Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан облысында жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында айналаны ластаушыларға қарсы нақты шаралар қабылдануда. Атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдар тарапынан арнайы топтар құрылып, бейнекамералар арқылы бақылау жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда тек Түркістан қаласының өзінде 514 бейнебақылау камерасы үздіксіз жұмыс істеп тұр. Ал өңірдегі аудандармен қоса есептегенде жалпы 709 камера орнатылған. Бұл камералар қоғамдық тәртіпті сақтау мен экологиялық құқықбұзушылықтардың алдын алуға септігін тигізуде. Осы ретте, «Smart Turkistan» жобасы шеңберінде жұмыс істейтін «Ахуалды реттеу орталығының» қызметкерлері бейнебақылау арқылы қоқыс тастаған азаматтарды байқап, жедел түрде учаскелік полиция қызметкерлеріне хабар береді. Нәтижесінде тәртіп бұзушы дер кезінде анықталып, тиісті әкімшілік шаралар қолданылады.…

Толық оқу

Жамбыл ауданындағы Теміржол ауылдық округінде «Қазыбек бек» индустриялық аймағының ашылуы өтті. Салтанатты іс-шараға іскерлік орта өкілдері, инвесторлар, жергілікті атқарушы органдар мен өңір тұрғындары қатысты. Индустриялық аймақтың жалпы аумағы 900 гектарды құрайды. Негізгі бағыттары – металлургия және металл өңдеу, құрылыс материалдарын шығару, машина жасау және өнеркәсіптік жабдық өндірісі, сондай-ақ жүк сақтау қызметтері. Жобаны іске асыру мерзімі 2027–2029 жылдарға жоспарланған. Ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев индустриялық аймақтың құрылуы өңір мен тұтас ел экономикасын дамытудағы маңызды қадам екенін атап өтті. «Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Өңдеуші өнеркәсіптің дамуына жаңа серпін беретін…

Толық оқу

Елордада «Заң және Тәртіп» қағидаты аясындағы «Астана – есірткіге қарсы» айлығы жүйелі түрде жалғасып жатыр. Бұл жолғы екпін жастар тұратын жатақханаларға жасалған профилактикалық рейдтер, есірткі жарнамасын онлайн кеңістікте бұғаттау және студенттердің қауіпсіздігін күшейтуге бағытталған, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, түсіндіру жұмыстары колледждер мен универлерде лекция, ашық әңгіме, интерактив форматында жүріп жатыр. Бүгінде телеграм-каналдар, аноним маркетплейстер, крипто-төлем, «координата тастайтын» курьерлік үлгілер есірткі бизнесінің көргін қыздурда. Сол үшін прокуратура, полиция және кинологиялық қызмет бірлесіп, жатақханалар мен күмәнді локацияларды нысанаға алды. Иісшіл иттер аула-ауланы, бос ғимараттарды шолып, жасырын «қоймалардың» ізін кесуде. Сарыарқа ауданы…

Толық оқу

Қырғыздың Жоғарғы Кеңеш өзін-өзі таратып кезектен тыс сайлау өткізуге келісті. Әдетте мұндай қадам кез келген елде сенсацияға айналар еді, алайда көршілес қырғыз ағайын үшін бұл жағдай әдеттегі саяси дәстүр сыңайлы… Тәуелсіздік алғаннан бергі үш онжылдықта бұл елде алты президент алмасып, оның үшеуі қуғындалып, қылмыскер атанса, қалғандары халық сенімін ақтамай, революция мен төңкерістердің құрбаны болды. Еркіндікке құштар көшпенді рухынан ажырамаған қырғыз қоғамы билікке келген әрбір басшыдан көп үміт күтіп, бірақ тез арада көңілі қалатын әдет бар, – деп жазады Ertenmedia.kz. Бірақ бұл жолы да өзгеріс дүрбелеңсіз өтті. Жоғарғы кеңештің төрағасы Нұрланбек Тұрғынбекұлы «қатарынан өтетін парламенттік және президенттік сайлауларды бірінен соң бірін…

Толық оқу

Алматы әуежайынан көзге түскен әйгілі Джеки Чанның Қазақстанға келу себебі көпшіліктің қызығушылығын туғызған болатын. Ақпарат құралдары әр қырынан жазғанмен, шын мәнінде оның сапарының астарында үлкен мәдени әрі кинематографиялық серіктестік жатқанын Ertenmedia анықтады. Аңызға айналған актер, режиссер, сценарист әрі продюсер Джеки Чан Salem Entertainment командасымен арнайы кездесіп, Қазақстанда түсірілетін жаңа бірлескен жобаны талқылауға келіпті. Salem Entertainment өкілдерінің айтуынша, түсірілімнің негізгі бөлігі Қазақстан аумағында өтпек. Джеки Чан Алматыға келгенде болашақ картинаның түсірілім алаңдарын аралап, табиғи көріністердің кино өнеріне қандай әсер беретінін бағамдаған. Қазақстанның кең байтақ даласы, әсем табиғаты мен заманауи қалалары әлемдік киножобаларға әбден лайық екені белгілі. Осы орайда Чанның таңдауы біздің…

Толық оқу

Германия канцлері Фридрих Мерц Украинаға қолдау көрсетудің бұрын болмаған жолын ұсынды. Ресейдің Еуропадағы Орталық банкінің 140 миллиард еуро көлеміндегі бұғатталған активтері есебінен Киевке несие беру. Financial Times бетінде жарияланған мақалада Мерц бұл Еуропанің ерекшелігін атап көрсетті. Несие пайызсыз беріледі және тек Ресей Украинаға келтірген шығынды өтегеннен кейін ғана қайтарылуы тиіс. Осыған дейін Еуропалық комиссия бұл активтердің тек пайыздық табысын пайдалануды қолданып келген болса, енді негізгі соманы да іске қоспақшы. Мерцтің айтуынша, Германия активтерді біржақты тәркілеуге сақтықпен қарағанымен, соғыс жағдайы мұндай салмақты шешімдер қабылдауды қажет екенін мойындап отыр. Еуропалық одақтың Копенгагенде өтетін бейресми саммитінде осы мәселе негізгі тақырыптардың біріне айналмақ. Бұл…

Толық оқу

«Жасыл даму» компаниясының Kcell акцияларын сатып алуы халықты наразылығын тудырды, деп жазады Ertenmedia.kz. «Жасыл даму» ақталып әлек Әуелгіде мемлекет «Роптың» ізбасары ретінде құрған бұл компанияға утильалымнан түскен қаражатты тиімді жұмсап, елімізде ескі көліктерді қайта өңдейтін зауыттар салу міндеті жүктелген еді. Халықтың қалтасынан миллиондап жиналған қаржы өндіріс орындарына бағытталады деп күткен еді. Бірақ арада бірнеше жыл өтсе де, көзге көрінетін бірде-бір толыққанды зауыт бой көтерген жоқ. Керісінше, компания уақытша «бос қаржыны» (өздері солай деп атапты) «тиімді пайдалану» деген сылтаумен Kcell акцияларын сатып алғанү Бұл жайт халықтың ашу-азасын туғызуда. Қарапайым азаматтар көлік сатып алып, утильалым төлегенде қаражатты «Жасыл даму» компаниясы Kcell-дің акциясына…

Толық оқу

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы құрылыстың сапасы мен мерзімін сақтамаған компанияларды қатаң сынға алды, деп хабарлайды Ertenmedia Бұл туралы қала басшысының кеңесшісі Ілзат Ақчурин мәлімдеді. Жиында Дархан Сатыбалды бюджеттен миллиардтаған қаржы алып отырған құрылыс компанияларының жұмысын сынға алып, олардың жауапсыз әрекеттері қаланың дамуын тежеп отырғанын айтты. «Бюджеттен ондаған миллиард теңге алған мердігерлер құрылысты созып, жұмысты тоқтатып қойып, оның үстіне сапасыз істеп жатыр. Жоспар бойынша нысандарда кем дегенде 15 техника мен ондаған жұмысшы болуы тиіс болса, іс жүзінде екі-үш адам мен бір-екі ғана техника жүреді. Соның салдарынан жолдар бұзылып, айнала шаң-тозаңға көміліп, тұрғындар зардап шегуде. Бұл жауапкершіліктің жоқтығы», – деді қала…

Толық оқу

Президент жарлығымен Ержан Ашықбаев Қазақстанның АҚШ-тағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды деп жазады Ertenmedia. Ол бұл қызметті 2021 жылдың сәуірінен бері атқарып келген еді. Бізге жеткен мәлімет бойынша, келер жылдан бастап екі елдің қарым-қатынасы айтарлықтай қарқын алады. Осыған байланысты дип.корпуста өзгеріс болып, Уашингтондағы өкілдік қызметін күшейту үшін жаңа команда жасақталмақ. Бұл бүгін таңертеңнен бергі дипломатиялық корпуста болған үшінші үлкен ауыс-түйіс. Бұған дейін Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі қызметінен босап, оның орнына Ермек Көшербаев тағайындалған. Ең қызығы АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметі бірнеше айдан бері бос тұр. Осы орынға ұсынылған Жули Стафт әлі ресми түрде жұмысқа кіріскен жоқ. Оның елімізге қатысты…

Толық оқу

Кісі еңбегімен қадірлі, ел еңбегімен еңселі. Адал маңдай терімен абыройға жетіп, туған топырағының түтінін түзу ұшырып жүрген азаматтар ел ішінде баршылық. Солардың ішінде аты аталып, үлгісі ұлықталар жанның бірі — Айдархан ауылының ардақты перзенті, іскер де ілкімді азамат Қажымұхан Құмарұлы Борашев. Биыл, 2025 жылдың қыркүйек айында ағамыз зейнеткерлік жасқа аяқ басты. Бұл – бір адамның ғана емес, бір дәуірдің тұтас еңбек шежіресі деуге болады. Ауылдың қарапайым қара баласы 1962 жылы Жаңақала ауданы Айдархан ауылында дүниеге келіп, туған жердің тұнық ауасын жұтып, құтты топырағында өсіп-өнді. Мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап еңбекке етене араласып, жастайынан жауапкершіліктің жүгін көтере білді. Әуелі «Бірлік» асыл…

Толық оқу