Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Муниса Шодиева

Муниса Шодиева әлемдік қаржы элитасы мен постсоветтік клептократия арасындағы шекараны бұлдыратқан тұлғалардың бірі, деп жазады Ertenmedia.kz. Ол Eurasian Resources Group компаниясының тең иесі Патох Шодиевтің қызы, әрі бірнеше мемлекеттің азаматы. Ал, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес, қос азаматтыққа тыйым салынғанын бәріміз білеміз. Соған қарамастан, Муниса Шодиева Қазақстанның дипломатиялық паспортын заңсыз жолмен алғаны анықталды, – деп жазады «Вход к моря» телеграм арнасы. Бір қызығы, дипломатиялық паспорт оған 2003 жылы берілген, ал 2013 жылы жаңартылған. Сол кезде-ақ оның Бельгия мен Ресей азаматтығы бары белгілі болған. Бірақ Қазақстанның сол кездегі Сыртқы істер министрлігі бұл дерекке көз жұмып, оған ерекше мәртебе берген. Бұл шешімнің артында…

Толық оқу

Қазақстанда коллекторлық агенттіктер мен микроқаржы ұйымдарының қызметіне екі деңгейлі бақылау жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрайымы Мәдина Абылқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір еліміздің микроқаржы нарығында 899 ұйым жұмыс істейді, ал коллекторлық агенттіктер тізімінде 197 компания бар. Осы жылдың 1 шілдесіндегі мәліметке сәйкес, Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының несие портфелі 3,2 трлн теңгеге жеткен. Бұл 2021 жылғы көрсеткіштен екі есе жоғары. Несие сомасының 61 пайызы, яғни 1,9 трлн теңгесі шағын және орта бизнеске берілген микрокредиттер. Алайда несие көлемі артқан сайын, тұтынушылар тарапынан шағымдар да көбейген. Былтырдан бері нарық қатысушыларына қатысты 812 тексеріс жүргізіліп, 1,1 мыңнан…

Толық оқу

ШҚО-да «Altai Invest – 2025» халықаралық инвестициялық форумының салтанатты ашылуы өтті. Ауқымды алаң мемлекеттік құрылымдардың, бизнес-қоғамдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қатысушыларға ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтау сөз сөйледі. Ол форумның инвестиция тартудың маңызды орталығына айналып, өңірдің экономикалық дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. – Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өңірлердің алдына нақты міндеттер қояды: экономиканы әртараптандыру, экспортты дамыту және инвестиция тарту. Бұл – стратегиялық бағдар. Нәтижелердің өзі айқын: өңір алаңында жалпы құны 100 млрд теңгеден асатын 11 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Форумнан біз жаңа идеялар мен ұсыныстарды күтеміз,…

Толық оқу

Бүгінде Түркістан облысы – еліміздегі серпінді дамып келе жатқан өңірлердің бірі. Географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы облыстың стратегиялық маңызын арттыра түседі. Өңір арқылы өтетін «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі әлемдік нарықтарға тікелей шығу мүмкіндік береді. Сонымен қатар Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше болуы 185 миллионнан астам тұтынушысы бар үлкен нарыққа еркін шығуға жағдай жасайды. Түркістан облысының инвестициялық әлеуеті, инвесторларға көрсетілетін қолдау шаралары шетелдік инвесторлардың қызығушылығын арттыруда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров кезекті рет шетелдік инвесторлармен кездесіп, жаңа жобаларды іске асыру жайын талқылады. Тараптар облыста интеграцияланған экожүйелік парк құру жайын жан-жақты зерделеп, пікір алмасты. Облыс басшысы тиімді ұсыныстарды қабылдауға…

Толық оқу
газ мұнай Әзербайжан құбыр

Әзербайжан билігі Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» жобасына қатысудан түбегейлі бас тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның мәні Ресей газын Әзербайжан аумағы арқылы Иранға, одан ары Парсы шығанағы мен Үндістанға жеткізу болатын. Мәскеу осы транзит арқылы жылына 50 миллиард текше метр газ айдап, Ресей бюджетін $30 миллиардқа толықтырмақ еді. Алайда Баку мұндай схемаға жол бермейді. Себебі бұл БҰҰ енгізген Иранға қатысты халықаралық санкцияларды айналып өтуге тікелей жол ашар еді. Әзербайжан билігінің ұстанымы анық, халықаралық ережелерді айналып өтіп, Ресейдің көлеңкелі логистикасына жол ашпайды. Осылайша Баку екінші санкциялық тәуекелден бас тартып отыр. Сонымен қатар Ирандағы ресейлік газ хабы туралы ақпараттар да жалған болып шықты. Ресей мен…

Толық оқу

Іле ауданында заманауи қойма кешені іске қосылды. Бұл нысан тек жергілікті экономиканың дамуына ғана емес, бүкіл Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға да ықпал етпек, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Damu Logistics аумағында, Байсерке ауылында салынған нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысты. – Халықаралық стандарттарға сәйкес салынған «А» санатындағы жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Оның жұмысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік қуаттылықты ұлғайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі. Қойма автокөлік қосалқы бөлшектерін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жеткізумен айналысатын East Motors компаниясына тиесілі.…

Толық оқу

Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қонаев қаласының әкімі шаһарды кезекті рет аралау барысында бірқатарына кіріп шықты. Алдымен ол «Самұрық» ТҮК-ке барды. Бұл кешен 11,6 гектар жерде тұрғызылады деп жоспарлануда. Жоба 2029 жылға дейін жүзеге аспақ. Тартылатын инвестиция сомасы – 65 млрд.теңгені құрайды. Қазір құрылыстың 1-кезеңі жүріп жатыр. Мұнда жалпы аудан 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді. Келесі нысан 10 шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені болды. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты…

Толық оқу

Атырау облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 6 мың адамға қысқарды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі штаб отырысында айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Аймақта МӘМС жүйесінде 100 мыңға жуық азамат сақтандырылмаған. Сол себепті әкімдіктер мен округ әкімдеріне ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, әрбір азаматты есепке алу шараларын жүргізу тапсырылды. – «D» және «Е» санатындағы азаматтарды азайту жұмыстары жалғассын. Арнайы кесте бекітіліп, жеке кәсіпкерлер, жастар, жұмысшылар және дербес төлеушілер кезең-кезеңімен МӘМС жүйесіне тартылсын. Егер тиісті жұмыстар уақтылы орындалмаса, 17 мыңнан астам адам үшін жергілікті…

Толық оқу

Соңғы жылдары тарихи тұлғалар туралы өтірік-шыны аралас, дәлелсіз, біржақты материалдардың күрт көбейгені байқалады. Бұрын архив пен ғылыми зерттеуге сүйеніп жазылатын дүниелер енді әлеуметтік желідегі қысқа пост пен бейнеролик деңгейінде қалып отыр. Мұндай үрдіс «блогерлік тарих» деген құбылысты қалыптастырды. Онда авторлар нақты дерекке емес, жеке көзқарасқа, естіген әңгімеге, кейде тіпті көркем қиялға сүйенеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселенің қауіпті тұсы осында. Бір тұлғаны шектен тыс дәріптеу немесе керісінше толық жоққа шығару қоғамда екіұдай пікір туғызады. ХХ ғасырда өмір сүрген қайраткерді XVIII ғасырдың өлшемімен бағалау, тарихи оқиғаларды қазіргі эмоциямен түсіндіру ғылыми тәсілге жатпайды. Бірақ мұндай тәсілдер кең таралып келеді. Себебі әлеуметтік желіде жылдамдық…

Толық оқу
Ertenmedia

Қазақстан цифрлық нарықтағы салық тәртібін күшейтіп, бюджет кірісін айтарлықтай ұлғайта бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан бюджетіне жалпы көлемі 112 млрд теңге қосымша құн салығын төлеген. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары енгізілген «цифрлық ҚҚС» тетігінің нақты нәтиже беріп отырғанын аңғартады. Тек 2025 жылдың өзінде шетелдік цифрлық сервистер 41,8 млрд теңге аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге жуық өсім көрсетеді. Яғни онлайн сауда мен цифрлық қызметтер нарығы кеңейген сайын, бюджетке түсетін түсім де артып отыр. Салық төлеуде бірқатар ірі платформалар алдыңғы қатарға шыққан. Олардың ішінде Temu – 6,2 млрд теңге, Valve – 5,3 млрд…

Толық оқу