Автор: Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай

Асылхан Бөрібай - Ertenmedia.kz сайтының шеф-редакторы. Редакцияның күнделікті ақпараттық бағытын үйлестіріп, саясат, экономика, қоғам және резонанс тақырыптарындағы материалдардың сапасы мен мазмұндық дәлдігіне жауап береді.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды «Барлық» базары маңындағы бірқатар маңызды инфрақұрылым жобаларымен танысты. Қалада көлік жүйесін жаңарту мен инженерлік желіні күшейту жұмыстары жалғасып жатыр. Әкімнің назарындағы ең ірі жобалардың бірі метроның бірінші желісін әрі қарай дамытуға қатысты құрылыс, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  Жоспар бойынша «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аймақта ұзындығы шамамен 5,3 шақырымдық жаңа тоннельдер салынады. Сол жол бойында үш жаңа метро станциясы ашылмақ. Бұл бағыт іске қосылғанда батыс аймақтардың қала орталығына қатынауы әлдеқайда жеңілдейді. «Барлық» базары аумағында үлкен көлік торабы салынатыны да айтылды. Онда метро станциясы, қалааралық автобекет, жеңіл рельсті көліктің аялдамасы…

Толық оқу

3-9 қыркүйек күндері Қырғыз Республикасының Чолпон-Ата қаласында жоғары оқу орындары студенттері арасында III Түркі универсиадасы өтті,деп жазады Ertenmedia.kz. Универсиадаға Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің студент-спортшылары қатысты. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы, Әзербайжан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Түркия Республикасы және Өзбекстан Республикасы спортшылары. Жарыс волейбол, футзал, үстел теннисі, шахмат, дзюдо, еркін күрес және грек-рим күресі сияқты 7 спорт түрі бойынша өтеді. III Түркі универсиадасына барлығы 5 елден 450 делегат қатысса, Қазақстан құрамасын 15 жоғары оқу орнынан келген 66 спортшы таныстырды. Олар барлық 7 спорт түрінен бақ сынады. Жарыс қорытындысы бойынша қазақстандық студенттер 8 алтын, 4 күміс және 11 қола, жалпы саны 23 медаль иеленді.…

Толық оқу
Асылов Жолдау Тоқаев

Берік Асыловтың Сингапурда өткен халықаралық прокурорлар жиынына барып, Тоқаев Жолдауына қатыспауының астарында салмақты себеп жатыр деп жазады Ertenmedia. Жиын барысында екі ел арасында қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімге (MLAT) қол қойылды. Бұл Орта Азия елдерінің ішінде Сингапурмен жасалған алғашқы құжат. Оның ерекшелігі күдікті активтерді бұғаттау, тәркілеу, дәлелдерді жинау және активтерді елге қайтаруға тікелей құқықтық мүмкіндік беруінде. Біздіңше Бас прокурорға Жолдау мен Сингапурдың арасында таңдау жасауға тура келген. Құқықтық тұрғыдан Сингапурмен келісімге қол қою Астанаға шетелге шығарылған заңсыз активтерді қайтаруға мүмкіндік береді. Бұған дейін сингапурлық құқық қорғау органдары Қазақстаннан келетін қаржылық сұрауларға жауап қатпауға толық құқылы еді. Мәселен,…

Толық оқу

Қарағандыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын талқылауға арналған облыстық жиын отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың басшылары, депутаттар, ардагерлер, құрметті азаматтар және қоғам қайраткерлері қатысты. Қалалар мен аудандар онлайн режимінде қосылды. Кеңестің негізгі мақсаты – Жолдауда айқындалған міндеттерді Қарағанды облысында жүзеге асыру жолдарын талқылау. Президент жолдауында ел дамуының стратегиялық бағыттары нақтыланды. Атап айтқанда, цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу, әлеуметтік тұрақтылықты нығайту мәселелері көтерілді. Жиын барысында сөз алған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Президенттің «бүгінгі дәуірдегі біздің басты байлығымыз – мұнай емес, білім мен интеллект» деген сөзін негізге ала…

Толық оқу

Қазақстанда валюта бағамын көрсететін сыртқы электронды таблоларға қойылған тыйым жаңа емес, ол 2025 жылғы 9 қыркүйектен бері күшінде, деп жазады Ertenmedia.kz. Ұлттық банк басқармасының 2025 жылғы 23 маусымдағы №34 қаулысына сай, айырбастау бағамы жазылған ақпараттық стенд енді айырбастау пунктінің сыртында орналаспауға тиіс. Жаңа талап бойынша бағам көрсеткіші тек айырбастау пунктінің ішінде немесе касса маңында тұрады. Оны ғимараттың қасбетіне, төбесіне, сыртқы қабырғасына, көшедегі стационарлық не жылжымалы тірекке ілуге болмайды. Ақпарат сырттан көзге анық көрініп тұрмауы керек. Тек бірнеше орынға ғана жеңілдік берілген. Атап айтқанда, көпфункциялы ғимараттардағы, соның ішінде бизнес орталықтарындағы айырбастау пункттері, теміржол вокзалдары, казино, халықаралық әуежай ішіндегі пункттер және мемлекеттік…

Толық оқу

Қазақстанда зейнетақы қорынан стоматологиялық емдеуге арналған жалған схемамен 200 миллиард теңге жымқырылған,деп жазады Ertenmedia.kz. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Елиманов баяндады деп хабарлайды Ertenmedia. Агенттік басшысы президентке көлеңкелі қаржымен күрестің аралық нәтижесін таныстырды. Елимановтың айтуынша, осы уақытқа дейін жалған компаниялар арқылы 24 млрд теңгеден астам қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сонымен қатар, 20 заңсыз криптобиржа жабылып, Darknet-тегі 200-ден астам есірткі сататын дүкенге қызмет көрсеткен ірі платформа анықталды. Қазірдің өзінде жалпы көлемі 9,7 млн доллар виртуалды активтер бұғатталған. Агенттік, бұдан бөлек, 17,1 млрд теңге болатын мұнай өнімдерінің заңсыз экспортын тоқтатып, 164 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз жұмсаудың…

Толық оқу

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында «Барлық» базары орналасқан аумақтағы негізгі инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын көрді. Бұл жобалар қаланың көлік және инженерлік жүйесін дамытуға бағытталған,деп жазады Ertenmedia.kz. Әкім метрополитеннің бірінші желісінің үшінші кезегіне қатысты жобаға тоқталды. Ол «Қалқаман» станциясынан «Барлық» базарына дейінгі аралықты қамтиды. Жоспарға сәйкес, ұзындығы 5,3 шақырымдық тоннельдер қазылып, үш станция салынбақ. Сонымен қатар «Барлық» базары аумағында бірыңғай көлік-айырбас торабы (хаб) жасалады. Болашақ хаб құрамына метро станциясы, қалааралық автобекет, жеңіл рельсті көлік станциясы және автотұрақ кіреді. Жоба Алматының шет аймақтарын орталықпен байланыстырып, тұрғындардың барынша ыңғайлы қоғамдық көлікпен қатынауына мүмкіндік береді. Сапар барысында Дархан Сатыбалды жер асты су…

Толық оқу

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин елге инвестиция тартудың ауқымды бағдарламасы іске қосылатынын мәлімдеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 5 триллион теңгеден асатын жобалар жоспарланған. Бұған қоса, жоғары технологиялық салаларға кемінде 1 миллиард доллар бағытталмақ деп хабарлайды Ertenmedia. Министрдің айтуынша, негізгі қаржыны коммерциялық банктер бөледі. Бірақ қажет болған жағдайда Ұлттық қордың қаражаты да қосымша тартылуы мүмкін. «Жобаға инвесторларды іздеу, талдау және келіссөздерді жүргізу міндеті «Бәйтерек» холдингіне жүктеледі. Ал Ұлттық банкпен бірлесіп, жоғары технологиялық салаларға инвестиция құюдың арнайы бағдарламасы әзірленбек. Оның көлемі 1 миллиард долларға дейін жетеді. Бұл бағдарламаға Ұлттық қор мен екінші деңгейдегі банктердің қаражатын тарту жоспарлануда», – деді Жұманғарин…

Толық оқу

Еуроодақ Ресейге қарсы жаңа санкциялардың 19-шы пакетін әзірлеп жатыр. Бірақ бұл жолы санкциялардың салқыны Орта Азияға да тиюі мүмкін, деп хабарлайды Ertenmedia. Reuters дерегінше, жаңа санкция тізіміне Орталық Азиядағы екі мемлекеттің бірнеше банкі ілінуі ықтимал. Аталған елдердің және нақты банктердің аты әзірге жария етілмеді. Қыркүйектің 8-9 күндері ЕО-ның санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан Вашингтонда америкалық әріптестерімен келіссөз өткізуде. Мұнда санкциялардың егжей-тегжейі талқыланып, ортақ ұстаным пысықталмақ. Еуроодақ Кеңесінің басшысы Антониу Кошта санкциялардың АҚШ-пен тығыз үйлесімде қабылданатынын атап өтті. Оның айтуынша, жыл басында Трамптың Путинмен бөлек келіссөз жүргізуі еуропалық саясаткерлерді алаңдатқан. Ендігі жерде Вашингтон мен Брюссель Ресейге қатысты бірыңғай саясат ұстануға…

Толық оқу
виза Кремль

Ресей азаматтарына АҚШ визасын алу қиындай түсті. Бұдан былай туристік, оқу немесе жұмыс визасына үміткерлер сұхбаттасудан өту үшін Варшава немесе Астанаға баруға мәжбүр деп хабарлайды Ertenmedia. Американың Мем.департаменті визалық өтініштерді қарастыру тәртібін жаңартты. Енді Ресей, Беларусь, Ауғанстан және Солтүстік Корея сияқты 16 елдің азаматы өз елінде орналасқан АҚШ дипломатиялық өкілдігінен визалық қызметті ала алмайды. Аталған елдердің тұрғындары визалық сұхбаттан өту үшін басқа мемлекетке баруы тиіс. 2021 жылдың мамырынан бастап Мәскеудегі АҚШ елшілігі Кремль енгізген шектеудің салдарынан дипломатиялық емес визаларды рәсімдеуді тоқтатқан еді. Сол кезден бастап ресейліктер Еуропадағы немесе Орта Азиядағы елдерге барып, виза алуға мәжбүр болды. Бұған дейін олар кез…

Толық оқу