Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин QOGAM арнасына берген сұхбатында Ұлттық құрылтайдың мән-маңызы мен ерекшелігі турасында айтып, қоғамда жиі талқыланатын кейбір мәселелерге қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ErtenMedia. Ерлан Қариннің сөзінше, Ұлттық құрылтай бір күндік отырыспен бітетін жұмыс емес, пленарлық отырыстан кейін де көтерілген мәселелерді жүзеге асыру бойынша жұмыстар қолға алынады. «Ұлттық құрылтайдың ерекшелігі сол – белгілі бір мерзім ішінде, қандай жағдай болмасын орындау керек деген түсінік жоқ. Әрдайым әріптестеріме де ескертіп отырамын. Нақты мерзім ішінде орындау – басты мақсат емес, ең маңыздысы – оны сапалы орындау. Егер қандай да бір мәселені тереңірек қарастыру қажет болса, оны жан-жақты зерттеу керек. Ал…
Автор: editor
Солтүстік Қазақстан облысында тасқын кезеңінде «Біртұтас дрон инфрақұрылымы» жобасы іске қосылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл жоба Президенттің тапсырмасы бойынша жүзеге асты. Аталмыш жоба өңірге жұмыс сапары кезінде Премьер-Министр Олжас Бектеновке таныстырылды. Бүгін жобаның жүзеге асуымен Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов СҚО әкімдігі жанындағы жаңа ситуациялық орталықта танысты. Бұл «Қазақтелеком» мен СҚО әкімдігінің бірлескен жобасы. Дрондар арқылы тасқын жағдайы тәулік бойы, нақты уақыт режимінде бақыланады. Барлығы 8 дрон су тасқыны қаупі жоғары аймақтарды әуеден бақылауда: Шағалалы өзені, Тайынша қаласы; Тоқсан би, Мүсірепов ауданы; Сергеев су қоймасы; Покровка, Есіл ауданы; Новоникольское көпірі; Тепличное және Прибрежное; Большая Малышка;…
2018 жылдан бері жұмысы тұралап қалған Бейнеу астық терминалы қайта іске қосылды. Терминалдың ашылу салтанатына Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Halyk қорының басшылары мен аудан ақсақалдары қатысты, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Бұл маңызды инфрақұрылымдық жобаның иесі — “Еуразия Транс Логистик» ЖШС. Маңғыстау облысының әкімдігі «Halyk» қорынан қаржы алып, «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесе отырып, астық терминалының қайта іске қосылуын қамтамасыз етті. Жоба өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға септігін тигізеді. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы аясында терминалды қалпына келтірудің маңыздылығын атап өткен болатын. Бейнеу астық терминалының қайта іске қосылуы – өңір дамуы үшін стратегиялық маңызды қадам болып…
Олжас Бектенов Xinjiang Lihua басшысы Чжан Цихаймен құны 200 млрд теңгеден астам мақта-тоқыма кластерін құру мәселесін талқылады, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Xinjiang Lihua (Group) Co., Ltd компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Чжан Цихаймен кездесті. Түркістан облысындағы TURAN арнайы экономикалық аймағында мақта-тоқыма кластерін құру жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру барысы қаралды. Жоба мақта өсіруден бастап иірілген жіп, мата, киім түріндегі басқа да дайын тоқыма өнімдерін шығаруға дейін өндірістің толық циклін, яғни, мақта агроөнеркәсібі кешенін қалыптастыруға бағытталған. Егіс алқаптарына 50 мың гектардан астам жер бөлінді, 10 зауыт салу жоспарланып отыр, оның ішінде 4-еуі егіс алқаптарына жақын мақта өңдеу…
Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту белсенді түрде жүргізілуде, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz қалалық энергетика және сумен жабдықтау басқармасына сілтеме жасап. 2025 жылы 260 км жаңа желі салынып, 87 км желі жаңғырту жоспарланған. Өткен жылдың 9 айында 219 км жаңа сумен қамту және су бұру желілері салынса, 29,3 км қолданыстағы желілер жаңғыртылған. Сондай-ақ, 2025 жылы 123 км электрмен жабдықтау желілері реконструкциядан өтеді. Бұған қоса, Алматы қаласының электр желілерін 2030 жылға дейін және 2040 жылға дейінгі перспективамен дамыту схемасы әзірленген. 2024 жылы сапалы жылумен қамтамасыз ету үшін қалада 20 км желі жаңартылды. Қазіргі жылыту маусымы қалыпты режимде, ешқандай іркіліссіз өтуде. Жалпы, 404 білім беру нысаны,…
Қазақстан-Америка Еркін Университетінде «Заң және тәртіп» қағидасын іске асыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күреске арналған оқу сот процесі ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Іс-шараға «Құқық» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты. «Құқық және халықаралық қатынастар» кафедрасының болашақ заңгерлері өздерінің қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығы бойынша білімдерін тәжірибе жүзінде сынап, сот процесін жүргізу машықтарын жетілдірді. Оқытушылар қатысушылардың жоғары дайындық деңгейін атап өтті. – Мұндай іс-шаралар студенттерге тек білімдерін тереңдетіп қана қоймай, өздеріне деген сенімділікті арттыруға да көмектеседі. Олар нақты құқық нормаларымен жұмыс істеуді үйренеді, бұл болашақ заңгерлер үшін таптырмас…
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Жалағаш ауданынына жұмыс сапары барысында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылу рәсіміне қатысты. Рәсімде Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары, аудан тұрғындары болды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Аймақ басшысы жалағаштықтарды Ұлыстың ұлы күнімен және жаңа нысанның ашылуымен құттықтады. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге, құрылыс, спорт салаларындағы жаңалықтарға тоқталды. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұқаралық спортты дамыту арқылы біз кәсіби спортқа жол ашамыз және ең бастысы, ұлт саулығын жақсартамыз» деген болатын. Тұрғындар спортты өмір салтына айналдыру үшін осындай кешендер қолжетімді болуы керек. Ал спорт адамның денсаулығын, күш-жігерін шыңдайды.…
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақфильмге» қатысты қауесетке жауап берді, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz. «Кейінгі уақытта «Қазақфильм» киностудиясы қоғамда қызу талқыға түсіп, түрлі қауесеттер мен жорамалдар айтылып жатыр. Жұртшылықтың «Қазақфильмнің» тағдырына осынша алаңдаушылық білдіріп отырғаны қуантады. Сондықтан қоғамдағы осы алаңдаушылыққа себеп болып отырған мәселелерге қатысты түсініктеме беруді жөн деп санаймын», — деді министр. Аида Балаева ақпарат таратқанда тек фактілерге сүйенуге кеңес берді. Министр «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ екенін, ал оны елемеу тиісті заң аясында жауапкершілікке әкеліп соғатынын да еске салды. Ел арасында біраз уақыттан бері «Қазақфильм» жері сатылуы жөніндегі ақпарат айтылып жүр. «Бұл мәселе төңірегіндегі негізсіз қауесет біржола тоқтатылуға…
Түркістан қаласына «Ерекше мәртебе» туралы Заңда қолөнершілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Осы Заң аясында Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ақпан айында Түркістанға «World Craft Council» халықаралық ұйымының мүшелері мен Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті, аймақ бойынша сарапшылар – Үндістаннан, Түркиядан, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағынан арнайы сапармен келіп, қала мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болған болатын. Сарапшылармен келіссөз барысында қала әкімі Түркістан қаласының «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуына ниет білдіріп, өтінім жолданған болатын. Нәтижесінде, кеше Түркістан қаласы ресми түрде «Қолөнершілер…
Алматыда әл-Фараби даңғылының бөлу жолағы бойына 300-ге жуық жаңа ағаш отырғызылды – қаладағы басты магистральдің бірін 292 ірі шегіршін мен шаған ағашы сәндендірді. Бұл туралы Экология және қоршаған орта басқармасы мәлім етті, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Ағаштардың биіктігі – кемінде алты метр. Олар жергілікті тәлімбақтарда өсірілген және мегаполистің климаттық жағдайына бейімделген. Мамандардың айтуынша, бұл ағаш түрлері кездейсоқ таңдалмаған: шегіршін мен шаған ауаның ластануына, температураның ауытқуына төзімді әрі ауаны тиімді тазарта алады. «Бұл ағаштар жол бойында жайлы жасыл аймақ қалыптастырып қана қоймай, көлік қозғалысынан болатын ластану деңгейін төмендетуге көмектеседі. Дұрыс күтім жасалса, тез бейімделіп, қаланың ландшафттық маңызды бөлігіне айналады», – деді «Ботаника…