Әзербайжан билігі Ресейдің «Солтүстік-Оңтүстік» жобасына қатысудан түбегейлі бас тартты, деп жазады Ertenmedia.kz. Жобаның мәні Ресей газын Әзербайжан аумағы арқылы Иранға, одан ары Парсы шығанағы мен Үндістанға жеткізу болатын. Мәскеу осы транзит арқылы жылына 50 миллиард текше метр газ айдап, Ресей бюджетін $30 миллиардқа толықтырмақ еді. Алайда Баку мұндай схемаға жол бермейді. Себебі бұл БҰҰ енгізген Иранға қатысты халықаралық санкцияларды айналып өтуге тікелей жол ашар еді. Әзербайжан билігінің ұстанымы анық, халықаралық ережелерді айналып өтіп, Ресейдің көлеңкелі логистикасына жол ашпайды. Осылайша Баку екінші санкциялық тәуекелден бас тартып отыр. Сонымен қатар Ирандағы ресейлік газ хабы туралы ақпараттар да жалған болып шықты. Ресей мен…
Автор: Асылхан Бөрібай
Іле ауданында заманауи қойма кешені іске қосылды. Бұл нысан тек жергілікті экономиканың дамуына ғана емес, бүкіл Алматы облысының өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға да ықпал етпек, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Damu Logistics аумағында, Байсерке ауылында салынған нысанның салтанатты ашылуына аудан әкімі Қайыржан Жақсымбетов қатысты. – Халықаралық стандарттарға сәйкес салынған «А» санатындағы жаңа кешеннің жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Оның жұмысы жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірістік қуаттылықты ұлғайтуға және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді, – деді аудан әкімі. Қойма автокөлік қосалқы бөлшектерін Қазақстан мен Орталық Азия елдеріне жеткізумен айналысатын East Motors компаниясына тиесілі.…
Қонаев қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Олардың көбі жеке компаниялардың қаржысына салынуда, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қонаев қаласының әкімі шаһарды кезекті рет аралау барысында бірқатарына кіріп шықты. Алдымен ол «Самұрық» ТҮК-ке барды. Бұл кешен 11,6 гектар жерде тұрғызылады деп жоспарлануда. Жоба 2029 жылға дейін жүзеге аспақ. Тартылатын инвестиция сомасы – 65 млрд.теңгені құрайды. Қазір құрылыстың 1-кезеңі жүріп жатыр. Мұнда жалпы аудан 160 мың шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтереді. Келесі нысан 10 шағынауданда орналасқан «NNS City» тұрғын үй кешені болды. Тапсырыс беруші – «Али-Нұр транс» ЖШС. Мұнда 21 көпқабатты…
Атырау облысында МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар саны 6 мың адамға қысқарды. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиевтің төрағалығымен өткен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөніндегі штаб отырысында айтылды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аймақта МӘМС жүйесінде 100 мыңға жуық азамат сақтандырылмаған. Сол себепті әкімдіктер мен округ әкімдеріне ауыл тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, әрбір азаматты есепке алу шараларын жүргізу тапсырылды. – «D» және «Е» санатындағы азаматтарды азайту жұмыстары жалғассын. Арнайы кесте бекітіліп, жеке кәсіпкерлер, жастар, жұмысшылар және дербес төлеушілер кезең-кезеңімен МӘМС жүйесіне тартылсын. Егер тиісті жұмыстар уақтылы орындалмаса, 17 мыңнан астам адам үшін жергілікті…
Соңғы жылдары тарихи тұлғалар туралы өтірік-шыны аралас, дәлелсіз, біржақты материалдардың күрт көбейгені байқалады. Бұрын архив пен ғылыми зерттеуге сүйеніп жазылатын дүниелер енді әлеуметтік желідегі қысқа пост пен бейнеролик деңгейінде қалып отыр. Мұндай үрдіс «блогерлік тарих» деген құбылысты қалыптастырды. Онда авторлар нақты дерекке емес, жеке көзқарасқа, естіген әңгімеге, кейде тіпті көркем қиялға сүйенеді, деп жазады Ertenmedia.kz. Мәселенің қауіпті тұсы осында. Бір тұлғаны шектен тыс дәріптеу немесе керісінше толық жоққа шығару қоғамда екіұдай пікір туғызады. ХХ ғасырда өмір сүрген қайраткерді XVIII ғасырдың өлшемімен бағалау, тарихи оқиғаларды қазіргі эмоциямен түсіндіру ғылыми тәсілге жатпайды. Бірақ мұндай тәсілдер кең таралып келеді. Себебі әлеуметтік желіде жылдамдық…
Қазақстан цифрлық нарықтағы салық тәртібін күшейтіп, бюджет кірісін айтарлықтай ұлғайта бастады, деп жазады Ertenmedia.kz. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес, шетелдік интернет-компаниялар Қазақстан бюджетіне жалпы көлемі 112 млрд теңге қосымша құн салығын төлеген. Бұл көрсеткіш соңғы жылдары енгізілген «цифрлық ҚҚС» тетігінің нақты нәтиже беріп отырғанын аңғартады. Тек 2025 жылдың өзінде шетелдік цифрлық сервистер 41,8 млрд теңге аударған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен екі есеге жуық өсім көрсетеді. Яғни онлайн сауда мен цифрлық қызметтер нарығы кеңейген сайын, бюджетке түсетін түсім де артып отыр. Салық төлеуде бірқатар ірі платформалар алдыңғы қатарға шыққан. Олардың ішінде Temu – 6,2 млрд теңге, Valve – 5,3 млрд…
Орал қаласында Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылған жаңа мектеп пайдалануға берілді. Бұл әділетті қоғам құру жолындағы нақты қадам. Себебі кезінде заңсыз жолмен шетел асқан қаражаттың бір бөлігі енді балалардың білім алатын, болашаққа жол ашатын білім ордасына айналды, – деп хабарлайды Ertenmedia.kz. Жаңа мектеп дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған №8 мектеп-лицейі. Ол 1952 жылы салынған ескі, апатты жағдайдағы ғимараттың орнына бой көтеріп отыр. Бұрынғы мектептің іргетасы сөгілгенімен, талабы таудай балалардың арманы сөнген жоқ. Енді олар үшін заманауи үлгідегі, технологиялық және педагогикалық тұрғыда толық жабдықталған, 400 орындық жаңа мектеп есігін айқара ашты. Мектеп құрылысына 2,8 миллиард теңге көлеміндегі қаражат бөлінген.…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллектті дамыту жөніндегі кеңес аясында ұйымдастырылған Digital Bridge 2025 көрмесін аралап, отандық компаниялардың инновациялық жобаларымен танысты, деп хабарлайды Ertenmedia. Көрмеде Eurasian Bank, Ustem Foundation, Freedom Bank, Yandex Qazaqstan, Kaspi, «Қазақтелеком», «Бәйтерек» холдингі мен «Қазақстан темір жолы» секілді ірі компаниялардың цифрлық шешімдері ұсынылды. Eurasian Bank басқарма төрайымы Ләззат Сатиева мемлекет басшысына банк саласындағы жасанды интеллект технологиясының тиімді тұстарын таныстырды. Оның айтуынша, банк соңғы екі жылда клиенттерді қорғау, қызметті оңтайландыру мен жекелендіру үшін инновациялық құралдарды қарқынды енгізуде. Мысалы, Ұлттық банкпен бірлесіп енгізілген антифрод-жүйе клиенттердің күмәнді транзакцияларын бірден анықтап, 307 млн теңгенің 2500-дей алаяқтық операциясын тоқтатқан. Жасанды интеллект сонымен…
Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ) Ақтау теңіз портының қуатын арттыруға 35 млн еуро бөледі, деп хабарлайды Ertenmedia. Жобаға Еуроодақ та қолдау көрсетіп, Азия-Тынық мұхиты инвестициялық қоры арқылы 10 млн еуро көлемінде грант береді. Осылайша, Каспийдің Қазақстан жағалауындағы ірі теңіз айлағын жаңғыртуға жұмсалатын қаржының жалпы сомасы 45 млн еуроны құрамақ. Инвестиция екі айлақты кеңейту мен ауа райының қолайсыздығына төзімді жаңа жүк тиегіш крандарды орнатуға бағытталған. Бұл Ақтау портында контейнер тасымалының қарқынды өсуімен байланысты. Тек биылдың өзінде контейнер айналымы былтырғымен салыстырғанда 121 пайызға артқан. Қазіргі инфрақұрылым мұндай жүкті игеруге қабілетсіз болғандықтан, портты тез арада модернизациялау қажеттілігі туындады. Жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан…
1 қазаннан бастап Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспарлы жөндеуге жабылды, деп жазады Ertenmedia.kz. Зауытты жөндеуге 1800-ден астам маман жұмылдырылмақшы. Олар реакторлар мен пештерді, резервуарлар мен құбырларды, аппараттар мен ішкі қондырғыларды толық тексеріп, қажет болса жаңасын орнатады. Мұнай өнімдерінің нарықтағы тапшылығына жол бермеу мақсатында алдын ала 37 мың тонна бензин, 30 мың тонна дизель және 6,8 мың тонна авиаотын резервке жиналған. Зауыт жөндеуде тұрған кезде де батыс аймақтарға отын жеткізу үзілмейді. Осындай жоспарлы жұмыс кезінде әрбір тонна отын мен әрбір сағат есепте тұрады. Атырау зауытының уақытша тоқтауы стратегиялық нысанның ұзақ мерзімді жұмысқа дайындық кезеңі. Технологияны жаңарту, өндіріс қауіпсіздігін арттыру – бүгінгі…










