Автор: Асылхан Бөрібай

Қызылорда облысында ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік кеңсесі ашылады. Мұндай шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан  басшыларының қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды. Қатысушылар экологиялық өзгерістердің ауқымын және олардың адам денсаулығына, климатқа және биоәртүрлілікке әсерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша мынадай бірқатар маңызды шешімдер қабылданды: -Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік офисін ашу; -мемлекетаралық деңгейдегі іс-қимылдардың жол картасын дайындау және бекіту; -2026 жылы ДДҰ сәуір саммитіне Арал бойынша Қарар шығару. Арал теңізі проблемасы ХХ ғасырдағы ең ірі экологиялық дағдарыстардың бірі ретінде танылды, оның салдарын Арал маңындағы тұрғындар сезінуде. Ондаған жылдар бойы өңір шөлейттенуге, топырақтың деградациясына,…

Толық оқу

Елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты қатаң шаралар қабылданып жатыр. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның назарын қажет ететін мәселе екені айқындала түсті. Себебі, отбасындағы зорлық – ол бір адамның жеке басына жасалған қиянат емес, ол қоғамның тамырына түсіп жатқан дерт, ұрпақтың тағдырына әсер ететін үлкен әлеуметтік қасірет. Астана қаласы прокуратура өкілдері жаңа заңның күшіне енуімен бірге қасақана жеңіл жарақат салу немесе соққы беру секілді әрекеттер енді әкімшілік деңгейде қалмай, нақты қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын алға тартты. Бұл өзгерістердің қоғамға әсерін сандар да айқын көрсетіп отыр. 2024 жылдың соңына дейін тек Астананың өзінде 1 184 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе,…

Толық оқу

С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында Жанат Хаджиев атындағы IV Халықаралық театр фестивалі өз мәресіне жетті. Биылғы байқауға Қазақстан, Қырғызстан және Ресей театрлары қатысып, көрермендерге заманауи мәнерде қойылған әсерлі спектакльдер ұсынылды. Фестиваль қазылар алқасының төрағасы — Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов болды. Қазылар алқасының құрметті мүшесі — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана Жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай. Фестивальдің ашылуында Тұңғышбай Жаманқұлов: «Жанат Хаджиев атындағы фестиваль – жас және тәжірибелі режиссёрлер еркін пікір алмасып, жаңа формалар іздейтін, көрерменге шабыт сыйлайтын ортаға айналды. Бұл — дәстүр мен жаңашылдық түйісетін театр мерекесі»,…

Толық оқу

Алматы облысы қазірдің өзінде жасанды интеллект абстрактілі болашақ емес, жұмыс құралы екенін көрсетіп отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары Артықбай Олжас пен Alatau Hub директоры Бексұлтан Нұрақын өңірдің цифрлық трансформациясының негізгі жобалары туралы айтып берді. Спикерлердің айтуынша, облыстың барлық мемлекеттік қызметшілерін заманауи цифрлық құралдарға оқыту алғашқы қадамдардың бірі болды. Alatau Hub базасында мемлекеттік қызметшілерді ChatGPT, Midjourney және басқа да қызметтермен таныстырды. «Басты мақсат — ЖИ күнделікті қолдану мәдениетін қалыптастыру», — деп атап өтті Бексұлтан Нұрақын. Қауіпсіздік саласындағы цифрлық технологиялар кешенді түрде іске асырылуда: 9 мыңнан астам бейнебақылау камералары полицияға көмектеседі, ал мектептер мен балабақшаларда Face ID және QR-жүйелері қолданылады. ЖИ саласындағы жобалар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жуырдағы Жолдауы аясында ерекше маңызға ие болады, онда ол цифрландыру мен жасанды интеллект Өңірлерді дамытудың локомотивіне айналуы тиіс екенін атап өтті. Дәл осы міндет Алматы облысында белсенді іске асырылуда: мемлекеттік басқару үшін Qonaev AI жасанды интеллекті пилоттық режимде іске қосылды, ал 18 елді мекенде орман өрттерін ерте анықтау үшін «ақылды камералар» орнатылуда. 2024 жылы Конаевта ашылған Alatau Hub қысқа уақыт ішінде аймақтың цифрлық экожүйесінің өзегіне айналды. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында мұнда 900-ден астам іс-шара өтті, ал no-code курстары 100-ден астам қатысушыға өздерінің цифрлық жобаларын құруға мүмкіндік берді. Сондай — ақ, Astana Hub резиденттері ауыл шаруашылығы саласында өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынады, олардың арасында табынды тиімді басқаруға арналған QazTracker жүйесі бар. Бүгінде Алматы облысында жасанды интеллект процестерді жеделдетуге, қателіктерден аулақ болуға және ресурстарды үнемдеуге көмектеседі. Өңірді Қазақстанның цифрландыру драйверлерінің бірі деп атауға болады.

Толық оқу

Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті. Бүгін ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалды. Орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен: «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды. Жуырда дәл осы Орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады. Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратуда. Оған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі. Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелді, сол себептен біз азаматтар мен мемлекеттік органдарды…

Толық оқу

Қазақтар қаржысын депозитке салудан гөрі қолма-қол сақтауды жиілетті деп хабарлайды Ertenmedia. Ұлттық банк тапсырысымен FusionLab компаниясы жүргізген зерттеуге сай, тамызда банк салымшыларының үлесі бір ай ішінде 65,8%-дан 63,5%-ға төмендеген. Ал ақшасын қолма-қол ұстайтындар үлесі керісінше, 30,8%-дан 37,2%-ға артқан. Сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі (67,2%) ешқандай жинағы жоқ екенін айтқан. Қаржы жинайтындардың көбі ақшасын теңгемен (92,5%), кейбірі доллармен (29,2%), аз бөлігі рубльмен (8,1%) ұстайды. Сауалнамаға қатысушылардың 19 пайызы жылжымайтын мүлікке, 6,4 пайызы құнды қағаздарға инвестиция құяды екен. Отбасылардың көпшілігі (31,9%) айына 150-300 мың теңге табыс тапса, әрбір бесінші отбасы 300-500 мың теңге көлемінде, шамамен 10 пайызы ғана айына жарты миллионнан көп табыс…

Толық оқу

Франция барлау қызметі Орта Азияға назар аударып, Мәскеудің аймақтағы ықпалын азайтуға әрекет етуде деп хабарлайды Ertenmedia. Украинадағы соғыс басталғалы Франция Ресеймен іргелес елдермен байланысын нығайтып, барлау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты күшейтіп жатыр. Intelligenceonline-ның дерегінше француз барлаушылары Орта Азия, соның ішінде Қазақстан мен Моңғолияға екпін беріп отыр. Әзірге аймақ елдері Ресей мен Қытайдың ортасында қысылып, сыртқы саясатта еркін көсіле алмауда. Париж стратегиялық әріптестікке қолайлы деп бірінші кезекте Астананы қарастырып отыр екен. 4 қыркүйекте француздың қорғаныс саласындағы беделді IHEDN институтының делегациясы елордаға арнайы келіп, стратегиялық әріптестікті тереңдету жолын талқылап кеткен. Қазақстан мен Франция арасындағы тығыз ынтымақтастық сонау 2009 жылы басталған. Сол кезде…

Толық оқу

Түркістан облысында тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, азаматтарды жұмыспен қамту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасып келеді. 2025 жылға арналған «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын құру көзделген. Осы жылдың 8 айының қорытындысымен  100 807 азамат жұмыспен қамтылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте баяндалды. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға Президент тапсырмаларының тиісті деңгейде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырып, бұл шаралар үздіксіз атқарылатынын жеткізді. – Басты мақсат – тұрғындарды жұмыспен қамту, жағдайын жақсарту. Жанашырлықпен орындалмаған жұмыс нәтижесіз болады. Ауыл халқының тұрмыстың жағдайын көтеру, жұмыссыз азаматтарды бағыттау жұмыстарын жүйелеп, жандандырыңыздар. Сұранысқа ие мамандықтарды анықтап, еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай…

Толық оқу

Алматының Әуезов ауданында толассыз жаңбырдан кейін Аманжол және Яссауи көшелерінде жол опырылып кеткен. Қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев мәселенің жай-жапсарын білу үшін оқиға орнына барып қайтты. Аманжол көшесінде жол жабыны бұған дейін мердігер ұйым «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС инженерлік желілерді жүргізуді аяқтаған аумақта опырылып кеткен. Асфальтты қалпына келтіру жоспарланған газ құбыры жұмыстарына байланысты кейінге қалдырылған еді. Алайда нөсер суы мен борпылдақ топырақ жолдың бүлінуіне әкелді. Алмасхан Сматлаев мерзімді кейінге шегеру тұрғындарға қосымша қауіп тудырғанын айтып, мердігер ұйымдарды сынға алды. Яссауи мен Дастан көшелерінің қиылысқан тұсында шамамен 100 шаршы метр аумақта жол опырылып кеткен. Мұнда бұған дейін «Спецкоммунстрой» компаниясы кәріз жүйесін…

Толық оқу

Қазақстанда жасанды интеллект саласына жауапты жеке министрлік құрылды деп хабарлайды Ertenmedia. Мемлекет басшысы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін қайта ұйымдастыру туралы жарлыққа қол қойды. Ведомство енді Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі деп аталады. Жарлыққа сәйкес, инновациялық даму бағытындағы қызметтер мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Бұрынғы министрліктің міндеттері мен функциялары осы екі ведомство арасында қайта бөлініп, бекітілді. Үкіметке мемлекеттік органдардың штат санын қайта қарап, осы жарлықты жүзеге асыру тапсырылды. Жаңа министрлік ресми түрде 2025 жылғы 18 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Айта кетейік, президент жаңа ведомствоны құру қажеттігін 8 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында жариялаған жолдауында…

Толық оқу