Доналд Трамп Ақ үйдің сыртқы саясаттағы ұмытыла бастаған ескі жоспарын қайта жаңғыртыпты. Байденнің тұсында аса қажеті болмай, шаң басып жатқан құжат қайтадан кәдеге асуы мүмкін. Әмірика Қазақстан бастаған Орта Азия елдерін Израильмен жақындастыратын әйгілі «Авраам келісімдеріне» қоспақшы деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters агенттігіне сенсек, Трамп әкімшілігі келісімді кеңейтуге өте-мөте мүдделі. Мәміленің басты мәні мұсылман елдерін Тель-Әвивпен белсенді дипломатиялық қатынас орнатуға көндіру. Келісім алғаш рет (тағы да сол Трамптың тұсында) 2020–2021 жылдары жүзеге асып, төрт бірдей ислам мемлекеті Израильмен ресми түрде татуласқан болатын. Трамптың екінші мерзімінде мәміленің аясы кеңейіп, оған Орта Азия мен Қапқаз елдері қосылуы мүмкін. Уашингтонның тізіміндегі алғашқы кандидат Әзербайжан.…
Автор: editor
Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC консорциумы мен ел билігі арасындағы миллиардтаған долларлық дау инвесторлардың пайдасына шешілді. Әңгіме жалпы құны 4 млрд доллардан асатын, экологиялық заңнама талаптарын бұзуға қатысты айыппұл туралы деп жазады Ertenmedia. Bloomberg-тің хабарлауынша, дау-дамайға себеп болған негізгі мәселе кен орнында өндірілетін күкірттің сақталу тәртібі. Қазақстан тарапы инвесторларды күкіртті нормадан тыс, экологиялық талаптарға қайшы түрде жинап, қоршаған ортаға орасан зиян келтірді деп кінәлаған болатын. Алайда NCOC консорциумына кіретін әлемдік алпауыт компаниялар Eni, Shell, Exxon Mobil мен TotalEnergies мұнымен келіспей, өз әрекеттерінің заңға қайшы еместігін мәлімдеп, сотқа жүгінген еді. Жақында ғана апелляциялық инстанция шетелдік инвесторлардың әрекетінде заңсыздық жоқ деп…
Қазақстан ұзақ жылдар бойы ел экономикасының басты қозғаушысы саналған энергетика саласындағы ережені түбегейлі өзгертуге кірісті. Жылдар бойы жалғасқан газ бағасын төмен деңгейде ұстау саясаты бірте-бірте тоқтатылмақ. Бұған себеп ел ішінде арзан отынның салдарынан орын алған экономикалық теңгерімсіздік пен инфрақұрылымдық тәуекелдер, деп хабарлайды Ertenmedia Oilreview-ге сілтеп. Қазақстан газ қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі саналады. Алайда, ішкі нарықта сұраныстың күрт өсуі мен өндіріс инфрақұрылымының тозуы елді энергия тапшылығына әкеліп отыр. Осыған байланысты, ел үкіметі газ саласындағы экономикалық саясатты толығымен қайта қарауды бастады. Бұрын зауыттар сұйытылған мұнай газын ішкі нарыққа өндіріс шығынынан төмен бағаға сатуға мәжбүр болатын. Мамандардың дерегінше, 128-147 доллар тұратын өнім…
Қазіргі таңда Алматы қаласы тек қызмет көрсету, сауда және білім орталығы ғана емес, нағыз өндірістік қала ретінде танылып келеді. Қала маңындағы жаңа зауыттар, логистикалық тораптар мен инновациялық өндіріс ошақтары бүгінгі күннің басты трендіне айналып, экономиканың жүрегіне айналған. Тәуелсіздік алғаннан кейін Алматы біраз уақыт өнеркәсіптік әлеуетін жоғалта бастаған еді. Кеңес кезіндегі алып кәсіпорындар тоқтап, индустрия саласы тоқырады. Қала, көбінесе, сауда-саттық пен нарықтық қызметтерге икемделді. Бірақ жаһандану мен урбанизация үдерісі Алматыны қайта өндіріс қала болуға итермеледі. Соңғы жылдары осы бағыттағы өзгерістер айрықша байқалады. Қазір Алматы қаласы әкімдігі өнеркәсіптің дамуына айрықша мән беріп отыр. Әсіресе қала маңындағы индустриалды аймақтар, арнайы экономикалық аймақтар –…
БҚО, Казталов ауданы, Жалпақтал ауылында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында қаладан көшіп келген медицина саласы мамандарына тұрғын үй кілттері салтанатты түрде табысталды,- деп хабарлайды Ertenmedia Аталған іс-шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов ауылға келіп, халық саулығы жолында еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне тұрғын үйлердің кілтін табыстады. – Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірімізде облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен «Қаладан – ауылға» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – қалада тұратын ауыл азаматтарын туған ауылына қайта оралту арқылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, кадр тапшылығы мәселесін шешу. Осы бағытта облыс көлемінде…
Райымбек ауданының аңғарында енді LAYS чипстерін өндіруге арналған арнайы картоп өсірілмек. Бұл жұмыспен 2023 жылы Алматы облысы әкімінің қолдауымен сервистік орталық ретінде құрылған «Алтын Дән» ЖШС айналысады. Қазіргі таңда кәсіпорын өңірдегі аграрлық саланың дамуына жаңа серпін беріп отыр. Бүгінде серіктестік 150 гектар алқапқа картоп егіп, суды үнемдеу мақсатында тамшылатып суару технологиясын қолдануда. Сонымен қатар, Қарой жазығында 1500 гектар жерге дәнді дақылдар себілген. Кәсіпорында 20-дан астам жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Егіс науқаны кезінде жұмыс орындарының саны арта түседі. Маңызды жетістіктердің бірі халықаралық PEPSICO компаниясымен әріптестік орнатылып, чипске арналған арнайы тұқымдарды сынақтан өткізу. Бұл тұқымдар шетелден жеткізіліп, Райымбек ауданының аңғарында өсіріледі.…
Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңа маңызды датамен толықты. Биылдан бастап тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржол қызметкерлері күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл – көлік саласының маңызды бағыты саналатын теміржол жүйесінде қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкердің еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы. Теміржол – ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі жолаушы және жүк тасымалының маңызды тетігі. Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының діңгегі саналатын бұл салада он мыңдаған маман жұмыс істейді. Олардың қатарында машинистер, вагоншылар, жол жөндеушілер, диспетчерлер, байланысшылар, инженер-техниктер мен тағы басқа көптеген кәсіп иелері бар. Көлік саласының жалпы дамуына да теміржол саласы орасан үлес қосып отыр. Өңірлер арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз…
«Ақ жол» демпартиясы еліміздің барлық өңірлерінде өткен сенбілікке қатысты. Көшелер мен саябақтарды тазалауға Мәжіліс, жергілікті мәслихат депутаттары, жастар кеңесінің мүшелері мен партия белсенділері шықты. Өз үйіміз – өлең төсегіміз Қазақстанымызды өзімізден басқа ешкім таза әрі одан жақсы ете алмайды. Әрине, қалалардағы, ауылдардағы, көшелер мен аулалардағы тазалық пен тәртіп күн сайын сақталуы тиіс, сенбіліктер тұрғындардың сапалы өмір сүруге деген күнделікті ұмтылысы мен күш-жігерін алмастыра алмайды. Сондықтан Президент Қ.Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы — бұл ең алдымен әркімнің өз үйіне, өмір сүретін ортасына деген жауапкершілігі. Бұл біздің сүйікті қалаларымыз бен ауылдарымыздың тартымды келбетіне әркімнің үлес қосуының маңыздылығын бағалаудың тағы бір жақсы, тіпті жаһандық…
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII Съезі аясында 2025 жылдың 1 тамызында Бейбітшілік және келісім сарайында «Турин Кебіні» және «Қасиетті кітаптар» атты екі халықаралық рухани-мәдени көрме өз жұмысын бастады. Қос көрменің басты мақсаты – түрлі діни конфессиялардың тарихи және рухани мұрасын кеңінен таныту арқылы қоғамда дінаралық түсіністік пен өзара құрметті нығайту, сондай-ақ көрмеге келушілердің рухани-танымдық көкжиегін кеңейту. Іс-шара барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көрмеде ұсынылған артефакттер жай ғана тарихи жәдігер емес, адамзаттың рухани және мәдени мұрасын жеткізуші, ұлы оқиғалардың куәсі екенін атап өтті. Алда өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі – Қазақстанның бейбітшілік, келісім мен гуманизм…
Қазақстанды әлемге таныту – мыңдаған сөзден гөрі, әсерлі бір көрініспен әлдеқайда оңай жүзеге асады. Алматы облысының табиғи байлығы мен экотуризм әлеуетін халықаралық дәрежеде паш ету мақсатында, биыл жазда өңірге Ресей, Италия, Оңтүстік Кореяның ірі түсірілім топтары арнайы келді. Бұл – туризмнің тек бизнес қана емес, елдің мәртебесі мен ұлттың имиджін көтеретін медицина тәрізді стратегиялық салаға айналғанының айқын көрінісі. Соңғы жылдары Алматы облысы Орталық Азияда табиғи рекреация мен денсаулық туризмінің флагманына айналуда. Әсіресе, экологиялық туризм бағытындағы медициналық-биологиялық кластер дамып келеді. Шетелдік БАҚ бұл үрдіске тұрақты қызығушылық білдіруде. Ал ағымдағы шілдеде өткен түсірілімдер – соның жарқын дәлелі. 2025 жылғы 26-27 шілде күндері…
