Бүгін Qonaev Media телеарнасы өз жұмысын бастады. Арна еліміздің барлық өңіріндегі көрермендерге Alma TV және Otau TV платформалары арқылы қолжетімді. Телеарна күн сайын 08:00-ден 00:00-ге дейін хабар таратады. Qonaev Media өзін Алматы облысы мен жалпы Қазақстанның өміріне бағытталған заманауи медиаресурс ретінде таныстырады. Эфирде жаңалықтар, талдамалық бағдарламалар, ток-шоулар, сұхбаттар, деректі және ойын-сауық жобалар көрсетіледі. Әсіресе әлеуметтік бастамаларға, білім мен денсаулық сақтау саласының дамуына, бизнеске, мәдениетке, спорт пен экологияға ерекше назар аударылады. Телеарна басшысы Қымбат Хангелдинаның айтуынша, Qonaev Media-ның іске қосылуы отандық телевизия үшін жаңа мүмкіндіктер ашады: «Біздің мақсатымыз – халыққа жақын болып, өңір мен елдің келбетін қалыптастыратын шынайы оқиғаларды көрсету. Көрермен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Бүгін Түркістан облысының ауыл шаруашылығы өнімдері Алматы қаласына жөнелтілді. Жәрмеңкеге 500 тоннадан астам ет, көкөніс, бақша, жеміс-жидек, балық және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылады. Республикада ауыл шаруашылығының өнімінің 14%-ы Түркістан облысына тиесілі. Биыл қаңтар-тамыз айларына 487,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 100,1 %-ды құрады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 97,6 млрд теңге инвестиция тартылып, тиісті кезеңмен салыстырғанда 1,4 есе артқан. Одан бөлек, тамақ өндірісінің негізгі капиталына 23,3 млрд теңге инвестиция тартылып, 1,5 есеге артқан. Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбековтың сөзінше, биыл ауыл шаруашылығы дақылдары өткен…
Түркістан қаласында ІТ мамандарын даярлайтын «Woosong University Kazakhstan» жоғарғы оқу орны салтанатты түрде ашылды. Оқу ордасының ашылу салтанатына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, Корея Республикасының Қазақстандағы Елшісі Чжо Тэ Ик, «Woosong Education Foundation» білім беру қорының құрметті төрағасы және басқарма мүшесі Ким Сон Кёнг арнайы қатысып, көпшілікті университеттің ашылуымен құттықтады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров ел дамуында маңызды рөл атқаратын игі істің жүзеге асуына атсалысқан барша серіктестерге алғыс білдірді. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елімізде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жөнінде нақты тапсырма…
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози 2007 жылғы сайлауда Ливиямен жасырын мәмілеге барғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды Ertenmedia. Париж сотының тұжырымы бойынша, Саркози айналасындағы адамдар Ливия билігімен сайлау науқанына ақша бөлу туралы құпия келісімге келген. Le Monde басылымының дерегінше, экс-президенттің штабына Ливиядан 50 млн еуроға дейін қаржы құйылған болуы ықтимал. Сот отырысында Саркози осы фактілердің бір бөлігін мойындаған. Бірақ бастапқыда тағылған пара алу және шетелдік қаржыны заңсыз пайдалану айыптары дәлелденбей, іс материалынан алынған. Экс-президентпен бірге оның үзеңгілестері бұрынғы министрлер Клод Гиан мен Брис Ортефю де айып арқалады. 70 жастағы Саркози сот шешімін қайта қарауды талап етуге құқылы.…
Қазақстанның Forbes тізіміндегі ең ықпалды бизнесмендердің бірі Кеңес Рақышев «Астана» халықаралық қаржы орталығының алаңында жаңа компанияны тіркеді, деп хабарлайды Ertenmedia. Ашық деректер базасындағы мәліметке сүйенсек, Рақышевке тиесілі холдингтің атауы Treasure Limited. Кәсіпорынның заңды тіркеуден өткен күні 24 қыркүйек. Компанияның жарғылық капиталы 1 миллион теңге, акцияның 100 пайыздық үлесі толықтай Кеңес Рақышевтің меншігінде. Компанияның бас директоры ретінде Кирилл Довганюктің есімі көрсетілген. Дәл осы есіммен танымал тұлға Алматыдағы EW Tech ЖШС-ін басқарып отыр және бұған дейін «Сарыарқа Mining» компаниясының директоры қызметін атқарған. Жаңа холдингтің нақты миссиясы әлі жарияланбағанымен, Рақышевтің өзге активтерін біріктіріп, олардың басқарылуын оңтайландыру мақсатында құрылған болуы мүмкін деген болжам бар.…
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев Түркістан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі мәдени мұра және туристік инфрақұрылым нысандарын аралады. Әсіресе, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне ерекше назар аударды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Ермек Көшербаев реставрациялық жұмыстармен танысып, ескерткіштің тарихи келбетін сақтау аса маңызды екенін атап өтті. Қалпына келтіру жұмыстары республикалық бюджет есебінен жүргізілуде және оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. «Күлтөбе» археологиялық қалашығында Премьер-министрдің орынбасары нысанды тарихи сәулетке сай жарықтандыруды және кешкі экскурсиялар ұйымдастыруды тапсырды. – Түркістан – бұл тек рухани орталық емес, сонымен қатар заманауи туризмнің маңызды орталығы. Біздің мақсатымыз — бірегей тарихи ескерткіштерді сақтай…
2025 жылдың алғашқы алты айында Астанаға келген туристер саны 750 мыңға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға артқан. Соның ішінде 180 мыңнан астамы – шетелден келген қонақтар. Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ пен Германиядан ағылған туристердің көптігі елорданың халықаралық деңгейде тартымдылығын айқындап отыр. Бұл жай ғана статистика емес, Астананың мәдениет, спорт, медицина, инновация және іскерлік орталыққа айналып келе жатқанын дәлелдейтін маңызды көрсеткіш, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Астана қазір жүздеген туристік нысандарымен мақтана алады. Театрлар мен мұражайлар, галереялар мен мешіттер, спорттық кешендер мен мәдени орталықтар қонақтарға есігін айқара ашып отыр. Қала қонақтарының ыңғайына сай заманауи инфокиоск…
Қазіргі таңда интернет өміріміздің барлық саласына енді. Бірақ цифрлық мүмкіндіктермен бірге интернет алаяқтық қауіпі де артып келеді. Алаяқтар әлеуметтік желілер, мессенджерлер, жалған сайттар мен қоңыраулар арқылы азаматтардың жеке және қаржылық мәліметтерін алдап алуға тырысады. Түркістан облысында интернет-алаяқтық қылмыстары 46,5% (303-тен 444-ке) жоғарылаған. Интернет –алаяқтықтың басым көпшілігі Бәйдібек 300,0% (1-ден 4-ке), Ордабасы 80,0% (15-тен 27-ге), Түлкібас 163,6% (11-ден 29-ға) аудандарында Кентау қаласында 238,5% (13-тен 44-ке) жоғарылаған. Тіркелген интернет-алаяқтық қылмыс тәсілдеріне келетін болсақ, ең жиі кезедесетін түрлері келесідей: Банк қызметкерлері, құқық қорғау органдарының қызметкері, байланыс операторлары және пошта қызметкерлері – 123 дерек (жалпы шығын – 345 млн. 140 мың теңге); жалған инвестициялық…
Болгарияның Албена қаласында өткен қол күресінен Әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінген «Шардара Армспорт» клубының спортшылары елге оралды. Халықаралық аренада ел намысын абыроймен қорғап, жеңіс тұғырынан көрінген чемпиондарды шардаралықтар ерекше ықыласпен қарсы алды. Салтанатты қарсы алу рәсімі ұлттық дәстүрмен әрленіп, кең көлемде ұйымдастырылды. Шараға ардагерлер, әжелер, мектеп оқушылары мен қала жастары қатысты. Ұлттық киім киген апалар жеңімпаздарға шашу шашып, дәстүрлі қонақжайлықпен қымыз бен бауырсақ ұсынып, ыстық ықыластарын білдірді. Шара барысында Мелдеби шағын ауданының биі, осы чемпионатта үш немересі жеңімпаз атанған ақсақал Ибрагим Бектұрсынов спортшыларға болашақ жарыстарда сәттілік тіледі. Қанай Датқа шағын ауданының биі Жеңіс Барболов ақ батасын берді. Бұл жеңіс –…
Соңғы күндері АҚШ-тың саяси сахнасында күтпеген өзгеріс байқалды. Бұған дейін Украинаны әлсіз, қорғансыз санап келген Дональд Трамп «Ресей-Украина» соғысына қатысты көзқарасын күрт өзгертті. Оның жаңа сөздерінде Ресейдің экономикасы күйзеліске ұшырап, ал Украинаның жоғалтқан жерін қайтарып алу мүмкіндігі жоғары екені айтып қалды. Бір қарағанда, бұл жай ғана риторика болып көрінуі мүмкін. Бірақ соғыста сөздің өзі – оқпен тең, ал саясаттағы риторикалық бұрылыс қарсыластың рухын көтеріп те, түсіріп те жібереді. Трамптың осы уақытқа дейінгі ұстанымына назар аударсақ, ол Мәскеудің күштілігін баса айтып, Киевті бейбіт келісімге итермелеумен болды. Тіпті Зеленскийдің көзінше «сенің қолыңда карта жоқ» деп, Украинаға қысым жасағанына айдай әлем куә. Бүгінде…
