Ұлттық банк бекіткен 16,5 пайыздық ставкі инфляцияны тежей ме, әлде керісінше экономиканы тығырыққа тірей ме? Экономист Айман Тұрсынхан осы мәселені жан-жақты талдап берді деп жазады Ertenmedia.kz. Оның пікірінше ел экономикасын шикізат экспортына тәуелділіктен құтқарып, ішкі өндірісті дамытамыз деген Үкіметтің сөзі мен ісінде бірізділік жоқ. Мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен құлдырап, әлемдік нарықта сауда соғысы қызған шақта бізге импорт алмастыратын жаңа өндіріс ошақтарын ашу, шикізатқа байланбаған экспорттық табысты арттыру ауадай қажет. Алайда дәл осы сәтте билік ҚҚС (қосымша құн салығы) мөлшерлемесін арттырып, оған қатысты межені төмендетіп, отандық кәсіпкерлердің тынысын тарылтуда. «Импортқа тәуелділіктен қалай құтыламыз деген сұрақ жауапсыз қалып отыр. Ұлттық…
Автор: editor
2025 жылдың мамыр айында Алматы облысында өтетін «Ұлы дала жорығы» халықаралық марафон-бәйгесіне дайындықтар белсенді түрде жүріп жатыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz 500 шақырым қашықтықты қамтитын марафонға 15-ке жуық ел қатысады деп күтілуде. Ресей, Қырғызстан, Түркия, Иран, Мажарстан және тағы басқа елдерден спортшылар қатысады. Бұл шара тек спорттық тұрғыдан ғана емес, еліміздің мәдениеті мен тарихын насихаттау мақсатында да үлкен маңызға ие. «Ұлы дала жорығы» марафонының ұзақтығы бес күнді құрайды, ал жалпы қашықтық 500 км-ді қамтиды. Жарыс Алматы — Өскемен тас жолындағы Бақанас көпірінен басталады. Марафон барысында қатысушылар Балқаш, Жамбыл, Іле аудандарының бірнеше ауылдарын кесіп өтеді. Балқаш ауданында Миялы, Бақбақты, Бақанас, Ақдала, Бояулы, Береке,…
Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиында Абайдың 180 жылдығы мен Қазақстан халқының бірлігі күні, Отан қорғаушылар күні, Жеңіс күні мерекелерін атап өтуге дайындық барысы қаралды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі, Ішкі саясат, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының басшылары атаулы даталарға орай жоспарланған негізгі іс-шаралар туралы баяндады. Абайдың 180 жылдығына орай Семей қаласы мен Абай ауданында ауқымды мәдени-танымдық шаралар өтеді. Қазақстан халқының бірлігі күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында облыста 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Жеңістің 80 жылдығына орай өңірде 273 іс-шара ұйымдастыру көзделген. Аймақтағы соғыс және тыл ардагерлеріне…
Бүгін Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов Тәжікстан Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сауда өкілі Олимджон Ашурзодамен кездесті. Басқосуда қос тарап екіжақты экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кездесу барысында Ә. Қанағатов аймақтың инвестициялық әлеуетіне кеңінен тоқталды. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы, өнеркәсіп, логистика және транзит салаларына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағының мүмкіндіктеріне баса назар аударды. Сондай-ақ облыс әкімінің орынбасары екінші жартыжылдықта Жетісу өңірінде бизнес-форум өтетінін мәлімдеп, оған Тәжікстанның іскер топ өкілдерін қатысуға шақырды. Өз кезегінде Олимджон Ашурзода екіжақты ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарына тоқталып, аймақтың экспорттық әлеуеті туралы бірқатар сұрақтар қойды. Атап айтсақ, тәжік кәсіпкерлерінің аймақтағы зауыттармен тікелей келісімшарт жасасу…
Түркістан облысының полициясы ҚР ІІМ нұсқау хатына сәйкес есірткіге қарсы іс-қимылда маңызды қадам жасады. Алғаш рет ведомство жанынан Есірткі құқық бұзушылықтарының профилактикасы бойынша кеңес құрылды. Кеңес төрағасы ретінде Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қ.Сахов тағайындалды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Кеңес құрамында Түркістан облысында жастарымыз үлгі тұтатын танымал тұлғалар, өз ісінің кәсіби шеберлері, қоғам қайраткерлері, спортшылар, журналистер мен мемлекеттік қызметкерлер бар. Атап айтсақ, Есірткі құқық бұзушылығының профилактикалық саласы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары лауазымына мәслихат депутаты С.Арыстанов, ал мүшелікке У.Рахиев, Е.Төлепов, Ә.Халиллаев, О.Алтаева, Л.Бекеева, М.Жұмаханұлы, Х.Мохаммад, Қ.Абенов, Е.Төлегенов, Қ.Зайнишев, А.Ілескен, Г.Кипчакбаевалар тағайындалды. Полиция тарапынан бұл азаматтарға арнайы куәліктер табысталды. Яғни есірткі қылмысына қарсы…
Алматы облысы білім беру саласында қарқынды дамып келеді. 2025 жылы Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өңірде студенттер мен оқушылардың білім сапасын және кәсіби дағдыларын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Солардың бірі – 2025 жылғы 2-4 сәуір аралығында өткен алғашқы халықаралық кәсіптік шеберлік фестивалі TAIQAZAN-2025. Бұл байқауға колледж студенттері қатысып, қатысушылардың жұмыстарын Сауд Арабиясы, Түркия, Италия және Ресейден келген 25 халықаралық сарапшы бағалады. Байқау нәтижесінде түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды. Олардың қатарында Алматы облысы, Алматы қаласы, Түркістан, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласының өкілдері бар. Атап айтқанда, «Тігін өндірісі және киім үлгілеу» номинациясында бірінші орынды Алматы облысының командасы жеңіп алды.…
Сауранда егістік алқаптары толықтай дайындалып, көктемгі егіс науқаны қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күнге дейін 5685,3 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Өткен жылы Сауран ауданында ауыл шаруашылығы саласы айтарлықтай дамып, егістік алқаптарында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жыл қорытындысы бойынша 43,6 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Соның нәтижесінде 873,3 тонна өнім өндіріліп, былтырғы жылмен салыстырғанда өнімділік 105,3%-ға артты. Бұл жетістік саладағы өсімнің айқын көрсеткіші. Биыл аталған көрсеткіштерді одан әрі арттыру мақсатында 44,2 мың гектар жерге егістік дақылдарын орналастыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 1,2 гектар жерге жылыжай өнімдері отырғызылды. Жаңа техникалар кеңінен қолданылып, су үнемдеу технологиялары енгізілуде. Жаңбырлатып және…
Астанада рұқсат етілмеген қоқыстарды жою жұмысы жүріп жатыр. Қаланың әр ауданында заң бұзушылықтарды анықтау үшін тұрақты мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Стихиялық полигондармен күрес тек жою арқылы ғана емес, сонымен бірге күшейтілген бақылау және құқық бұзушыларды жауапқа тарту арқылы да жүзеге асырылады. Қалада мобильді топтар мен бұзушылықтарды тіркейтін iKomek жүйесі белсенді жұмыс істейді. 2025 жылдың басынан бері Байқоңыр ауданында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталып, тазартылды, ол орындардан 230 тонна қоқыс шығарылды. Сарыарқа ауданында да осы жылдың алғашқы айларында 7 рұқсат етілмеген қоқыс орны анықталды, оның 6-ауы жойылды. Жұмыс барысында 115 тоннадан астам құрылыс және…
Алматы қаласындағы Sadu Arena аренасында өткен Nomad Wrestling 2 турнирінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мемлекеттік мекемелерді күзету жөніндегі мамандандырылған күзет қызметінің иснпекторы Азамат Бақытов жеңіске жетті, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Жеңімпаз спортшы және бірінші Nomad Wrestling Гран-при жеңімпазы Азамат Бақытов бұл жолы джиу-джитсудан әлем чемпионы Руслан Исраиловпен шықты. Тартысты жекпе-жекте қарсыласын екі ұпай артық көрсеткішпен тізе бүктірген Азамат Бақытов спорт сүйер қауымды тосын тәсілдерімен тәнті етті. Азамат аралас жекпе-жекте жұлдызы жарқыраған спортшы. Ол 2015 жылы Қазақстан чемпионы, 2017 жылы Қазақстан Кубогының чемпионы, 2016 жылы Азия жүлдегері, грепплингтен 5 дүркін Қазақстан чемпионы және 2 дүркін Азия чемпионы, 2018-2019 жылғы әлем чемпионатының…
Жетісу облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында 9 мамырға дейін созылатын денсаулық айлығы басталды. Тегін медициналық тексерулер мен консультациялық-диагностикалық көмек емханаларда да, үйде де ұйымдастырылуда. Дәрігерлердің мобильді бригадалары аталған шарада 1500 астам тыл ардагерін қамтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ertenmedia.kz Мәселен, жуырда құрамында хирург, терапевт және невропатолог мамандары бар медициналық бригада Ескелді ауданы Жетісу ауылында тұратын тыл еңбеккері Балшекер Тайжановаға барды. Жасы ұлғайғандықтан ардагерге ауруханаға бару қиынға соғады. Сондықтан медицина қызметкерлері тұрақты түрде үйде көмек көрсетеді. «Біз ардагерге жылына бірнеше рет келіп тұрамыз. Ол үлгілі пациент, біздің айтқан ақыл-кеңестерімізді әрдайым уақтылы орындайды», — дейді Ескелді ауданының орталық…