Автор: Асылхан Бөрібай

Түркістан облысында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдама» жүйелі түрде жүзеге асырыла бастады. Бұл бастама жай ғана қағаз жүзіндегі жоспар емес, қоғамның құқықтық санасын көтеруге, азаматтардың құқықтық мәдениетін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам болып отыр, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысы әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппарат жиынында осы мәселелер талқыланып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар берілді. Өңір басшысы заң мен тәртіп идеологиясын халыққа түсіндіруде формализмнен аулақ болуды, әр іс-шараны терең талқылау, білікті сарапшылар мен мамандарды тарту арқылы өткізу қажеттігін атап өтті. Әсіресе азаматтарға тегін…

Толық оқу

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Облыс орталықтарынан бастап ауыл-аймақтарға дейінгі кеңістікте бүгінгі күні саябақтар мен алаңдар абаттандырылып, балалар ойнайтын алаңдар жаңарып, көпқабатты үйлердің шатырлары мен қасбеттері жөнделуде. Бұл – мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік жауапкершілігінің айқын көрінісі, сондай-ақ жергілікті биліктің елдің сұранысына нақты жауап қайтаруы, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  . Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың айтуынша, жыл соңына дейін 21 саябақ, 6 аллея, 2 сквер, 2 орталық алаң, 49 аула мен 81 балалар және спорт алаңы толық жаңғыртудан өтеді. Бүгінде оның 64 нысанында жұмыс аяқталған. Сонымен бірге,…

Толық оқу

БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина Президенті Владимир Зеленскийдің жүздесуі ерекше мәнге ие кездесу болды. Әлем назарын аударып отырған соғыс жағдайында екі ел басшыларының әңгімесі ең өзекті тақырыптарды талқылауға бағытталған нақты саяси қадам. Әңгіме барысында экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері сөз болғанымен, негізгі назар Украинадағы күрделі жағдайға ауды. Зеленский өз елінің ұстанымын жеткізіп, қауіп-қатерді айқын көрсетті. Ал Тоқаев тарапынан айтылған ойлар Қазақстанның дәстүрлі бейбітшіл сыртқы саясатына сай болды. Қазақстан Президенті қақтығысты тоқтатып, дипломатиялық жолдарды күшейту тілге тиек етті. Бұл кездесу халықаралық қауымдастық үшін де маңызды белгі болды. Себебі Қазақстан ешқашан аймақтағы шиеленістерге бей-жай қараған емес, керісінше,…

Толық оқу

Қонаев қаласының 55 жылдығы өңірдің рухани өміріндегі үлкен белеске айналды. Шаһардың «Қонаев әуендері» ансамблінің тұсаукесер концерті сол мерекенің шоқтығы биіктете түсті. Ән мен күй, би мен жыр қатар өрілген бұл кеш халықтың көңілін көтеріп қана қоймай, ұлы тұлғалардың шығармашылығын дәріптеген рухани жиын болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Кеш барысында халық композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы мен қазақтың біртуар ақыны Тұманбай Молдағалиевтің 90 жылдығы қатар аталып өтіп, олардың мұрасы сахна төрінде қайта жаңғырды. «Қайрат», «Аққу күйлері», «Құстар қайтқанда», «Куә бол», «Алатау» секілді шығармалардың шырқалуы көрерменді әсерлі күйге бөлеп, әр тыңдарманның жүрегіне ерекше жылылық…

Толық оқу

Түркістан облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнімінің көлемін 2 есеге ұлғайту, су үнемдеу технологияларын енгізу бойынша берген тапсырмалары аясында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар оң нәтиже беруде. Жалпы өнім көлемін ұлғайту бойынша осы жылдың 8 айының қорытындысымен нақты көлем индексі 100,1 пайызды құрады. 9 айда жалпы өнім көлемін 104,3%-ға ұлғайту жоспарлануда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Биыл өңірде ауыл шаруашылығы алқаптарына су үнемдеу технологияларын 27 мың гектарға енгізу жоспарланған еді. Бүгінде нақты 59 мың гектарға ендіріліп, жалпы көлемі 114 мың гектарға жетті. 2028 жылға дейін жыл сайын 27 мың гектар…

Толық оқу

Астанада атышулы Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның апелляциялық шағымы қаралады, деп хабарлайды Ertenmedia. Бұл туралы журналистерге елордалық соттың баспасөз қызметі хабарлады. Бұған дейін, 25 шілде күні, Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Перизат Қайратты алаяқтық пен заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған еді. Сонымен бірге оған 10 жылға қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік марапатынан айырылды. Анасы Ғайни Алашбаева дәл осы баптармен 7 жылға сотталды, оған да 10 жыл бойы қайырымдылықпен айналысуға тыйым салынып, мүлкі тәркіленді. Айыптау актісіне сәйкес, Перизат Қайрат пен анасы азаматтардың сенімін теріс пайдаланып, жалпы…

Толық оқу

Қазан айында қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады, деп хабарлайды Ertenmedia. 25 қазан Республика күніне орай қазақстандықтарға қосымша демалыс беріледі. Бұл мереке 2022 жылдан бастап ресми демалыс күні саналады. Биыл Республика күні сенбіге сәйкес келіп отыр. Заңға сәйкес, демалыс күні дүйсенбіге 27 қазанға ауыстырылады. Осылайша бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 25, 26 және 27 қазан күндері үш күн қатарынан демалады. Ал алты күн жұмыс істейтіндер үшін 25-26 қазан күндері ғана демалыс болып, 27 қазан жұмыс күні саналады. Бұл күндері республика бойынша концерт, фестиваль, көрме мен түрлі спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Толық оқу

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қымбаттатқан мыңнан астам сауда нүктесіне айыппұл салынды. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев әлеуметтік тауарларға белгіленген 15 пайыздық үстемеден асырған кәсіпкерлерге бақылау күшейетінін айтты, деп хабарлайды Ertenmedia. Осы бағытта министрдің қатысуымен елдегі ірі сауда желілері басшыларымен және облыс әкімдерінің орынбасарларымен кеңейтілген жиын өтті. Оған Magnum Cash&Carry, Small&Skif, Anvar, Dina, Dana, Norma, Metro, Toimart секілді ірі желілердің өкілдері қатысты. Министрліктің мәліметінше, жыл басынан бері сауда ережесін бұзғандарға қатысты 2562 әкімшілік шара қолданылған. Оның ішінде жалпы сомасы 56,5 млн теңгеден асатын 1360 айыппұл мен 1202 ескерту бар. Әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасын шектен асырғандарға қатысты жеке алғанда…

Толық оқу

Қазақстанның Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесі (ҰБТ) терең трансформацияға ұшырайтын болды. Президент Тоқаевтың Нью-Йоркке сапары аясында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Educational Testing Service (ETS) ұйымымен маңызды келіссөз жүргізген, деп хабарлайды Ertenmedia. Әлемге танымал тестілеу компаниясының үздік мамандары қатысатын арнайы жұмыс тобы құрылып, ҰБТ-ның әдістемесі мен мазмұны түбегейлі өзгертіледі. Министр Нұрбектің айтуынша, жаңа тестілеу форматы халықаралық стандарттарға толық сәйкес келеді әрі сұрақтардың сапасы жоғары деңгейге көтеріледі. Президент сапары аясында білім және ғылым саласына қатысты тағы бір маңызды кездесу Смитсон институтының басшылығымен өткен. Бұл АҚШ-тағы ең беделді ғылыми орталықтардың бірі. Кездесу қорытындысында «Болашақ» бағдарламасы арқылы қазақстандық тарихшы, антрополог, мәдениеттанушы ғалымдар…

Толық оқу

Астанада Назарбаев әулетіне қатысты тағы бір іс қозғалды. Бас прокуратураға қарасты Активтерді қайтару комитеті Назарбаев Н.Б. есімді азаматты сотқа беріп отыр. Жауапкердің Болат Назарбаевтың ұлы, 41 жастағы Нұрбол Назарбаев болуы мүмкін деген болжам айтылды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Әзірге сот талқысына түскен істің мән-жайы ашылған жоқ. Сот та, комитет те істің құпиялығына сілтеп, нақты мәлімет бермеген. Әдетте мұндай құпиялық активтің құны ауқымды болғанда ғана қолданылады. Бізге жеткен мәлімет бойынша, Б.Н-ның мұрагеріне қатысты қозғалған іс жылжымайтын мүлік, кәсіпорындар, акциялар және бағалы заттардың төңірегінде өрбиді. Айта кетейік, 8 қыркүйектегі Жолдауында президент Тоқаев Активтерді қайтару комитетінің атқарған жұмысына жақсы баға берген болатын. Сонымен қатар бұл…

Толық оқу