғыз» бағытындағы және батыс өңірге апаратын өзге де автожолдардың құрылысын жылдам аяқтауды тапсырды», – деді ол. Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа күре жолдың ел экономикасы мен өңірдің дамуына ерекше серпін беретінін айтып, орталық пен батыс өңірлер арасындағы қатынас жолын 560 шақырымға қысқартуға мүмкіндік жасайтынын атап өткен еді. Жаңа автожол Торғай өңірінің дамуына айтарлықтай дем беретін ауқымды жоба болмақ. Айта кетейік, осыған дейін сенатор Нұржан Байқадамов Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа…

Толық оқу

Цифрлық платформалар үшін алдағы басты шайқас клиентті өзіне байлап, тартып алуға ұмтылу болмақ. Digital Bridge 2025 форумында Freedom Holding Corp басшысы Тимур Турлов цифрлық нарықтың болашағын осылай бағалады, деп хабарлайды Ertenmedia. Турловтың пайымдауынша, цифрлық экожүйелердің нарықтағы жеке ойыншылардан күші де, әлеуеті де артып барады. Олар тұтынушыны тартатын қуатты гравитация қалыптастырып үлгерген. «Экожүйе бұл жай ғана бренд емес, адамның күнделікті өміріне араласып кеткен орта. Тұтынушы оған қаншалықты жиі оралса, оның тәуелділігі де соншалықты артады. Бүгінде нарықтағы басты күрес клиентті кім көбірек тартып, кім көбірек ұстап тұрады дегенге келіп тірелді. Гравитация кімде болса, ақша сонда. Ал тарта алмаған платформа осы соғыста ақшасын…

Толық оқу

Өскемен қаласында қызметтік лауазымы жоғары прокурор мас күйінде көлік айдап, жол-көлік оқиғасына түскені жайлы ақпарат тарауда. Оқиға 27 қыркүйек түнінде болған. Hyundai Accent автокөлігін басқарған прокурор жарық шамын соғып, полициядан қашуға әрекеттенген. Кейін жүргізілген медициналық сараптама оның қан құрамынан алкогольді ішімдікпен бірге марихуана іздерін де анықтады. Бұл жағдай қоғамның құқық қорғау қызметкерлеріне деген шайқалтты, – деп жазады Ertenmedia.kz. Оқиға жайлы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған соң прокуратура облыс деңгейінде қызметтік тексеріс бастаған. Ал бейресми мәліметке қарағанда, оқиғаға қатысы бар прокурор жұмыстан босатылған. Бұл – елдегі заң үстемдігіне жауап беретін орган қызметкерлерінің атына дақ түсірген кезекті жанжал. Бұған дейін де Шығыс Қазақстанда…

Толық оқу
Путин Трамп қағаз жолбарыс

Соңғы күндері халықаралық саясаттағы басты тақырыптардың бірі АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қарата айтқан «қағаз жолбарыс» деген сөзіне Владимир Путиннің жауабы болды. Әлемдік ақпарат құралдары жарыса жазған бұл пікірталас Ресейдің Украинадағы соғысына, оның әскери қуатына және НАТО-мен арадағы тартысына қатысты жаңа бір саяси символикаға айналғандай… «Қағаз жолбарыс» тарихта Қытайдың саяси риторикасында жиі қолданылған тіркес. Мағынасы – сыртынан айбарлы көрінгенімен, ішкі күші әлсіз мемлекет немесе құрылым дегенге саяды. Трамп дәл осыны Ресейге қатысты айтып, оның Украинадағы соғысын «мақсатсыз» әрі «ұзаққа созылған» әрекет деп бағалады. Путиннің жауабы көп күттірмей «Валдай» халықаралық пікірталас клубында айтылды. Ол НАТО-ға қарсы соғысып жатқан елді «қағаз жолбарыс»…

Толық оқу