Автор: editor

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакты қабылдады, — деп хабарлайды ErtenMedia. Кездесуде екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелері қарастырылды. Президент Қазақстан мен Ресейдің мемлекетаралық қарым-қатынасы достық, тату көршілік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын айтты. Александр Новак Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ресей президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізіп, елдеріміз арасындағы диалог пен ықпалдастықтың деңгейі жоғары екенін мәлімдеді. Кездесуде энергетика саласындағы өзара ықпалдастық мәселесі талқыланды.

Read More

«Қазақстан» шахтасындағы бес кеншінің өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі шықты, — деп хабарлайды ErtenMedia. Сот «Қазақстан» шахтасындағы өрт және бес кеншінің қазасы бойынша Г., М., Т., Г.-ге қатысты істі қараған. Г., М., Т., Г. (директордың өндірістік қызметті өндіру жөніндегі орынбасарының м.а., конвейерлік көлік учаскесінің бастығы және т. б.) абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзудің қауiпсiздiк қағидаларын бұзды деп айыпталған. «Жол берілген жағдайлар салдарынан 2023 жылғы 17 тамызда жөндеу ауысымында «Қазақстан» шахтасының көмір конвейер еңісінде өрт болды. Өрт салдарынан бес кенші қаза тауып, он жеті кеншінің денсаулығына орташа және ауыр зиян келді», -…

Read More

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің активтерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі көтерілді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров әділдікті қалпына келтіріп, сыбайлас жемқорлық әрекетіне қатысы бар азаматтарды жауапқа тарту қажет екенін жеткізді. Бұл туралы ол Алматыда өткен «AMANAT» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің кезекті отырысында мәлімдеген. «Екі мыңыншы жылдардың басында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде мемлекеттің және осы оқу ордасының меншігі талан-таражға түсті. Университеттің 3 жатақханасы, 5 лабораториялық ірі нысаны және 6 гектар жері белгісіз бір себептермен жеке адамдардың қолына өтіп кетті. Мұның артында сыбайлас жемқорлық әрекеті тұрғаны анық. Бүгінде Бас прокуратураның және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

Read More

Жетісу облысында Ақсу және Көксу қант зауыттарына өткізілген таза салмағы 560 мың тонна қант қызылшасына 14 млрд. теңге субсидия толық көлемде төленді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, қант қызылшасы бойынша субсидиялауға 679 өтінім түскен. Соған сәйкес шаруаларға субсидия толық көлемде төленді. Сондай-ақ Ақсу және Көксу қант зауыттары қабылдаған қант қызылшасы үшін шаруа қожалықтарына 8,4 млрд. теңге төледі. «Біз Ақсу, Көксу зауыттарына қант қызылшасын өткізгенбіз. Бүгінгі күні екі зауыт та шаруашылықтарымызбен тиесілі есеп айырысып болды. Қазіргі кезде басым дақылдарға берілетін субсидияны алдық, соның арқасында көктемгі дала жұмыстарына дайындығымыз қызу жүріп…

Read More

Абай облысының әкімі Берік Уәли Семей қаласын дамыту бойынша кеңес өткізді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қала әкімі, облыстың тиісті басқарма және шаһардың бөлім басшылары қатысқан жиында облыс орталығын абаттандыру, көгалдандыру, жолдарды жөндеу, саябақтарды, мәдени-тарихи ғимараттарды жаңғырту, салу жайы талқыланды. «Енді әр апта сайын Семей қаласын дамыту, көркейту бойынша осындай кеңес өткізіп отырамыз. Шаһарды өркендету бойынша жоба-жоспарларды талқылаймыз. Қалада қордаланған мәселе көп. Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Сол шаруаларды тізе қосып, бірлесе шешуіміз керек. Семей – облыстың айнасы. Аудан-ауылдар облыс орталығына қарап бой түзейді. Қала соған сай болуы керек. Оның үстіне биыл – Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлы Абайдың…

Read More

Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты сотталды, — деп хабарлайды ErtenMedia. Алматы қаласы Медеу аудандық сотында Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Р.Наинбаев және қала тұрғындары Д.Тұяшев, Г.Сәкенова сотталды. «Олар бұрынғы балабақша ғимаратын тұрғын үй-жайларға заңдастыру сылтауымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына 30 млн теңгеден аса пара беруге қала тұрғындарын арандатқаны және алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды», — деп жазылған хабарламада. Сот шешімі Сот үкімімен Сәкеноваға 7 жыл, Тұяшевқа 4 жыл және Наинбаевқа 1 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан айырылады. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Read More

БҚО әкімі Нариман Төреғалиевтың төрағалығымен инвестиция тарту мәселесіне арналған кеңес өтті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Экономиканың қарқынды дамуы үшін тек мемлекеттік қаржыға сүйену жеткіліксіз. Бұл Мемлекет басшысының 2024 жылғы Жолдауында атап көрсетілген маңызды бағыттардың бірі. Осы ретте жеке инвестицияларды тарту арқылы іскерлік белсенділікті арттырудың маңыздылығы артып келеді. Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бұл мәселенің күн тәртібінен түспейтінін ерекше атап өтті. “Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізге инвестиция тарту бойынша нақты міндеттер жүктеді. 2024 жылы жеке инвестиция көлемі 538,5 млрд теңгені құрап, бұл жалпы инвестиция көлемінің 75,5%-ын (жалпы инвестиция – 712,9 млрд теңге) құрады. Алдағы уақытта жалпы құны 44,5 млрд теңгені құрайтын 25 инвестициялық жобаны…

Read More

Хит әндердің орындаушысы, танымал қазақстандық әнші Жандаурен Аблаевтың Латвияға кіруіне тыйым салынған, — деп хабарлайды ErtenMedia. Тыйым туралы Zakon.kz мәліметіне сүйенсек, мұны Латвияның сыртқы істер министрі Байба Браже мәлімдеген. Оның айтуынша, Абылаев Латвияда «қалаусыз тұлға» саналады. Бұл туралы ол X парақшасында жазған. Артынша оның мәлімдемесі Латвия Сыртқы істер министрлігінің ресми парақшасында расталған. Айта кетейік, Jazzdauren лақапатымен өнер көрсететін әншіге Иммиграция туралы заңның 61-бабының 2-бөлігі негізінде Латвияға белгісіз мерзімге кіруге тыйым салынған. «9 наурызда әртіс Латвияның Даугавпилс қаласында концерт өткізуі керек еді. Әзірге әншінің Instagram парақшасында бұл туралы ешқандай түсініктеме болған жоқ», — деп жазылған мәліметте. Әнші туралы не белгілі? Өнер иесінің…

Read More

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған Сыр өңірінің делегациясы Қытайға жұмыс сапарымен барды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Делегация құрамында ауыл шаруашылығы құрылымдарының, құрылыс және мұнай компанияларының басшылары, кәсіпкерлер бар. Сапардың негізгі мақсаты – аймақтың агроөнеркәсіп, құрылыс, қызмет көрсету салаларына инвестиция тарту. Жұмыс сапары аясында аймақ басшысы Сиань қаласындағы мұнай-газ, химия өнеркәсібі саласындағы компания жетекшілерімен кездесті. Алдымен «Yan’an Energy Equipment Group» компаниясы басшысымен жүздесіп, өңдеу өнеркәсібі саласында бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін айтты. ©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі «Бірінші кезекте Қызылорда облысы мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы бүгінгі кездесуге қызығушылық танытқаныңыз үшін алғыс білдіремін. Біз Қытайдың озық технологияларын облыс өнеркәсібіне енгізу…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемнің түрлі елдеріндегі қолөнершілер мен қолөнерді біріктіруші – «World Craft Council» халықаралық ұйымының сарапшыларымен кездесті,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркі елінің астанасы – Түркістанның тарихымен танысу үшін Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев пен сарапшылары Сохан Кумар Джа Үндістаннан, Махоотчиан Ялда Түркиядан, Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы бойынша вице-президенті және сарапшысы Ле Ба Нгок арнайы келді. Басқосуда сарапшылар қаланың қолөнер саласының дамуымен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуы үшін атқарылатын жұмыс бағыттары мен саладағы ынтымақтастық жайы талқыланды. Әзімбек Пазылбекұлы сан ғасырлық тарихы бар, мәдениеті мен өнері ұштасқан…

Read More