Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы қаласы күні қарсаңында шаһардағы №5 қалалық клиникалық аурухана базасында жаңа медициналық орталықтар ашылып, заманауи диагностикалық емдеу әдістері енгізілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Орталықтар мыңдаған алматылыққа медициналық көмекті жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауруханада Профилактикалық скрининг орталығы жұмысын бастады. Енді тұрғындар бір сағат ішінде «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді тексеруден өтіп, мамандардың кеңесін ала алады. Мұндай тәсіл ауруларды ерте анықтау мен денсаулықты сақтауға айтарлықтай мүмкіндік береді. Диспансерлік науқастарға ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда созылмалы ауруларды басқару орталығы ашылды. Онда телемедицина технологиялары қолданылып, пациенттердің денсаулығын қашықтан бақылауға және үйден шықпай тексеруден өтуге жағдай…

Толық оқу

Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының апорт алмасын жандандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Аталған жоспар Талғар ауданында өткен дәстүрлі «Бақ күні» шарасында жария етілді. Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен форумда бағбандар мен ғалымдар жеміс ағаштарын көбейту, жаңа сұрыптарды енгізу, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды пайдалану бағытында пікір алмасты. Шара ғылым, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды. Тыныбай Шынтасов, шаруа қожалығының жетекшісі:«Қазақстандағы селекцияның жағдайы, инновацияның жағдайы сәл де болса өзгеріс бар. Оған шүкіршілік айтамыз. Бірақ мына подвой деген дүниеде біз өңкей ескі подвойларды пайдаланып жатырмыз».…

Толық оқу

Түркістан өңірінде биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» нақты мазмұнға ие болып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып келеді. Бұрыннан қалыптасқан түсінік бойынша қол еңбегі – екінші кезектегі кәсіп секілді көрінетін. Ал қазір заман өзгеріп, еңбек адамының мәртебесі қайта жаңғырып жатыр. Өйткені елдің экономикасын алға сүйреп отырған да, жаңа өндірістерді іске қосып жатқан да осы мамандар. Түркістан облысында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мұның айқын дәлелі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жұмысшы мамандықтарының қадірін арттыру үшін оқу орындары мен өндіріс ошақтары тығыз байланыс орнатып отыр. Мәселен, Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы ұйымдастырған шара аясында Түркістандағы көпсалалы колледждердің…

Толық оқу

 Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды. Дубайда өткен 28-ші Конгресс аясындағы сайлауда еліміз 110 дауыс жинап, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азия өңірінен кеңеске енген алты мемлекеттің қатарына кірді. Бұл қатарда Польша, Сербия, Украина, Болгария және Әзербайжан бар. Мұндай шешім Қазақстанның халықаралық беделіне деген сенімнің айқын көрінісі болып отыр. Пошталық операциялар кеңесі – жаһандық пошта жүйесінің жүрегі. Ол электронды сауданың трансшекаралық ағымын дамытуға, пошта логистикасын цифрландыруға, жаңа стандарттар енгізуге және қызмет сапасын арттыруға жауапты. Қазақстанның осы алаңға қосылуы еліміздің тек қана аймақтық деңгейде емес, жаһандық деңгейдегі ойыншыға айналып келе жатқанын аңғартады. Бүгінгі таңда электронды сауда шекарасыз жүріп…

Толық оқу

Қызылорда облысында ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік кеңсесі ашылады. Мұндай шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан  басшыларының қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды. Қатысушылар экологиялық өзгерістердің ауқымын және олардың адам денсаулығына, климатқа және биоәртүрлілікке әсерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша мынадай бірқатар маңызды шешімдер қабылданды: -Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік офисін ашу; -мемлекетаралық деңгейдегі іс-қимылдардың жол картасын дайындау және бекіту; -2026 жылы ДДҰ сәуір саммитіне Арал бойынша Қарар шығару. Арал теңізі проблемасы ХХ ғасырдағы ең ірі экологиялық дағдарыстардың бірі ретінде танылды, оның салдарын Арал маңындағы тұрғындар сезінуде. Ондаған жылдар бойы өңір шөлейттенуге, топырақтың деградациясына,…

Толық оқу

Елімізде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне қатысты қатаң шаралар қабылданып жатыр. Бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның назарын қажет ететін мәселе екені айқындала түсті. Себебі, отбасындағы зорлық – ол бір адамның жеке басына жасалған қиянат емес, ол қоғамның тамырына түсіп жатқан дерт, ұрпақтың тағдырына әсер ететін үлкен әлеуметтік қасірет. Астана қаласы прокуратура өкілдері жаңа заңның күшіне енуімен бірге қасақана жеңіл жарақат салу немесе соққы беру секілді әрекеттер енді әкімшілік деңгейде қалмай, нақты қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын алға тартты. Бұл өзгерістердің қоғамға әсерін сандар да айқын көрсетіп отыр. 2024 жылдың соңына дейін тек Астананың өзінде 1 184 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелсе,…

Толық оқу

С. Қожамқұлов атындағы Қазақ музыкалық-драма театрының сахнасында Жанат Хаджиев атындағы IV Халықаралық театр фестивалі қорытындыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Биылғы өнер бәйгесіне Қазақстан, Қырғызстан және Ресей театрлары қатысып, көрерменге заманауи режиссураға құрылған, мазмұны терең қойылымдарын ұсынды. Фестиваль бір жағынан шығармашылық бәсекеге айналса, екінші жағынан әр елдің театр тілі, сахналық ізденісі мен режиссерлік қолтаңбасын салыстыратын орта болды. Қазылар алқасына Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстан театр қайраткерлері одағының төрағасы, профессор Тұңғышбай Жаманқұлов жетекшілік етті. Құрметті қазылар қатарында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Астана Жастар театрының көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай да болды. Сонымен бірге театр сыншысы, өнертану кандидаты Екатерина Морозова, театртанушы Айсылу Сагитова,…

Толық оқу

Алматы облысында жасанды интеллект алыс болашақтың ұраны емес, күнделікті жұмысқа кірген нақты құралға айналып келеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары Артықбай Олжас пен Alatau Hub директоры Бексұлтан Нұрақын облыстағы цифрлық трансформацияның негізгі бағыттарын таныстырды. Олардың айтуынша, өңірдегі өзгеріс ең алдымен кадр дайындаудан басталған. Алматы облысында мемлекеттік қызметшілерді заманауи цифрлық құралдарды пайдалануға бейімдеу басты міндеттердің біріне айналған. Alatau Hub базасында мемлекеттік қызметкерлерге ChatGPT, Midjourney және өзге де цифрлық сервистердің мүмкіндігі түсіндірілген. Бексұлтан Нұрақынның сөзінше, негізгі мақсат жасанды интеллектіні сирек қолданылатын жаңалық ретінде емес, күнделікті жұмыс мәдениетінің бір бөлігіне айналдыру. Яғни цифрлық құрал құжат…

Толық оқу

Мемлекет басшысы киберқауіпсіздікті күшейту мәселесін өз Жолдауында айрықша атап өткен еді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бүгін ҚСжАЕК жанындағы Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалды. Жаңа құрылым қазірдің өзінде жасанды интеллект элементтерін пайдалана отырып, бірқатар цифрлық жобаны іске асыруға кіріскен. Орталық «е-Өтініш» жүйесіне түсетін жолданымдарды талдайды, қылмыстық ахуалға болжам жасайды, сондай-ақ Қазақстан аумағына таралуы мүмкін сыртқы қатерді дер кезінде анықтау үшін әлемдегі қылмыстық қауіптерді бақылап отыр. Яғни жұмыс тек ішкі ахуалмен шектелмей, жаһандық деңгейдегі үрдістерді де қамтып келеді. Жуырда осы орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасаған. Қаскүнемдер азаматтарға жол жүрісі қағидаларын…

Толық оқу

Қазақстандықтар қаржысын депозитке салғаннан гөрі қолма-қол ұстауға көбірек бет бұра бастағаны байқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банктің тапсырысы бойынша FusionLab компаниясы жүргізген зерттеу осы үрдісті анық көрсетіп отыр. Тамыз айындағы нәтижеге қарағанда, банк салымшыларының үлесі бір ай ішінде 65,8 пайыздан 63,5 пайызға дейін төмендеген. Ал ақшасын қолма-қол сақтайтындар үлесі 30,8 пайыздан 37,2 пайызға дейін өскен. Сауалнамаға қатысқан азаматтардың басым бөлігі, нақтырақ айтқанда 67,2 пайызы, ешқандай жинағы жоқ екенін айтқан. Жинақ ұстайтындардың ішінде қаржысын теңгемен сақтайтындар өте көп. Олардың үлесі 92,5 пайызға жетеді. Кейбірі долларды таңдайды, мұндай жауап бергендер 29,2 пайыз. Ал рубльмен жинақ ұстайтындар 8,1 пайыз шамасында. Сонымен қатар респонденттердің…

Толық оқу