Автор: Асылхан Бөрібай

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Еуразиялық экономикалық одақтағы Қазақстанның орны мен маңызы туралы өз көзқарасын білдірді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтегі брифингте ол еліміздің ЕАЭО құрамынан шығуы жөнінде әңгіме мүлде күн тәртібінде жоқ екенін нақты айтты. Керісінше, соңғы он жыл ішінде Қазақстанның одақ елдерімен сауда айналымы тұрақты түрде өсіп, биылғы жылы шамамен 20 миллиард теңгеге жеткенін атап өтті. ЕАЭО Қазақстан үшін ірі нарыққа еркін шығудың және өз тауарын өткізу мүмкіндігінің айқын көрсеткіші. Министрдің айтуынша, одақтың әрбір қатысушысы өзіндік салалық артықшылыққа ие, сондықтан өзара толықтыратын құрылым ретінде ортақ экономикалық кеңістіктің мәні зор. Шаққалиев Қазақстан үшін басты мақсат – ЕАЭО-ның…

Толық оқу

«Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама» бұл азаматтың қылмыстық жауапкершілікке тартылған тартылмағанын, өтелмеген немесе алынбаған соттылығының бар немесе жоғын, сондай ақ қылмыстық қудалауға қатысты мәліметтерді растайтын ресми құжат. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті мен оның аумақтық органдарымен «Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама беру» туралы мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Сотылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама беру мемлекеттік қызмет көрсету түріне жатады және оны алу үшін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының халыққа қызмет көрсету орталығынан немесе e.gov.kz Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы алуға болады. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға электрондық нысанда,…

Толық оқу

Астанадағы зейнеткерлерге қазан айының алғашқы күні аталып өтетін Қарттар күніне орай біржолғы төлем түрінде әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Қала әкімдігінің дерегінше, шамамен 100 мың зейнеткерге 10 мың теңгеден таратылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. 2,5 айлық есептік көрсеткішке тең сома, өткен жылы да дәл осындай көлемде төлем жасалғаны есімізде. Осындай қолдау шарасы елорда қарттарының бір сәтке болса да көңілін көтеріп, мемлекет олардың еңбегін ескеріп отырғанын аңғартады. Қоғамда әлеуметтік теңгерім мен қамқорлықтың болуы – азаматтардың мемлекетке деген сенімін арттыратын фактор. Ertenmedia.kz порталының Алматы қаласы әкімдікгі қарттарға мұндай қаржылай көмек қарастырылмағанын анықтады. Бірақ әкімдік өкілдері зейнеткерлерге 13 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетуде. Мұндай айырмашылық қоғамда…

Толық оқу

Президент Тоқаев Астана Ресей мен Украина арасындағы соғыста арағайындық миссияны мойнына алмағанын және бұл қақтығыста өзін медиатор ретінде көрсетпейтінін мәлімдеді деп жазады Ertenmedia. Оның айтуынша, Мәскеу мен Киев барлық даулы мәселелерді өзара талқылауға және түрлі деңгейде келіссөз жүргізуге қабілетті. «Украинадағы соғыс өте күрделі мәселе, оны тым қарапайым түсіндіріп, жеңіл шешуге болмайды. Қақтығыс жалғасқан сайын территориялық, тарихи, ұлттық, тілдік және саяси түйткілдер де көбейе түсуде. Әрине, қазір басты әрі күрделі мәселе территория. Бірақ келіссөз үстеліне Киев Русінен бастап, «сыйға тартылған территорияларға» дейінгі тарихи мәселелер шығып жатқандықтан, нақты нәтижеге қол жеткізу қиын болып тұр. Дегенмен, келіссөздерді жалғастыру керек. Мұны БҰҰ Бас Ассамблеясында…

Толық оқу

Бүгін Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосыновтың төрағалығымен өткен кеңесте жазғы туристік маусымның қорытындысы шығарылды. Жиынға облыс әкімдерінің орынбасарлары мен өңірлік басқарма басшылары қатысты. «Биыл туризм тақырыбы бірнеше рет көтеріліп, кеңінен талқыланды. Өкінішке қарай, әрдайым оң нәтиже бола бермеді. Мемлекет басшысы курортты өңірлерді жазғы туристік маусымға дайындық деңгейінің қанағаттанарлықсыз екенін атап өтті. Президенттің тапсырмасы бойынша бірқатар курортты өңірге тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде қажетті жағдайларды ұйымдастыруда елеулі кемшіліктер бар екенін анықталды», – деді министр. Биыл еліміздің сегіз ірі демалыс аймағында, атап айтқанда, Баянауыл, Катонқарағай, Каспий теңізі жағалауы, Балқаш пен Алакөл көлдері (Алакөлдің Абай және Жетісу облыстарындағы жағалауы), Қапшағай және Щучье-Бурабай курортты өңірлерінде…

Толық оқу

Депутат Базарбек Алматы облысындағы жер былығы туралы Бас прокурорға сауал жолдады деп хабарлайды Ertenmedia. Сөзінше Қапшағай су қоймасы мен Іленің жағасындағы 80 жер телімі бармақ басты, көз қыстымен жекеменшікке өтіп кеткен. Соның кемінде 50-інде жер және су кодексінің талаптары өрескел бұзылған. «Бұл жерде заңның бұзылғаны емес, заңды кімнің бұзғаны алаңдатады. Қапшағай әкімдігінде қызмет еткен шенділер аталған учаскілерді экс-президенттің жақындары, жоғары лауазымды тұлғалар мен Forbes тізіміндегі олигархтарға таратып берген», – дейді депутат. Жер инспекторлары заңсыз алынған учаскелерді мемлекетке қайтару туралы ескерту бергенімен, экс-шенеуніктер мен ықпалды кәсіпкерлер тарапынан қысым көрген. Базарбек Іле ауданындағы ауыл шаруашылығына арналған жер телімдері де талан-таражға түскенін мәлімдеді.…

Толық оқу

Бүгін Алматы облысында Ұлттық ғылым академиясы ғалымдары аграрлық университеттермен бірлесіп әзірлеген тұқымдардың қадағалауына арналған цифрлық жүйе таныстырылып, пилоттық режимде іске қосылды. ҚР ҰҒА президенті Ақылбек Күрішбаев тұқым сапасының өнімділікке тікелей әсер ететінін ерекше атап өтті: – Қазақстанда әлі де болса ауыл шаруашылығы өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр. Соңғы 10 жылдағы талдау нәтижесі көрсеткендей, табиғи-климаттық жағдайы бізге ұқсас Канадада астық дақылдарының орташа өнімділігі 28 пайызға өсіп, гектарына 38 центнерге жеткен. Ал Қазақстанда өсім небәрі 6 пайызды құрап, гектарына 12 центнер деңгейінде қалды. Мұндай жағдайдың басты себептерінің бірі – сапасыз тұқымдарды пайдалану. Сондықтан цифрлық бақылау жүйесін енгізу салада тәртіп орнатып, оны жаңа…

Толық оқу

Бүгін Париж қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЮНЕСКО Бас директорының мәдениет жөніндегі орынбасары Эрнесто Оттонемен кездесті. Кездесу барысында Аида Балаева ұйым басшысы орынбасарына «Үстірт» аралас мұра объектісінің номинациялық құжаттамасын табыстады. Жоба ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі тарапынан Дүниежүзілік мұра орталығына алдын ала бағалау үшін және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тапсырылды. Номинациялық құжаттама Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен дайындалды. Мемлекет басшысы еліміздің бірегей тарихи-мәдени және табиғи нысандарын халықаралық деңгейде насихаттау қажеттігін бірнеше рет атап өткен болатын. Айрықша атап өтерлігі, аралас мұра объектісі посткеңестік елдер тарихында алғаш рет ұсынылып отыр. Үстірт – археологиялық ескерткіштер, дәстүрлі аңшылық тұзақтар-араны…

Толық оқу

Түркістан облысында «Қорғау — қауіпті жүргізуші!» мобильдік қосымшасы арқылы 11 мыңнан астам автокөлік анықталып, барлығы арнайы айыптұраққа жеткізілді. Көлік жүргізушілеріне жалпы құны 1 млрд 163 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Ержігітұлы мәлімдеді. — Биыл 14 қыркүйек күні «Бір күн – жол-көлік оқиғасыз» акциясы барлық ауданда бір уақытта өткізілді. Жаңа оқу жылының басталуына байланысты облыс көлемінде 2 575 білім беру ұйымының алдында жаяу жүргіншілер өткелдері жаңартылды. ​ Жыл басынан 39 мыңнан астам жол апатына тікелей әсер ететін құқық бұзушылықтардың жолы кесілді. Атап айтқанда, ​38 116 жаяу жүргінші жолдан өту…

Толық оқу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан заңсыз шығарылған миллиардтар үшін жауапкершілік азаматтарға емес, қаржы схемасын ұйымдастырған клиникалар мен басқа да тұлғаларға жүктеледі деп хабарлайды Ertenmedia. Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесовтің айтуынша, қордан ақшаны заңсыз шешіп алған азаматтардың өздеріне ешқандай талап қойылмайды. «Азаматтарға кінә артып отырған жоқпыз. Олар өз ақшаларын алды. Иә, жинағын уақытынан ерте шешіп алды деуге болады, бірақ бұған жауапты қаржыны заңсыз шығаруды ұйымдастырған топтар мен клиникалар», – деп атап өтті ол. Тергеу мәліметіне сәйкес, миллиардтаған теңгені заңсыз шешу тіс емханалары арқылы жүзеге асқан. Әдетте азаматтар зейнетақы жинақтарын үй алуға немесе нақты медициналық қызметтерге пайдалана алады. Бірақ бұл жағдайда…

Толық оқу