Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Қазақстанда заңсыз шығарылған активті қайтарумен айналысқан ведомство енді Инвесторлар құқығын қорғау комитеті болып қайта құрылады деп жазады Ertenmedia. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов өзінің жеке парақшасында хабарлады. Ол бұған дейін заңсыз шығарылған активті елге қайтару бойынша жүргізілген жұмыстың нәтижесін бөлісті. Прокурордың айтуынша, мұндай ауқымды қаражат бұрын-соңды қысқа мерзімде мемлекетке қайтарылған емес. Нақты дерек бойынша, заңсыз шығарылған қаржы көлемі 1,3 трлн теңгені құраған, соның 850 млрд теңгесі бүгінде бюджетке түсті. Бұл ақша әлеуметтік жобаларға жұмсалып, ел игілігіне жарады. Нәтижесінде республика бойынша 207 су шаруашылығы нысаны, 177 медициналық мекеме және 14 білім мен спорт ғимараты салынған. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы 16…

Толық оқу

Алматы облысының Іле ауданындағы Күрті ауылында мың түйеден тұратын алып керуен жүріп өтті деп хабарлайды Ertenmedia. Жергілікті жұрт ұйымдастырған керуеннің ұзындығы бір шақырымға созылып, осыған дейінгі Қытайда тіркелген 365 түйелік рекордтан үш есе асып түсті. Оқиға орнына арнайы келген Гиннесс рекордтар кітабының өкілі Ричард Стэннинг бұл көрініске таңданысын жасырмады: «Мұндай алып түйе керуенін алғаш көруім. Расында, ғажайып әрі ерекше оқиға», – деп бағалады ол. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, рекорд өңірге туристердің қызығушылығын оятып, аймақтың танымалдығын арттыруға септігін тигізбек. Соңғы жылдары Қазақстанда осы тәрізді ерекше бастамалар жиілеп кетті. Бұған дейін Үлкен Алматы көлінің аумағында әлемдегі ең ұзын аспалы көпір салу туралы да…

Толық оқу

Қостанай облысының Торғай ауылында ұлы ақын әрі «Алаш» қозғалысының қайраткері Міржақып Дулатұлының туғанына 140 жыл толуына орай мерекелік іс-шаралар өтті деп жазады Ertenmedia.kz. Оған Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Парламент депутаттары және қалың жұртшылық қатысты. Мереке аясындағы маңызды оқиғалардың бірі – «Ұлы дала жорығы» Республикалық ат марафоны. Осылайша, 5 күнде еліміздегі 13 өңірдің, Қазақстан халқы Ассамблеясының, сондай-ақ Қырғызстан және Ресей мемлекеттерінің намысын қорғайтын командалардағы 90 шабандоз Тобыл-Торғай даласын дүбірлетіп, 500 шақырым қашықтықты жүріп өтеді. Мәжіліс Спикері Ерлан Қошанов құттықтау сөзінде «Ұлы дала жорығының» өткізілуі – ұлттық спорт түрлері жанданып келе жатқанының жарқын дәлелі…

Толық оқу

Алматының Алатау ауданында заманауи «Алатау» теннис орталығының ресми ашылуы өтеді. Бұл шара Алматы қаласының күніне орай ұйымдастырылып отыр. Жоба – спортты дамыту мен салауатты өмір салтын насихаттаудағы маңызды қадамдардың бірі. Жаңа орталық тек қаланың спорттық инфрақұрылымын жақсартумен шектелмей, кәсіби теннисшілерді даярлау, халықаралық турнирлер өткізу және жастарды спортқа тарту үшін тың мүмкіндіктер ұсынады. Заманауи инфрақұрылым Жаңа теннис орталығы халықаралық стандарттарға сай салынған және ITF пен ATF деңгейіндегі республикалық әрі халықаралық турнирлерді қабылдай алады. Орталық аумағындағы нысандар: • Қатты жабындысы бар 4 жабық корт; • Қатты жабындысы бар 4 ашық корт; • Грунтты жабындысы бар 6 корт; • Ашық алаңдарда 150 орындық…

Толық оқу

Бүгін облыс орталығы саналатын киелі Түркістанда халықаралық World CleanUp Day аясында ауқымды сенбілік өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Тазалық шарасына қаладағы департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен секторлар, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары, түрлі серіктестіктер мен еріктілер қатысты. Ортақ іске жұрт болып жұмылу шаһардың тазалығына деген жауапкершілікті тағы бір көрсетті. Сенбілік барысында 1000-нан астам адам және 22 арнайы техника тартылды. Бекзат Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесінің аралығындағы аумақта шөп шабылып, жаяу жүргінші жолдары тазартылды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Түркістан қаласының әкімдігі тұрғындарды тазалық жұмысына белсене қатысуға және өздері тұратын аумақты таза ұстауға…

Толық оқу

Кунгурская көшесінде Оспенко көшесінен Тынышбаев көшесіне дейінгі аралықтағы жаяу жүргіншілерге арналған серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба аясында аумақ толық жаңартылып, кешенді жұмыс жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолына кеспе тас төселді, жиектастар орнатылды, асфальт жабыны салынды. Онымен қатар шағын сәулет нысандары қойылып, сыртқы жарықтандыру желісі тартылды, қоршаулар орнатылды. Аумақты көркейту барысында жасыл желек санитарлық мақсатта ретке келтірілді. Суару жүйесі жүргізіліп, көгалдандыру аймақтары белгіленді, бұталар отырғызылды. Қазір жаңарған кеңістік шағынаудан тұрғындарының күнделікті серуендеп, тынығатын сүйікті орнына айналып отыр.

Толық оқу

Шығыс Қазақстандағы Маралды ауылының тұрғындары ірі қараның белгісіз себеппен қырылып жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды Ertenmedia. Ауыл халқының айтуынша, ірі қара жергілікті өзен суын ішкен соң өле бастаған. Өзеннің жоғарғы тұсында алтын өндіретін кәсіпорын орналасқан. Бағалы металл өңдейтін зауыттың құрылысы төрт жыл бұрын басталған. «ВСАМ Продакшн» ЖШС кәсіпорынды ауылдың дәл үстіндегі тау басына тұрғызған. Ашық дереккөздерге сәйкес, компанияны Айбек Әлібекұлы басқарады. Әуел баста жергілікті тұрғындар зауыттан шығатын улы зат суды бүлдіріп, ауаны ластайды және тас көшкіні болады деп қауіптенген. Кәсіпорын басшылығы өз кезегінде жоба барлық экологиялық талапқа сай, ешқандай зиян келмейді деп сендірген-тұғын. Зауытта алтынды кеннен бөліп алу үшін цианид секілді…

Толық оқу

Алматыда Justking31 лақап атымен танымал блогер Нұрбек Нұртаза заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін айыппұл арқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, оның парақшасында күн сайын екі қабатты үй, смартфон және ақшалай жүлде ойнатылып отырған. Қатысу үшін азаматтар «Oilan Lab» ЖШС ұсынған «оқыту курсына» 29 990 теңге төлеуге міндеттелген. Ал жеңімпаздар кездейсоқ тәсілмен, нақтырақ айтқанда «Ғажайып алаң» құрылғысы арқылы анықталған. Тергеу материалдары Сауда және спорт министрлігінің лотерея қызметін реттеу комитетіне жолданған. Нәтижесінде блогер әрекеті Әкімшілік кодекстің 445-1-бабына, яғни лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу талабына қайшы деп танылған. Сот шешімімен Нұрбек Нұртазаға 300 АЕК көлемінде, яғни 1 179 600 теңге…

Толық оқу

Киевте Қазақстан мен Украина полициясының бірлескен операциясы нәтижесінде deepfake технологиясын қолданған ірі алаяқтық call-орталығы әшкереленді деп хабарлайды Ertenmedia. Қылмыстық топ өкілдері өздерін адвокат немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, Қазақстан, Еуроодақ пен ТМД елдерінің тұрғындарына хабарласқан. Олар жалған инвестициялық платформаларға алданып қалған азаматтарға қаржысын қайтарып береміз деген желеумен хабарласып, «сот алымдары», «комиссиялар» секілді түрлі төлемдер жасауды талап еткен, кейде тіпті жәбірленушілердің несие алуына итермелеген. Сенімді болу үшін алаяқтар deepfake технологиясын пайдаланып, жалған бейнеқоңыраулар мен жалған құжаттарды көрсеткен. Қазірдің өзінде олардың әрекетінен Қазақстан азаматтары да бар, 4,5 мыңнан астам адам зардап шеккені белгілі болды. Шығынның жалпы сомасы төрт миллион доллардан асады.…

Толық оқу
Тоқаев АҚШ

Президент Тоқаев әлемдік саясаттың ең күрделі кезеңінде Нью-Йоркке, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына аттанып барады деп хабарлайды Ertenmedia. Халықаралық қатынастар тығырыққа тірелген тұста, әлемдік қауымдастық ірі державалардың текетіресі мен ядролық соғыс қатерінің өсуіне алаңдаулы. Оның үстіне, бүгінгі дәстүрлі институттар жаһандық мәселелерді шешуде дәрменсіздік танытуда. Осыдан бірнеше күн бұрын халыққа жолдауында президент БҰҰ-ны түбегейлі реформалау қажеттігін атап айтқан еді. Orda порталымен ой бөліскен депутат Ерлан Саировтың пайымдауынша, Тоқаев әлемдік тәртіпті жаңаша құруға қатысты тың әрі батыл ұсыныс айтады. Пікірінше, дәл осы мәселеде Қазақстан басшысының беделі ерекге. Ол бұған дейін халықаралық дипломатияның ең жоғарғы сатыларының бірінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. Халықаралық…

Толық оқу