Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан облысында халықты таза ауыз сумен қамту ісі ең өзекті әлеуметтік мәселенің біріне айналған. Жердің асты да, үсті де бай өлке болғанымен, ауылдағы қарапайым халық үшін ауыз су әрдайым оңайға түскен жоқ. Құдық қазып, судың аз-көптігіне тәуелді болу ауыл тұрмысының шындығы. Енді осы олқылықтың орнын толтыруға бағытталған ірі жобалар қолға алынуда. Соның бірі Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кенті мен Өркениет елді мекеніндегі су жүйелерін жаңғырту жұмыстары, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жобаның құны 3,5 млрд теңгеден асады, соның ішінде республикалық бюджеттен 2,8 млрд теңге бөлінген. Қомақты қаржыға салынған істің сапасы да, уақыты да…

Толық оқу

Бүгін сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он сегізінші сессиясы өтті. Басқосуда Жыл басынан өңірге 783 млрд теңге инвестиция тартылғаны айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сессия жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов жүргізді. Сессияның күн тәртібінде 11 маңызды мәселе қаралды. Бірінші мәселе бойынша Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов баяндама жасап, облыстың экономикалық дамуына тоқталды. – Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына келетін болсақ, алдын-ала есеп…

Толық оқу

Қазақстандық рэпер Qarakesek есімімен танылған Омар Амантаев есірткіге мас күйінде көлік басқарғаны үшін 15 тәулікке қамалып шықты. Алайда ол әлі де қылмыстық істің негізгі фигуранты болып отыр деп хабарлайды Ertenmedia. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қазір 31 жастағы рэпердің үстінен Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі («Есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау») бойынша тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін көлік жүргізу құқығынан 7 жылға айырылып, 15 тәулікке қамалған Qarakesek-тің ісі мұнымен аяқталған жоқ. Полиция есірткі затын сақтау фактісі бойынша бөлек қылмыстық іс қозғаған. Омар Амантаевты Ақтөбе қаласында қыркүйек айының басында ұстаған. Тексеру кезінде рэперден белгісіз ұнтақ тәрізді зат салынған…

Толық оқу

Ұлттық ғылым және технологиялар кеңесінің бүгінгі отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев климаттың өзгеруі мен энергетикалық қауіпсіздік мәселесіне тоқталып, АҚШ президенті Дональд Трамптың осы бағыттағы мәлімдемесін қолдайтынын білдірді деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысы елдегі алғашқы атом электр станциясының құрылысы энергетикалық тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадам екенін атап өтті. «Атом энергетикасы саласында бәсекеге қабілетті, дербес индустрия қалыптастыруымыз қажет. Бұл біздің энергетикалық қауіпсіздігіміз үшін өте маңызды. Қазір Атом энергиясы жөніндегі агенттік шағын модульдік реакторларды энергия тапшылығы бар өңірлерде іске қосуға мүмкіндік беретін стратегиялық құжат әзірлеп жатыр», – деді Тоқаев. Осы ретте Президент климатқа қатысты әлемдік деңгейдегі саммиттер туралы ойын ашық жеткізді. «Мен Дубай мен Бакудегі…

Толық оқу

Тигран Эдмондович Кеосаян өмірден өтті. Бұл жағдай орыс ақпарат кеңістігі үшін орын толмас қаза екені анық. Өйткені Кеосаян тек өнер адамы болып қана қойған жоқ, соңғы жылдары саяси пропаганданың алдыңғы шебінде тұрды. Оның есімі Ресейдегі «империялық көзқараспен» байланысты аталып, Қазақстанға қатысты да шектен шыққан пікірлері ел жадында қалды. Кеосаянның өмір жолы өнерден басталды. Ол кинорежиссер Эдмонд Кеосаянның отбасында дүниеге келіп, жасынан мәдени ортада тәрбиеленді. ВГИК қабырғасынан түлеп шыққан соң, алғашқыда музыкалық клиптер түсіріп, кейін үлкен киноға бет бұрды. «Бедная Саша», «Ландыш серебристый» секілді фильмдері кеңестен кейінгі кеңістікте белгілі болды. Әкесінен дарыған өнерді жалғастырғандай көрінгенімен, уақыт өте келе оның шығармашылығынан гөрі…

Толық оқу

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында әкімдіктің лауазымды қызметкері пара алды деген айыппен сот алдында жауап беруде деп хабарлайды Ertenmedia. Аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы Шұға Сәдуақасоваға қатысты істің соттағы жарыссөзі өтті. Прокурор сот залында айыпталушыны қамауға алып, түрме жазасына кесуді сұрады. Мемлекеттік айыптаушының мәлімдеуінше, Сәдуақасова қызметін асыра пайдаланып, мердігер компаниялардан бірнеше мәрте ақша талап еткен. Іс материалдарына сәйкес, бөлім басшысы «Дәнекер» ЖШС директорынан атқарылған жұмыс актісіне қол қою үшін 5 миллион теңге сұраған. Ал екінші эпизод бойынша «Азия строй проект 777» ЖШС-нен 8 миллион теңге алған. Параны бірден емес, Kaspi қосымшасы арқылы бірнеше адамның шотына бөліп аудартқан. Айыптау тарапы…

Толық оқу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі жарлығымен Алатау қаласына даму әлеуетін арттыратын арнайы мәртебе берілді деп хабарлайды Ertenmedia. Президент қол қойған құжатқа сәйкес, енді Алатау қаласы инновациялық экономиканың орталығына айналып, Алматы агломерациясының жинақталған әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі инвестициялар мен бизнес-бастамаларға жол ашады. Арнайы мәртебе аясында Алатауда инновацияны ынталандыратын ерекше инвестициялық орта қалыптасады, жаңа салаларға капитал тартылып, халықаралық тәжірибеге негізделген басқару тәсілдері енгізіледі. Бұл мәртебе қаланың экономикалық дамуын ғана емес, оған тартылған жеке инвесторлардың құқықтарын қорғауды да қамтамасыз етпек. Президенттің жарлығымен Алатау қаласының дамуын үйлестіретін арнайы кеңес құрылады. Кеңес инвестиция тарту, кәсіпкерлікті қолдау мен инновацияны енгізуге қатысты шешімдер қабылдайды және оларды…

Толық оқу

Ел билігінің жоғарғы эшелонында орын алған ауыс-түйістің ішінде көзге түскені премьер-министрдің орынбасары әрі сыртқы істер министрі қызметін атқарған Мұрат Нұртілеудің орнынан кетуі. Мұның астарында Ақорда айналасындағы саяси элитаның талас-тартысы мен жаңа саяси бағыттың белгілері жатуы мүмкін деп жазады Ertenmedia. Ауыс-түйіс Нұртілеу Нью-Йоркте жүрген кезде орын алған. Ендігі жерде экс-министр БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында халықаралық деңгейдегі маңызды жүздесу өткізіп жатқанда, елге қайтпай жатып-ақ қызметінен алынған. Тоқаевтың Нұртілеуді көмекші етіп тағайындауы, сырт көзге сенімді кадрын сыртқа теппеудің амалы сияқты көрінеді. Дегенмен саясаттанушы Ербол Еділовтің пайымдауынша, соңғы өзгеріс Мұрат Әбуғалиұлының саяси позициясын әлсіретіп, оны маңызды әрі ықпалды лауазымнан алыстатқан. «Министр әрі вице-премьер кезінде…

Толық оқу

Президент Тоқаев Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған Ермек Көшербаевты қабылдады деп хабарлайды Ertenmedia. Кездесуде Мемлекет басшысы жаңа министрге сыртқы саясаттың тепе-теңдігін сақтап, Қазақстанның халықаралық аренадағы беделін нығайту міндетін жүктеді. Бұдан бөлек, Президент сыртқы саясаттағы экономикалық дипломатияны күшейтуге ерекше екпін берді. «Қазақстанның ұлттық мүддесін халықаралық деңгейде батыл қорғау керек. Әсіресе инвестиция тартуға, шетелдегі азаматтарымыздың құқықтарын қорғауға басымдық беру қажет», – деді Тоқаев. Сондай-ақ Президент министрліктің жұмысы тек екіжақты ғана емес, көпжақты халықаралық алаңдарда да белсенді әрі нәтижелі болуы тиіс екенін атап өтті. Бүгін таңертең ғана Сыртқы істер министрі болып тағайындалған Ермек Көшербаев бұған дейін премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарған болатын. Ол әр…

Толық оқу

Астанада есірткіге қарсы күрес айлығының ашылуы өтті. Шара Есіл өзенінің жағалауында ұйымдастырылып, Халықаралық нашақорлықпен күрес күніне арналды, – деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Айлық «Астана – есірткісіз қала» атты ауқымды акция аясында өткізіліп отыр. Мақсат – жастардың есірткіге деген теріс көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және қоғамды нашақорлықпен күреске тарту. Іс-шараны Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ұйымдастырды. Акцияға танымал блогерлер, спортшылар, олардың арасында Василий Тахтай, Мерей Ақшалов және Айдос Қожахметов қатысты. Олар жастарға мотивациялық үндеу жасап, фото және автограф-сессиялар өткізді. Сонымен қатар ұйымдастырушылар мен серіктестер тарапынан мерекелік кофе мен сыйлықтар таратылды. –  Мен оқушы…

Толық оқу