Автор: Асылхан Бөрібай

Тәуелсіздік күніне орай

Тәуелсіздік күніне орай Жетісуда денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында жалпы саны 5 жаңа нысан ашылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Атап айтқанда, Қаратал ауданының Ортатөбе және Қанабек ауылдарында фельдшерлік-акушерлік пункт, Тастөбе ауылында мәдениет үйі, Қаражиде ауылында спорт кешені ашылды. Мұндай нысандар аталған елді мекендерде бұған дейін болмаған. Сондықтан жаңа ғимараттардың ашылуы тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған игі қадамдардың бірі деуге болады. Бұл қуанышты жаңалыққа орай ауыл тұрғындары пікір білдірді. – Ауылымызда фельдшерлік-акушерлік пункттің ашылғанына өте қуаныштымын. Бұрын толыққанды ем алу үшін көрші ауылға баруға мәжбүр болатынбыз. Өйткені бізде ескі ғимаратта отырған медициналық пункт қана болды. Енді қажетті сапалы медициналық көмекті…

Толық оқу
ҚазТАГ агенттігі мен Freedom Finance арасындағы жанжал

Қаржылық алаяқтыққа қатысты сериалы материалдар жариялаған ҚазТАГ агенттігі мен Freedom Finance арасындағы жанжал құқықтық арнаға ойысты, деп жазады Ertenmedia.kz Компания өзі туралы биылғы жылдың наурызынан бастап «қаржылық афераға» қатысты материалдардың шындыққа жанаспайтынын алға тартып, агенттік үстінен арыз түсірген. Freedom Holding Corp компаниясының иесі Тимур Турлов екі арадағы жанжалға түсініктеме бере келе: «Әркімнің пікір айту құқығы бар. Бірақ шындыққа жанаспайтын факті айтылса, бұл жала. Біз барлық дәлел мен құжатты жинауға тырыстық. Заң аясында әрекет еткіміз келеді. Ақпараттық кеңістікті манипуляциялау бизнеске кері әсер етеді. Медиа арқылы есеп айырысу біздің элитаның көп бөлігі үшін жаман әдетке айналған», – деген еді. Осылайша ҚазТАГ-тың бас…

Толық оқу
Инвестиция тарту

Түркістан облысы экономикасының негізгі драйверлері инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы салалардағы жұмыстар мен жоспарлар талқыланды, деп жазады Ertenmedia.kz. Инвестиция игілігі Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшыларының есептерін тыңдап, оларға және аудан, қала әкімдеріне осы салалардағы индикаторларды толық орындап, жұмысты жандандыруды тапсырды. – Біздің мақсатымыз облысты өзін-өзі қамтитын өңірге айналдыру. Ол үшін өндіріс орындарын көбейтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу керек. Инвестиция тарту жұмыстары тұрақты әрі сапалы атқарылуы қажет. Индикаторды орындамаған басшылардың жауапкершілігі қаралады, – деді Нұралхан Көшеров. Мәжілісте Өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Шонбасовтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, …

Толық оқу
Алматы облысы өсім траекториясы

2025 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысына сәйкес Алматы облысында экономиканың бірнеше бағыты бойынша қара үзіп алға шықты, деп жазады Ertenmedia.kz. Ең алдымен өңдеу өнеркәсібінің индексі 110,2 деңгейінде, яғни өндірістің нақты көлемі өткен жылға қарағанда шамамен 10 пайызға артқан. Құрылыс саласы 120,2 индекске ие болды Қазір облыста құрылыс қарқыны жоғары, мердігерлік жұмыс көбейген, инфрақұрылымға сұраныс жоғары. Тұрғын үйді іске қосу көрсеткіші 114,0, сауда 114,3. Осы екі көрсеткіш халықтың күнделікті өмірі қозғалыста екенін аңғартады. Бүгінде өңірде үй салынып алынып жатыр. Дүкеннің айналымы жүріп тұр десек болады. Осы көрсеткіштердің ішінде ең назар аударатын тұсы жеке инвестицияның индексі 122,0 деңгейіне шыққанын айрықша атап айтуға болады.…

Толық оқу
салық декларациясын толтыру

Қазақстанда шағын бизнес үшін салық декларациясын автоматты түрде алдын ала толтыру жүйесі енгізілмек, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов үкіметтегі баспасөз мәслихатында жаңа жүйенің артықшылығын түсіндірді. Жаңартылған Салық кодексі аясында туар жылдан бастап шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін декларацияның алдын ала толтырылған үлгілері қолжетімді болады. Әзірге пилоттық нұсқада іске қосылатын жоба алдағы уақытта барлық бизнес өкілдерін қамтуы мүмкін. «Автоматты декларация кәсіпкерлердің қалауы емес, уақыт талабы. Цифрлық технология барлық салаға енді. Жаңа Салық кодексі бойынша шағын бизнеске келесі жылдан бастап алдын ала толтырылған декларациялар ұсынылады. Кейінірек аясы кеңейтіледі», – деді вице-министр. Ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін салық органдарына есептік құжат мен ішкі…

Толық оқу
жеке тұлғалардың мобильді аударымын бақылау

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жеке тұлғалардың мобильді аударымын бақылау тәртібі қандай болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, аударымға салықтық бақылау тек 3 нақты критерий бір мезгілде орындалған жағдайда ғана жүргізіледі. Атап айтқанда, жеке тұлғаның шотына 3 ай қатарынан 100-ден аса адамнан аударым түсуі және жалпы сомасы 1 млн теңгеден асуы тиіс. Осы үш талап қатар орындалған жағдайда ғана екінші деңгейлі банктер ақпаратты Мемлекеттік кірістер органдарына жөнелтеді. «Банктер салықтық бақылау мақсатында осындай деректерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсынады. Бірақ жеке тұлғаның шотын ешкім автоматты түрде бұғаттамайды. Кірістер органдары хабарлама жіберіп, мән-жайды анықтайды. Мысалы, ол адам кәсіпкерлікпен айналыса ма, әлде қайырымдылық шарасы…

Толық оқу
инфляцияны тежеу үшін

Қазақстанда инфляцияны тежеу үшін әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерінің тізімі кеңейтіледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Үкіметтің 17 желтоқсандағы отырысында премьер-министр Олжас Бектенов осындай тапсырма берді. Үкімет басшысының айтуынша, соңғы екі айда елдегі инфляция деңгейі 12,4%-ға дейін төмендегенімен, өңірлерде азық-түлік бағасының шарықтауынан кері динамика байқалып отыр. «Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының уақытша кеңейтілген тізімін жедел әзірлеп, бекітуі керек. Мұндай шара өнімдердің басым бөлігінің бағасын реттеуге мүмкіндік береді. Әсіресе ет пен ет өнімдерінің қымбаттауы жалпы инфляцияға айтарлықтай қысым көрсетіп отыр. Осы ретте Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері және әкімдіктер бағаны тұрақтандыру бойынша арнайы жұмыс жүргізуі қажет», – деді премьер-министр. Олжас Бектенов елорда тәжірибесін…

Толық оқу
Қазақстанмен Өзбекстанның экспортына талдау жасады

«Середина» подкастында өзбекстандық экономист Юлий Юсупов Қазақстан мен Өзбекстанның өндірістік әлеуетін салыстырып, экспорт құрылымындағы айырманы атап өтті, деп жазады Ertenmedia.kz. Оның айтуынша, көрші елдің халқы екі есе көп болса да, Қазақстаннан сыртқа шығатын дайын өнім көлемі жоғары деңгейде сақталып отыр. Экономист экспорттағы айырма тек статистика үшін қажет дерек емес екенін, ол экономиканың қалай жұмыс істейтінін көрсететін айна екенін меңзеді. Юсупов Қазақстанда табиғи ресурс қоры мол екенін еске салды. Соның салдарынан экспортта шикізат үлесі де жоғары болып қалыптасқан. Дегенмен, осындай жағдайда да қазақстандық кәсіпорындар бірнеше бағытта дайын өнім шығарып, сыртқы нарыққа жеткізетінін тілге тиек еткен. Экономист «голланд дерті» ұғымын да атап…

Толық оқу
компания шағымына сүйен

KazTAG редакциясы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жеке компания өкілінің жазбаша өтініші негізінде басталды, деп жазады Ertenmedia.kz. Өтініште редакция бірнеше рет көрінеу жалған ақпарат таратты, соның салдарынан компанияның іскерлік мүддесіне және беделіне елеулі зиян келді деген уәж айтылған. Құқық қорғау органы бас редактордың «тергеу басталғаны туралы кеш хабарланды» деген сөзін шындыққа сай келмейді деп отыр. Олардың түсіндіруінше, адамдар тергеу әрекеттеріне процессуалдық қажеттілік туған кезде ғана шақырылады. Алғашқы кезеңде тергеу жұмыстары арызданушы тараптың қатысуымен жүргізілген, бастапқы материалдар жиналған, тиісті сараптамалар тағайындалып, өткізілген. Процессуалдық және сараптамалық деректер алынғаннан кейін ғана тергеу құқықтық баға берілетін тұлғаларды сұрау кезеңіне өткен. Сонымен қатар бас редактор…

Толық оқу
Тоқаев

Алдағы күндері Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапар жасайды, деп жазады Ertenmedia.kz. Ақорда таратқан ақпаратқа сәйкес, сапар 18-20 желтоқсан күндеріне жоспарланған. Күн тәртібіде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жапония Императоры Нарухитомен, Премьер министр Санаэ Такаичимен және елдің іскерлік орта өкілдерімен кездеседі. Мұндай форматта саясат пен экономика қатар жүреді, бір жағында дипломатиялық байланыс, екінші жағында нақты жобалар мен инвестиция жайы тұрады. Сапардың тағы бір өзегі бар. Президент «Орталық Азия – Жапония» саммитіне қатысады. Жапония және Орталық Азияның бес елі бір алаңда бас қосады. Мұндай кездесулер әдетте аймақтық қауіпсіздік, тұрақты экономикалық даму, инфрақұрылым, логистика, технология, сондай ақ ортақ бастамаларды ілгерілету сияқты…

Толық оқу