Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Кунгурская көшесінде Оспенко көшесінен Тынышбаев көшесіне дейінгі аралықтағы жаяу жүргіншілерге арналған серуен аймағын абаттандыру жұмыстары аяқталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Жоба аясында аумақ толық жаңартылып, кешенді жұмыс жүргізілді. Жаяу жүргіншілер жолына кеспе тас төселді, жиектастар орнатылды, асфальт жабыны салынды. Онымен қатар шағын сәулет нысандары қойылып, сыртқы жарықтандыру желісі тартылды, қоршаулар орнатылды. Аумақты көркейту барысында жасыл желек санитарлық мақсатта ретке келтірілді. Суару жүйесі жүргізіліп, көгалдандыру аймақтары белгіленді, бұталар отырғызылды. Қазір жаңарған кеңістік шағынаудан тұрғындарының күнделікті серуендеп, тынығатын сүйікті орнына айналып отыр.

Толық оқу

Шығыс Қазақстандағы Маралды ауылының тұрғындары ірі қараның белгісіз себеппен қырылып жатқанына алаңдаулы деп хабарлайды Ertenmedia. Ауыл халқының айтуынша, ірі қара жергілікті өзен суын ішкен соң өле бастаған. Өзеннің жоғарғы тұсында алтын өндіретін кәсіпорын орналасқан. Бағалы металл өңдейтін зауыттың құрылысы төрт жыл бұрын басталған. «ВСАМ Продакшн» ЖШС кәсіпорынды ауылдың дәл үстіндегі тау басына тұрғызған. Ашық дереккөздерге сәйкес, компанияны Айбек Әлібекұлы басқарады. Әуел баста жергілікті тұрғындар зауыттан шығатын улы зат суды бүлдіріп, ауаны ластайды және тас көшкіні болады деп қауіптенген. Кәсіпорын басшылығы өз кезегінде жоба барлық экологиялық талапқа сай, ешқандай зиян келмейді деп сендірген-тұғын. Зауытта алтынды кеннен бөліп алу үшін цианид секілді…

Толық оқу

Алматыда Justking31 лақап атымен танымал блогер Нұрбек Нұртаза заңсыз лотерея ұйымдастырғаны үшін айыппұл арқалады, деп жазады Ertenmedia.kz. Экономикалық тергеу департаментінің мәліметінше, оның парақшасында күн сайын екі қабатты үй, смартфон және ақшалай жүлде ойнатылып отырған. Қатысу үшін азаматтар «Oilan Lab» ЖШС ұсынған «оқыту курсына» 29 990 теңге төлеуге міндеттелген. Ал жеңімпаздар кездейсоқ тәсілмен, нақтырақ айтқанда «Ғажайып алаң» құрылғысы арқылы анықталған. Тергеу материалдары Сауда және спорт министрлігінің лотерея қызметін реттеу комитетіне жолданған. Нәтижесінде блогер әрекеті Әкімшілік кодекстің 445-1-бабына, яғни лотерея және лотерея қызметі туралы заңнаманы бұзу талабына қайшы деп танылған. Сот шешімімен Нұрбек Нұртазаға 300 АЕК көлемінде, яғни 1 179 600 теңге…

Толық оқу

Киевте Қазақстан мен Украина полициясының бірлескен операциясы нәтижесінде deepfake технологиясын қолданған ірі алаяқтық call-орталығы әшкереленді деп хабарлайды Ertenmedia. Қылмыстық топ өкілдері өздерін адвокат немесе мемлекеттік мекеме қызметкері ретінде таныстырып, Қазақстан, Еуроодақ пен ТМД елдерінің тұрғындарына хабарласқан. Олар жалған инвестициялық платформаларға алданып қалған азаматтарға қаржысын қайтарып береміз деген желеумен хабарласып, «сот алымдары», «комиссиялар» секілді түрлі төлемдер жасауды талап еткен, кейде тіпті жәбірленушілердің несие алуына итермелеген. Сенімді болу үшін алаяқтар deepfake технологиясын пайдаланып, жалған бейнеқоңыраулар мен жалған құжаттарды көрсеткен. Қазірдің өзінде олардың әрекетінен Қазақстан азаматтары да бар, 4,5 мыңнан астам адам зардап шеккені белгілі болды. Шығынның жалпы сомасы төрт миллион доллардан асады.…

Толық оқу
Тоқаев АҚШ

Президент Тоқаев әлемдік саясаттың ең күрделі кезеңінде Нью-Йоркке, БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясына аттанып барады деп хабарлайды Ertenmedia. Халықаралық қатынастар тығырыққа тірелген тұста, әлемдік қауымдастық ірі державалардың текетіресі мен ядролық соғыс қатерінің өсуіне алаңдаулы. Оның үстіне, бүгінгі дәстүрлі институттар жаһандық мәселелерді шешуде дәрменсіздік танытуда. Осыдан бірнеше күн бұрын халыққа жолдауында президент БҰҰ-ны түбегейлі реформалау қажеттігін атап айтқан еді. Orda порталымен ой бөліскен депутат Ерлан Саировтың пайымдауынша, Тоқаев әлемдік тәртіпті жаңаша құруға қатысты тың әрі батыл ұсыныс айтады. Пікірінше, дәл осы мәселеде Қазақстан басшысының беделі ерекге. Ол бұған дейін халықаралық дипломатияның ең жоғарғы сатыларының бірінде БҰҰ Бас хатшысының орынбасары қызметін атқарған. Халықаралық…

Толық оқу

Алматы қаласы күні қарсаңында шаһардағы №5 қалалық клиникалық аурухана базасында жаңа медициналық орталықтар ашылып, заманауи диагностикалық емдеу әдістері енгізілді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Орталықтар мыңдаған алматылыққа медициналық көмекті жылдам әрі сапалы алуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауруханада Профилактикалық скрининг орталығы жұмысын бастады. Енді тұрғындар бір сағат ішінде «бір терезе» қағидасы бойынша кешенді тексеруден өтіп, мамандардың кеңесін ала алады. Мұндай тәсіл ауруларды ерте анықтау мен денсаулықты сақтауға айтарлықтай мүмкіндік береді. Диспансерлік науқастарға ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда созылмалы ауруларды басқару орталығы ашылды. Онда телемедицина технологиялары қолданылып, пациенттердің денсаулығын қашықтан бақылауға және үйден шықпай тексеруден өтуге жағдай…

Толық оқу

Алдағы үш жыл ішінде Алматы облысында 110 гектар жерге алма ағашы отырғызылып, әйгілі апорт сорты қайта жаңғыртылмақ. Бұл бастама Мемлекет басшысының апорт алмасын жандандыру жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асуда. Аталған жоспар Талғар ауданында өткен дәстүрлі «Бақ күні» шарасында жария етілді. Ұлттық ғылым академиясының ұйымдастыруымен өткен форумда бағбандар мен ғалымдар жеміс ағаштарын көбейту, жаңа сұрыптарды енгізу, сондай-ақ заманауи агротехнологияларды пайдалану бағытында пікір алмасты. Шара ғылым, мемлекет пен бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды. Тыныбай Шынтасов, шаруа қожалығының жетекшісі:«Қазақстандағы селекцияның жағдайы, инновацияның жағдайы сәл де болса өзгеріс бар. Оған шүкіршілік айтамыз. Бірақ мына подвой деген дүниеде біз өңкей ескі подвойларды пайдаланып жатырмыз».…

Толық оқу

Түркістан өңірінде биылғы «Жұмысшы мамандықтар жылы» нақты мазмұнға ие болып, жастарға жаңа мүмкіндіктер ашып келеді. Бұрыннан қалыптасқан түсінік бойынша қол еңбегі – екінші кезектегі кәсіп секілді көрінетін. Ал қазір заман өзгеріп, еңбек адамының мәртебесі қайта жаңғырып жатыр. Өйткені елдің экономикасын алға сүйреп отырған да, жаңа өндірістерді іске қосып жатқан да осы мамандар. Түркістан облысында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар мұның айқын дәлелі, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Жұмысшы мамандықтарының қадірін арттыру үшін оқу орындары мен өндіріс ошақтары тығыз байланыс орнатып отыр. Мәселен, Еңбек мобильділігі орталығы мен Мансап орталығы ұйымдастырған шара аясында Түркістандағы көпсалалы колледждердің…

Толық оқу

 Қазақстан Дүниежүзілік пошта одағының Пошталық операциялар кеңесіне мүше болып сайланды. Дубайда өткен 28-ші Конгресс аясындағы сайлауда еліміз 110 дауыс жинап, Шығыс Еуропа мен Солтүстік Азия өңірінен кеңеске енген алты мемлекеттің қатарына кірді. Бұл қатарда Польша, Сербия, Украина, Болгария және Әзербайжан бар. Мұндай шешім Қазақстанның халықаралық беделіне деген сенімнің айқын көрінісі болып отыр. Пошталық операциялар кеңесі – жаһандық пошта жүйесінің жүрегі. Ол электронды сауданың трансшекаралық ағымын дамытуға, пошта логистикасын цифрландыруға, жаңа стандарттар енгізуге және қызмет сапасын арттыруға жауапты. Қазақстанның осы алаңға қосылуы еліміздің тек қана аймақтық деңгейде емес, жаһандық деңгейдегі ойыншыға айналып келе жатқанын аңғартады. Бүгінгі таңда электронды сауда шекарасыз жүріп…

Толық оқу

Қызылорда облысында ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік кеңсесі ашылады. Мұндай шешім Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, БҰҰ өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан  басшыларының қатысуымен өткен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды. Қатысушылар экологиялық өзгерістердің ауқымын және олардың адам денсаулығына, климатқа және биоәртүрлілікке әсерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша мынадай бірқатар маңызды шешімдер қабылданды: -Қызылордада ДДҰ-ның Арал теңізі мәселелері жөніндегі өңірлік офисін ашу; -мемлекетаралық деңгейдегі іс-қимылдардың жол картасын дайындау және бекіту; -2026 жылы ДДҰ сәуір саммитіне Арал бойынша Қарар шығару. Арал теңізі проблемасы ХХ ғасырдағы ең ірі экологиялық дағдарыстардың бірі ретінде танылды, оның салдарын Арал маңындағы тұрғындар сезінуде. Ондаған жылдар бойы өңір шөлейттенуге, топырақтың деградациясына,…

Толық оқу